Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2286 0 пікір 12 Қазан, 2009 сағат 04:20

Бақытгүл Бабаш. ЖАҒАЛЫЛАР ДА ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ

Қыркүйекте ғана алматылық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының өкілдері үш жол полициясы қызметкерін «пара алды» деген желеумен тұтқындаған болатын. Бірақ мәселенің мәні анықтала келе, «қаржылықтардың қарекеті» заңсыз деп танылды. Арада ай өтпестен, мұндай жәйттер Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында да қайталанып отыр.   Бұл әрекет ішкі істер министрлігінің қытығына тиді ме, күні кеше Астанада өткен брифингте министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов «Бұл – провакация, - деп екпін түсіре сөйледі, - Қаржы полициясы қызметтік өкілеттілігін ІІМ қызметкерлеріне қарсы асыра пайдалануда».

Өткен сенбінің кешінде Атыраудағы жол полициясы Басқармасының әкімшілік ғимаратына баса-көктеп кірген қаржы полициясының өкілдері «30 мың теңге пара алды» деген күдікпен полиция инспекторын тұтқындау үшін жедел шара жүргізген. Облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің берген баянына қарағанда, қызметтік куәліктерін көрсетпестен, азаматтық киімде жүрген «қаржылықтар» жол полициясы қызметкері отырған дәретхананың есігін теуіп ашып, «құрбандықтарын» жерге құлатып, қолына кісен салған. Мән-жайдың ушығып бара жатқанын байқаған кезекшілер көмек шақырған. Көмекке келген жасақ пен «қаржылықтар» арасында қақтығыс орын алып, екі жол полициясы қызметкері дене жарақаттарын алуына себеп болды. Екі тараптың  «талқысы» қызып жатқан кезде, «бас себепкер» - жол полициясының қызметкері оқиға орнынан кетіп қалған. 
Мәселенің мәнін білмек боп «қарсы беттегі» қаржы полициясына хабарласқанда алған жауабымыз мынадай болды: Тергеу құпиялығына байланысты, іс бойынша толық ақпарат  берілмейді.
Жұртты қорғайды деп жүргенде өз-өздерімен жау боп жатқан жағалылардың бұл әрекеттері қаншалықты заңға сыйымды? Оны болашақта білетін боламыз.  Ал әзір ҚР ҚК 308 бабы бойынша қылмыстық іс көтеріліп жатыр.

Атырау

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1947
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2197
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1815
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1540