Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4453 0 пікір 7 Қазан, 2009 сағат 05:51

Айдос Сарым. Ұлттық символдар һәм ұлт үшін күрес

Мәдени-тарихи ескерткіштер кез-келген мемлекеттің идеологиясының, имиджінің құрамдас бөлігі болып табылатыны дау тудырмайды. Белгілі бір тарихи ескерткіштер мен архитектуралық кешендердің бүтін бір ұлттар немесе елдердің әлем таныған символына айналып жатқанының көптеген мысалдары бар. Осының арқасында аталмыш ұлттар өздерін кеңінен насихаттап, елдеріне миллиондаған туристерді тартып жатады. Мысалы, Қытай десек, көз алдымызға Ұлы Қытай қорғаны, Франция десек - Эйфель мұнарасы, Египет десек - перғауындардың пирамидалары еске бірден сап етеді.

Ал біздің еліміздің, ұлтымыздың осындай символы бар ма? Өзімізді әлемге паш ету қандай нышанды ұсына аламыз? Осы сұрақтарға жауап беру үшін жақында «Стратегия» талдау орталығы еліміздің түкпір-түкпіріндегі 1500 адамның арасында арнайы сауалнама жүргізген екен. Сауалнама кезінде респонденттерге «Сіздің пікіріңізше Қазақстанның қай тарихи-мәдени ескерткіші еліміздің символы деп тануға болады?» деген ашық сұрақ қойылыпты.

Мәдени-тарихи ескерткіштер кез-келген мемлекеттің идеологиясының, имиджінің құрамдас бөлігі болып табылатыны дау тудырмайды. Белгілі бір тарихи ескерткіштер мен архитектуралық кешендердің бүтін бір ұлттар немесе елдердің әлем таныған символына айналып жатқанының көптеген мысалдары бар. Осының арқасында аталмыш ұлттар өздерін кеңінен насихаттап, елдеріне миллиондаған туристерді тартып жатады. Мысалы, Қытай десек, көз алдымызға Ұлы Қытай қорғаны, Франция десек - Эйфель мұнарасы, Египет десек - перғауындардың пирамидалары еске бірден сап етеді.

Ал біздің еліміздің, ұлтымыздың осындай символы бар ма? Өзімізді әлемге паш ету қандай нышанды ұсына аламыз? Осы сұрақтарға жауап беру үшін жақында «Стратегия» талдау орталығы еліміздің түкпір-түкпіріндегі 1500 адамның арасында арнайы сауалнама жүргізген екен. Сауалнама кезінде респонденттерге «Сіздің пікіріңізше Қазақстанның қай тарихи-мәдени ескерткіші еліміздің символы деп тануға болады?» деген ашық сұрақ қойылыпты.

Сауалнама қорытындлары ел тұрғындарының жартысына жуығы ешбір ескерткішті символ деп танымайтынын көрсетеді (Диаграмма). Респонденттердің қалғаны алпысқа жуык ескерткіштер, тарихи және табиғи кешендерді атапты. Солардың ішіндегі ең жиі аталғандардың ішінде сақ дәуірінен келе жатқан «Алтын адам» мүсіні (12 %), елордадағы «Астана-Бәйтерек» кешені (11 %), Абай атамызға арналған әдеби, рухани, архитектуралық ескерткіштердің кешені (9 %) және Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауидің мазары (4 %) бар екен. Ел тұрғындарының пікірінше дәл осы ескерткіштер қазақ елінің символы, бренді бола алады-мыс.


Диаграмма   1 - «Сіздің пікіріңізше Қазақстанның қай тарихи-мәдени ескерткішін еліміздің символы деп тануға болады?»

 

Әлеуметтанушылардың деректеріне сенсек, сауалнама нәтижелері респонденттердің жасына байланысты көптеген ерекешеліктер бар екен (бірінші таблица).

 

 

 

 

 

 

 

 

Таблица 1 - Жастық топтар бойынша жауаптардың таратылуы

 

18-24

25-34

35-44

45-54

55-64

65-тен

жоғары

Жалпы

«Алтын адам»

16,0

10,1

14,5

8,5

11,9

9,9

12,0

«Астана-Бәйтерек»

9,7

12,9

11,6

12,8

6,7

9,2

11,1

Абай ескерткіштері

5,9

7,6

6,9

10,9

15,6

9,9

8,6

Қожа Ахмет Йассауи мазары

5,2

3,1

5,3

4,3

3,7

2,3

4,2

Басқасы

17,6

16,5

16,5

22,7

20,9

14,9

18,3

Жауабы жоқ

44,4

50,3

44,7

41,5

40,7

54,2

45,9

Көріп отырғанымыздай, жастар жағы еліміздің символы ретінде негізінен «Алтын адам» мен «Астана-Бәйтерек» ескерткіштерін атаса, орта жастағылар мен егде адамдар Абай ескерткіштері мен Қожа Ахмет Йассауи мазарын көбірек айтады екен.

Тағы бір айтарлық жайт, респонденттердің жауаптарына ұлттық фактордың ықпал етуі. Егер қазақтар негізінен өз пікірлерін ашық білдіріп жатса, орыстардың 49 пайызы, өзге ұлт пен ұлыстардың 58 пайызы жауап беруден тартынып, осы мәселеге байланысты қызығушылық танытпапты.

