Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2905 0 пікір 12 Қазан, 2009 сағат 09:17

Оспан РАҚЫМБЕК. МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ТА КИНОҒА АУЫЗ САЛДЫ

Арғымақтан туған будан бар,
Күнінде көрінім жерді алғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда
Бір аяқ асқа алғысыз.

Шалкиіз жырау

.

Мұны бастаған Қорғаныс министрі Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ. Президенттің сүйікті кадрларының бірі Әділбек мырза «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын» жан. Астаналық қаржы жүйелерінің біріндегі былықтарының шеті қанша қозғалса да, бұл орнынан мызғыр емес. Тіпті, музаға қол созып, «Афалинаның қарғуы» атты фильмге сценарий жазып, киноны да бітіріп тастаған жайы бар...

Енді осы көкесінің жолын президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мәулен ӘШІМБАЕВ мырза жалғастыруға талпынуда. Жақында «Қазақфильм» киностудиясына М.Әшімбаев және Е.ТҰРСЫНОВтардың авторлығымен  Эрнест ХЕМИНГУЭЙдің «Шал мен теңіз» атты хикаятын экрандауға арналған сценарий жобасы түсіпті.

Белгілі киногер Ермек Тұрсыновты түсінуге болады. «Келін» картинасынан соң оған фильм алу мәселесі оңай емес. Президент әкімшілігін жағалап, қиыннан қиыстыруға тырысатыны белгілі. Ал осыған дейін өнерге еш талас білдірмеген, «сүйкімді шенеунік» Мәулен Әшімбаевқа не жорық?

Сөз басында атаған «Афалинаның қарғуы» фильмінде біздің Президенттің де образы бар көрінеді. Соны даярлау барысында Жақсыбеков Нұрекеңе: «осындай жері бар еді, соған актер таңдап жатырмыз» дегенде президент мырза: «өзім түсе саламын, несі бар?» деп әлек қылған деседі. НАЗАРБАЕВты «РЕЙГАН болам» деген райынан маңындағылар мақтап жатып, әрең қайтарған екен. Осы жайттан хабардар Әшімбаев Президенттің бағын және бір сынап көргісі келе ме? Тек Хемингуэйдің кейіпкері - балықшы шал мен біздің Нұрекеңді бір қайыққа қалай сыйғызбақ?

Бала - бауыр етің, кімге болса да өз ұрпағы ыстық, өз баласы жақын. Ел өнеріне еңбек сіңірген талай мықтының баласы бүгінде биік-биік жерлерде жүр. Ғалым Немат КЕЛІМБЕТОВтың Қайраты, ақын Қалижан БЕКХОЖИНнің Ерланы, жазушы Сейітжан ОМАРОВтың Жанайы, сыншы Сағат ӘШІМБАЕВтың Мәулені, тағы-тағы көптеген замандастар - ел алдында. Олардың шыққан төбесіне қызғанышпен қараудан аулақпыз, тек олардың әке атына лайық іс жасауы қандай? Осы мәселе қашанда өзекті. Қашанда нәзік һәм аса маңызды дүние. «Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ол. Сүйкімі жоқ құр масыл би, Сүйретіліп өтер сол».

Сағат Әшімбаев сексенінші жылдардың соңында қазақ телевизиясында басшылық жасады. Желтоқсан оқиғасының кадрларын сақтап қалуға септесті. «Қарыз бен парыз» атты хабар жүргізді. Ұлттың ең өзекті мәселелеріне бойлады. Ұлт зиялыларын жинап, олармен қазақтың ортақ қайғысын бірге сезінді.

Қазақтың біртуар баласы, сол арда Сағаттың ұлы Мәулен Әшімбаев мырза бүгінде сонау америка жазушысы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңізіне» секіріп әлек. Ақ жағалының өнерге ұмтылған талпынысын қолдайық делік,  (өнер жүректі жұмсартады ғой) бірақ, неге ол ЖҮСІПБЕКтің «Ақбілегі», МҰХТАРдың «Қилы заманы», ІЛИЯСтың «Қаһары», ӘБІШтің «Шыңырауы», МАҒАУИНнің «Шақан Шерісі» емес? Мәулен мырза өз ұлтының ақын-жазушысын ақтарып көрді ме екен? Зерделеп оқыды ма екен?

Әрине, Хем әкейдің «Шал мен теңізі» әлемдік әдебиеттегі теңдессіз туындылардың бірі. Ал ол Мәулен Әшімбаев пен Ермек Тұрсынов сияқты «ұлы сценаристерге» зәру болып тұр, солардың экрандауын әлем кинематографиясы тағатсыз күтуде дегенге кім сенер?

Бұл шенеуніктің кітап оқитынына күмән келтірмейміз. Әдеби туындыдан ләззат алудың өзіндік орны бар. Алайда, қолы ұзын шенеунік-оқырман атаулы әсерленген әңгімесін киноға айналдыруға талпына берсе, әдебиеттен не қалмақ? Және Хемингуэй өмірінен азды-көпті хабарымыз бар еді: ұлы жазушы өз шығармаларына түсірілген бірде бір фильмге көңілі толған емес. Американың ең аймүйізді режиссерлері кіріссе де жазушы жүрегін селт еткізе алмаған болатын.

Мемлекетшілдік әр қадамнан көрінуге керек. Ана тілін быдықтап әрең сөйлейтін Мәулен мырза өзін ұлтшылмын деп есептемес, бірақ, мемлекетшілмін дейтіні айдан анық. Ендеше, жас мемлекеттің өзіндік бейнесін жасауда әр азамат әр ісімен үлес қосуға міндетті. Рухани-идеологиялық бағыттағы ел қадамын реттеп отыратын, міндетті шенеуніктің осы бір қылығы оның мемлекетшілдігіне сын...

«ҚАЗАҚСТАН» апатлығы, №36 (276),  8-қазан, 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 363
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 193
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 203