Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2603 0 пікір 13 Қазан, 2009 сағат 09:00

Балықшы бала бақилық болды

Атыраулық Нұрсұлтан Назарбаев туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жататын.

Қала шетіндегі Дамбы ауылының тұрғыны, Елбасымен аттас бала Нұрсұлтанның арманы Жайықтан бекіре ұстау болатын. Өйткені қара уылдырыққа толы бағалы бекірені қолға түсірсе, кем дегенде екі-үш  ай қамсыз өмір сүруіне толық жетер еді.

Жазғы демалыс бойы қатар-құрбысы қызық қуып, ел кезіп жүргенде әкесіз өскен ол үйінің жанындағы өзеннен балық аулаумен күнін өткізетін. Сөйтіп қыркүйекте мектепке киіп барар киімі мен дәптер, қаламын алатын.

Өгей әкесінің қолынан пышаққа түсіп, мерт болмағанда енді бір айдан кейін ол 18-ге толып, кәмелеттік жасқа жетер еді.

Облыстық ішкі істер департаменті Назарбаевтың өлімін растағанмен, «отбасылық керіс» дегеннен өзге нақты ақпарат бере алмайтындарын білдірді.

Кеше сот- қылмыстық сараптамасынан кейін марқұмның денесі туған-туыстарына берілді. Оқиғаның «түсініксіз тұсы» да осы жерден басталады: мүрде Дамбы ауылындағы үйіне әкелінгеннен кейін діндар мұсылмандар келіп, жедел жерлеу шараларын ұйымдастырған. Әдетте дәстүрлі дін бойынша марқұмның денесін үш күннен кейін ғана жер қойнына тапсырады. Дамбы ауылындағы мұсылман жамағаттарының Нұрсұлтанның туыстарына берген жауаптары: «Ол біздікі болды» деген жалқы сөйлем ғана шектеліпті.

«Абай-ақпарт».

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 294
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 147
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 142
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 142