Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2714 0 пікір 12 Қазан, 2009 сағат 04:46

Ақберен Елгезек. Нобельге қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетіне Нобель сыйлығы қажет

Өткен аптада 2009 жылдың әдебиет номинациясы бойынша Нобель сыйлығын алған қаламгердің есімі белгілі болды. Ол - ұлты румын  неміс жазушысы Герте Мюллер ханым. Abai.kz порталы атынан замандас Герте апамызды құттықтай отырып,  қаламыңыз ақ қағаздың бетінде жорғалай берсін демекпіз!

Кез келген қаламгердің әлемдік деңгейге шығып, Нобель сыйлығының лауреаты атану - басты арманы. Ауылдан үлкен қалаға әлі не жазатынын да білмей, әйтеуір үлкен әдебиетке тамшыдай болса да үлес қосамын деп келген әр жас ақын я жазушының көкейін осы арманның елесі кезіп жүретіні шындық. Көк түтініне балта іліп қоюға болатын сыраханалар мен этил спиртінің иісі мүңкіп тұратын духаналарда кеудесін соққылап «мен болашақ Нобельдің лауреатымын!» - деген айқайды Алматының ғана емес, Зимбабве мен Гвинеяның тұрғындары да талай естіген шығар. Филиппин аралдары мен Вьетнамның да, тіпті Суринамның барларынан да мұндай «мәлімдемелер» ауық-ауық естіліп жатады.

Шамасы жетпейтінін білетіндер: «Бізге мұндай сыйлық керек емес, біз онсыз да кереметпіз!» - деп қояды. Біз де кейде осы сыйлықты қазақтың қолына тегін ұстата қоятындай оны алғымыз келмейтін кейіп танытатынымыз бар.

Негізі, қазақ әдебиетіне бұл сыйлықтың қажеті жоқ деп көлгірсуді доғару керек. Бір-ақ ауыз сөз: Нобель медалі қазаққа қажет. Жаһандану аждаһасы кішкентай мәдениеттер мен әдебиеттерді тып-типыл қылып отап, жұтып қоймай тұрғанда бұл сыйлықты алуға мемлекеттік деңгейде мүдделілік таныту керек. Әрине, жазушы адамның таланты мен ойының деңгейін бұл сыйлық анықтамайды. Осы күнге дейін анықтағаны да шамалы. Десе де Нобель сыйлығы біз үшін қазақ әдебиетінің әлемдік әдебиеттер каталогындағы орынын анықтау үшін аса қажет.

Орыстарға қараңыз. Бунин мен Пастернактың, Шолохов пен Солженицыннің, олардың ізін қуалап Бродскийдің Нобель сыйлығын алғандығы әдебиет  майданында да орыстың күресі өз елінің шекарасынан шығып кеткендігін көрсетеді. Басқа жүздеген лауреаттардың көбісін біз түгілі, әлем біле бермейді. Сіз Нобель сыйлығын еврейлерге береді дейсіз, басқа ұлттың өкілі өз халқын жамандаса алады, бұны әдеби сыйлық дегеннен гөрі саяси сыйлық дегеніміз дұрыс деп уәж айтарсыз. Келісуге де келіспеуге де болады. Бірақ олардың барлығы Нобельді Орхан Памук секілді алған жоқ. Мысалы, жоғарыда аталған орыс қаламгерлерінің қайсысы орыстың қазаққа істеген зұлымдығын жазып еді. Мұндай тағдырлы тақырыпта қалам тербейтін орыс жазушысы әлі туа қойған жоқ, туса да әдебиетке келе қойған жоқ.

Батыс Еуропа мен Америка қоғамы қазір рухани құлдырау үстінде. Рухани серпіліс алу үшін еуропалықтар жапон поэзиясын қызықтап оқиды. Ал, жапон поэзиясының тылсымын сезініп, түйсіну үшін кем дегенде сауатсыз жапон болуың керек. Бұл жапондықтардың айтатыны. Себебі, жапондық дүниетанымға арналған хокку немесе хайку, танка сияқты формалар басқа мәдениет өкілдеріне (әсіресе, ғаламат поэзиясы бар қазаққа!) мағынасыз әрі ерсі көрінеді.

Ал, қазақтың поэзиясы мен прозасы ше? Қазақтың әдебиеті тұнып тұрған теңеу бен терең пәлсапа емес пе? Әлемге ғажайып дүниелерімізді көрсететін уақыт жеткен секілді. Тәуелсіз ел болдық, мемлекет құрдық дегендей...

Бізде Нобель сыйлығына кім лайық деген сұрақтың туындайтыны заңдылық. Әлемдік әріптестермен терезесі тең, өресі жоғары болмаса кем емес қаламгерлер, Құдайға шүкір бар қазақта. Мысалы Әбіш Кекілбай, Мұхтар Мағауин, Олжас Сүлейменов, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Есенғали Раушанов, Гүлнәр Салықбай... Нобель сыйлығы бақилықтарға берілсе, бұл тізімді ондаған адамға толықтыруға болар еді. Мәселе, аты аталған, аталмаса да сіз лайық деп есептейтін жазушының шығармаларын әлем тілдеріне аударып ұсынуда болып отыр. Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі осы бағытта жұмысты бірлесе бастап, керек болса, саяси технологияларды пайдаланып, қазақтың әдебиетін, ұлтымыздың сөзі мен ойын ғаламға паш етуі тиіс деп ойлаймыз. Ал бұл аса ауыр жұмыс емес секілді. Бермесе бермейді, оған өкінудің қажеті жоқ. Есесіне, қазақ әдебиетіне назар аударылады. Қазақ оқылады. Жоғары бағаланатынына шүбәңіз болмасын. Еуропалықтар  жапон кітаптарын шаң басқан сөрелерге қойып, экзотиканың көкесін біздің әдебиеттен табар еді.

Равиль Алеев деген бір айтқыш «Нобель динамитінің арқасында қаншама талант көкке көтерілді!» - деген екен.

Мен оны басқаша айтқым кеп отыр: «Қазақ әдебиетінің арқасында Нобель сыйлығының құнын көтеру керек!».

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1943
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2185
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1800
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1536