Респонденттердің жауаптарына тағы бір ықпал еткен фатордың бірі олардың тұрып жатқан мекендері. Мысалы, қала тұрғындары «Алтын адам» мен Абай ескерткіштерін көбірек атаса, ауыл тұрғындары «Астана-Бәйтерек» кешенін қалайтындарын жасырмапты (екінші таблица).

 

Таблица 2 - Елдімекендерге байланысты жауаптардың таратылуы

 

Астана, Алматы

Облыс

орталығы,

кіші

қала

Аудан

орталығы,
ауылдар

Жалпы

«Алтын адам»

17,6

14,6

7,9

12,0

«Астана-Бәйтерек»

6,6

10,9

12,6

11,1

Абай ескерткіштері

12,1

9,4

6,8

8,6

Қожа Ахмет Йассауи мазары

1,1

5,3

3,9

4,2

Басқасы

23,1

18,2

18,6

18,3

Жауабы жоқ

39,0

43,1

50,7

45,9

 

Сөзімізді қорытар болсақ, жағдай мәз емес. Бірнеше түйін:

Біріншіден. Ең қорқыныштысы - Алтайдан Атырауға дейінгі орасан зор кеңістікті, дала мен қаланы, жаңа мен ескіні, буын мен буыды біріктіретін бірде-бір нақты тарихи-мәдени ескерткіштің, символдың жоқтығы. Елімізді, жерімізді, ұлтымызды әлемге танытпақ түгіл, өз жыртығымызды жамайтын, жоғымызды түгендейтін жалпыұлттық символдардың жоқтығы бүгінгі идеологияның екі аяғынан ақсап тұрғандығының айқын белгісі! Бүгінгі биліктің жігерсіздігі мен жүгенсіздігі, қоғамдық пікірге тәуелді еместігі, бүкіл саясат атаулыны бір адамға табынуға негіздеуі, ол адамның табиғи және тарихи құнсыздануы қоғамды топтастыратын, ұлтымызды ұйытатын, біріктіретін символикалық маңызы бар кешендер мен ұғымдардың құлдырауына алып келді.

Екіншіден. Мемлекетіміздің болашағы негізінен қазақ ұлтын ғана алңдатып отыр. Орыстар мен өзге ұлт-ұлыс өкілдері әлі де болса өздерінің болашағын осы мемлекеттің болашағымен ұштастырмайды, байланыстырмайды, оған немқұрайлы не болмаса бейтарап қарайды. Оларда үміттен гөрі күдік, сенімнен гөрі сенімсіздік басым. Жоғарыдағы сауалнама деректері осының нақты көрсеткіші. Осындай жағдайда белден басып, қазақ ұлтының орнына «қазақстандық ұлт» сияқты паллиативтік, қолдан жасалған ұғымдарды енгізудің өзі қылмыс, қиянат һәм тарихи қателік. Өзінің табиғи, тарихи, саяси шыңына шыға қоймаған қазақ тілін дамытудың орнына алдамшы «үштілділік» тұжырымдамасын енгізу, латын әліпбиіне көшу мселесін барынша кейінге қалдыру - озбырлық, шектен шығу. Ол - қызуы көтеріліп, тымауратып жатқан ауруға өзіңе-өзің қол жұмса, эвтаназия жаса дегенмен пара-пар түсінік. Кеше ғана өзінің 1926 жылғы санына енді ғана қол жеткізіп, өз жеріндегі «ұлттық азшылықтан» «ұлттық көпшілікке» айналған, өзінің шынайы кеңістігін, күші мен мүддесін сезініп келе жатқан, өзінің ұлттық ренессансын басынан өткеріп жатқан қазақ ұлты осындай жалған тұжырымдамаларды ешқашан мойындамайтыны анық. «Тарихи Қазақстан» мен «Жаңа Қазақстанның» арасы жақындап, бірімен-бірі толығып, бірінен-бірі туындап отыратын жағдайға жетуі керек. Ұлтымыздың ұйысуы үшін қазақ өз тарихы мен дәстүрін мемлекеттік деңгейге көтеріп, мемлекетті тарихиландыруы тиіс.

Үшіншіден. Ұлт мәселесі тіл, тарих және мәдениет мәселелерімен шектелмейді. Тәуелсіздігіміз бен ұлттық мемлекеттігіміздің болашағы үшін күрестің жаңа кезеңі ұлттың алдында тұрған саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, философиялық мәселелердің күрделенуімен ерекешеленеді. Олай болатын болса, алдағы бесжылдықтың басты міндеті жаңа талаптарға сай лайықты жұмыс істеу, қызмет қылу. Ұлттың зиялы қауымы, баспасөзі, белсенді ұлтшыл күштері ұлтымыздың «жаңа күн тәртібін» жасап шығуы керек. «Ұлттық мүдде», «ұлттық борыш», «ұлттық стандарт», «ұлттық іс-қимыл» деген ұғымдарды жаңа мазмұнмен толтырып не қайта жасақтап, ұлттық күрес аясын кеңейту керек. Ұлт үшін, ұлттық мемлекет үшін күрес ат төбеліндей ғана азғантай маргиналды алаңға ығыстырылған ұлтшыл топтар мен азын-аулақ зиялы қауым өкілдерінің жанкешті жанайқайы емес, шын мәніндегі миллиондар қолдайтын ұлттық қозғалысқа айналып, тотальды, жалпыға бірдей сипат алуы тиіс. Сонда ғана жеңіске жетеміз! Жеңбей қоймаймыз!

 

«Абай-ақпарат»

0 пікір