Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2855 0 пікір 8 Қазан, 2009 сағат 05:38

Байжан Дубай. Құдайсыздар Құраннан не кінә тапты?

Дүйім елдің алдында, әлем қауымдастығының алдында тағы да ұятқа қалдық. Бұл жолы біздің билік Алланың адамзатқа сыйлаған ең ұлы кітабы  Құранның кейбір сүрелерін экстремистік бағытта деп айыптап, оқуға және таратуға тиым салды.

Бұндай сорақылық әлемде бірінші рет біздің елде,  діндер ымырасына ұйытқы боламыз деп жиын өткізетін, сол жиынға арнап пұтқана-пирамида тұрғызған, барлық діндердің еркін етек жайып, тіпті секталардың да секемсіз жұмыс істеуіне жағдай жасап беріп отырған елде болды. Қазір бұл мәселе әлемнің мұсылман қауымын елеңдетіп, олардың тарапынан айтарлықтай наразылық тудырып отыр.

Дүйім елдің алдында, әлем қауымдастығының алдында тағы да ұятқа қалдық. Бұл жолы біздің билік Алланың адамзатқа сыйлаған ең ұлы кітабы  Құранның кейбір сүрелерін экстремистік бағытта деп айыптап, оқуға және таратуға тиым салды.

Бұндай сорақылық әлемде бірінші рет біздің елде,  діндер ымырасына ұйытқы боламыз деп жиын өткізетін, сол жиынға арнап пұтқана-пирамида тұрғызған, барлық діндердің еркін етек жайып, тіпті секталардың да секемсіз жұмыс істеуіне жағдай жасап беріп отырған елде болды. Қазір бұл мәселе әлемнің мұсылман қауымын елеңдетіп, олардың тарапынан айтарлықтай наразылық тудырып отыр.

Бірқатар үнпарақ және кітаптармен бірге кейбір сүрелердің аудиожазбасына тиым салу туралы Астана қалалық сотына Бас прокуратура арызданған. Қазақшылығы «саламатсыздан» аспайтын, діншілдігі қол жаюға ғана жететін мәңгүрттердің ісі болды бұл. Олардың білімінің «биіктегені» соншама Құран сүрелері «уахабшылдықты» уағыздайтынын «анықтапты». Тиым салынған сүрелер мыналар - "Ахкаф" (Құмдар), "Мұхаммад", "Фатх" (Жеңіс), "Хұжрат" (Бөлмелер), "Кәф", "Тәбәрәк" (Билік), "Калам" (Жазу таяқшасы), "Хакка" (Ақиқат), "Мағриж" (Баспалдақтар), "Нұх", "Жын", "Мұзаммиль", "Мұддасир", "Қиямет" (Қайта тірілу), "Инсан" (Адамзат), "Мұрсалат" (Жолдау), "Әл-Бақара". Үнпарақтар және кітаптармен бірге аталған сүрелерді де Қазақстан аумағына әкелуге, таратуға тиым салынған. Демек, Құранға тиым салып отыр.

ҚМДБ болса Астана қалалық сотының шешімін тек эксремистік «Хизб-ут-тахрир» ұйымының іс-әрекетіне қарсы шара, ал сүрелерге тиым салу туралы әңгіме жоқ, аздаған техникалық қате кеткен шығар деп жуып-шайды. Алайда бұл осылайша жылы жауып қоя салуға болатын іс пе? Бұл соттың кәсіби біліксіздігін, адам тағдырын шешетін іске салдыр-салақ қарайтынын, білімі таяз екенін көрсетпей ме? Осыдан кейін біздің сот әділетті емес, жемқор дегенге қалай сенбессің! Ақиқатына бір Алла өзі куәлік еткен Құраннан құдайсыз судья не кінә тапты? Неге ол өзіне берілген билікті санасыз пайдаланып өзі өмір сүріп отырған Отанының абыройын айрандай төгіп, ел естімеген, ақылға қонымсыз, адамгершілікке жат шешім шығарады? Мұндай масқарашылыққа орын берген соң да ол солай судья болып қасқайып қарап отыра бере ме? Құдайдан қорықпайтын қазыдан халқына қайыр бар ма?! Көрсеткішке құл болған құқық қорғаушылар осындай масқарашылық жолмен халқына қызмет етпек пе? Ұят-ай! Өзге діндерді еркінсіту бәйгесінде бас жүлдені бермейтін Қазақстан ата-бабасы ұстанған өз дінін осылайша қорлауда.

Санасыз судьяның сандырағына барша мұсылман қауымы қарсылық білдіруде. Иә, ұлық дін Ислам ешқашан қантөгісті, қара пиғылды экстремизмді қолдаған емес. Ондай ағымдарға тиым салынғаны жөн. Бірақ қызды-қыздымен артымызды ашуға болмайды ғой. Сондықтан сот, прокуратура, құқық қорғау орындарын бас ал десе шаш алатын жандайшаптардан тазалау қажет. Әйтпесе, экстремизммен күрес ертегі болып қалады. Соңғы уақытта еліміздің әр өңірінде экстремистермен «байланысы» бар «террористер» тұтқындалып жатыр. Алды тіпті қой құмалағындай қорғасыннан ажал құшып сүйегі жат жерде қалды. Ақтаулық жігіттерді айтамыз. Бұған кім кінәлі? Ең алдымен көрсеткіш қуған полицейлер, көрсоқыр соттар, парақор прокурорлар мен жемқор шенеуніктер кінәлі. Олар Исламның ақиқатын білмейді, діннің бар білімнің басы екенін түсінбейді. Жастарды жат жолға жағымсыз қылықтарымен өздері итермелейді. Мселен, Құраннан кейінгі киелі кітабымыз Конституцияның өзін белден басып отырып сорақы шешім шығарған сот та өз әрекеті арқылы болашақта билікке наразы болатын діндарлардың қарасын көбейтеді. Ал біздің билік оларды бір ауыздан экстремистер деп бағалайды. Сөйтіп экстремизмнің елесін өздері қоздыруда.

Құдайсыздар Құраннан не кінә тапты екен?..

 

«Абай-ақпарат»

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1084
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 977
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 717
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 823