Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2477 0 пікір 9 Қазан, 2009 сағат 05:36

Байжан Дубай. ӘКК-лар Есеп комитетін естен тандырды

Мәсімовтың үкіметі дүниеге дабыра қылып, жарнамасын жасап баққан жобалардың тағы бірінің тоңқалаң асатын түр бар. Аймақтардың экономикалық дамуына серпін береді делінген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) мемлекетке пайда емес, залал келтіруде.

Республикалық бюджеттің орындалу барысын бақылайты Есеп комитетінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз-баянына сүйенсек, 2007-2008 жылдары «Сарыарқа», «Ертіc», «Тобыл», «Батыс», «Каспий», «Жетiсу» және «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары 6,3 млрд. Орынсыз жұмсап заң бұзыпты...

... 2007-2008 жылдары ӘКК өз қызметін тиісті орта мерзімді даму жоспарынсыз жүзеге асырды. 2007-2008 жылдардың жинақталған қаржы есептілігі бекітілмеген, қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындысы бойынша таза пайданы бөлу және акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер есептеу жүргізілмеген. Дивидендтік саясат туралы ереже әлі күнге дейін бекітілмеген...

... жұмыс істеп тұрған жеті ӘКК-нің төртеуі 2007-2008 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындысы бойынша, жалпы алғанда, 1,4 млрд. теңге, оның ішінде, «Жетiсу» ӘКК - 483,9 млн. теңге, «Каспий» ӘКК - 462,1 млн. теңге, «Тобыл» ӘКК - 269,0 млн. теңге  және «Батыс» ӘКК - 203,8 млн. теңге залалға ұшырады...

... Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласына көшіп келген 200 оралман отбасын «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етуге «Ертіс» ӘКК-ге республикалық бюджеттен 968,3 млн. теңге бөлінген, алайда жаңа мекенге көшуге ниет білдірушілердің болмауына байланысты аталған қаражат игерілмей қалған....

Сұрақ өздігінен туындайды. Бұл жобаны жасаған Үкіметтегі топ-менеджерлер ай қараған ба сонда? Қаржы полициясы қайда? Дағдарыс болса мынау қылғындырып қысып тұрған. Ілікке сеп болады деген корпорациялар басшыларының біліксіздігінен шығынға батып жатыр. Сөйте тұра қарпып қалу үшін жалақыларын жоғарылатуды ұмытпаған. 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы жалақыға жұмсалған қаражат 6 пайызға өсіп 1,1 млрд. теңгеге жеткен.

Өте өкіншті. Министрлер кабинеті міндетін мүлтіксіз атқара алмай келеді. Талай игі идея қолға алынғанымен талайсыз болды. Бітпей қалған бастама, аяқсыз қалған әңгіме көп. Тек осы желге ұшқан қаржының қазақ елінің нәпаһасы екенін естен шығарып алатындары жаман. ӘКК-лардың әлеуетіне иек артамыз дескен бағбан мен шаруаның, шағын және орта бизнес өкілдерінің, елім деп елеңдеп отырған оралмандардың үкілі үмітін Үкімет ақтай алмауда.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1906
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1985
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1667
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1511