Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3099 0 пікір 15 Қазан, 2009 сағат 05:57

«Азаттық радиосының» қазақ қызметі

http://azattyq.org/
Тақырыптық номинациясы: журналистік зерттеулер, әлем дүбірі, саясат, әлеумет
Ресурстық тілі:  қазақша
Ашылған жылы:  2008, тамыз
Бас редакторы: Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ, журналист, сыншы

Жоба туралы:

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы әділдік пен ақиқаттың жаршысы болып келе жатқан «Азаттық радиосының» қазақ тіліндегі интернеттік нұсқасының жарыққа шыққанына көп болған жоқ. Жаңартылған мультимедиялық нұсқасында былтыр ғана тұсаукесерін жасады. Алайда, осы уақытта қазақтілді интернеттен қалың ормандай оқырмандарын тауып қоймай, сөз бостандығы мен сауатты журналистика үлгілерін көрсетуде басқа БАҚ-тардан оқ бойы озып кетті. Осы себептен де болар, биыл интернет журналистика саласында әлемдегі ең мәртебелі саналатын Online Journalism Awards сыйлығының жеңімпазы атанды. Бұл да отандық БАҚ үшін үлкен мәртебе. Белгілі журналист, сыншы Амангелді ағамыздың басшылығында қазақ қызметінің ұжымы эксклюзив сұхбаттар, зерттеулер, аймақ болсын, әлем болсын, масштабына қарамай, өзекті мәселелелерді жан-жақты, терең сараптауға негізделген, бастысы бейтарап материалдарды жиі беруімен ұнамды.

0 пікір