Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2525 0 пікір 7 Қазан, 2009 сағат 06:28

Астанаэнергосбыт сот шешімімен қайта есептеу арқылы халыққа 33 млн теңге қайтарып береді

Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – «Астанаэнергосбыт» ЖШС соттың шешімімен қайта есептеу арқылы халыққа 33 млн теңге қайтарып береді, деп хабарлады Астана бойынша табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) баспасөз қызметі.

Бұрын ТМРА департаменті сатушыларға 2006, 2007, 2008 жылдардағы жылу энергиясы үшін тұтынушылардың шығынын қайтару туралы ұйғарым шығарылған болатын. Өз кезегінде кәсіпорын аталған ұйғарымды заңсыз деп, аппеляциялық шағым берген.

Бірақ Астананың азаматтық істер жөніндегі соты шағымды қанағаттандырмай тастады.

«Бүгінгі күнге сот шешімі күшіне енуіне байланысты, «Астанаэнергосбыт» ЖШС тұтынушыларға жылу энергиясы үшін келтірген 32 860 687 теңге шығындарын қайта есептеу арқылы қайтаратын болады. Тұтынушылар аталған қайта есептеуді 2009 жылдың қазан айының есепшот-түбіртегінде көреді», - делінген қоғамдық тыңдаулар қорытындысына арналып таратылған баспасөз парақшасында.

Одан басқа, аталған ЖШС-ті қалалық прокуратурамен кешенді тексеру бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

Мысалы, «Астанаэнергосбыт» құзыретті органмен келіспей, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ –ға 29,9 млн теңгелік мүлкін банктен алған несиеге аманат ретінде тапсырған.

Одан басқа кәсіпорын бекітілген нормаларды бұза отырып тендер өткізген.

«Осыған байланысты департамент «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ін әкімшілік жауапкершілікке тартып, 4 000 айлық есептік көрсеткішке айыппұл салды, ол 5 млн 92 мың теңгені құрады. Сондай-ақ табиғи монополиялар мен реттелетін нарық туралы заңнаманың бұзылуын жою жөнінде ұйғарым шығарылды», - деп нақтылайды баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1089
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 986
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 725
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 841