Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2692 0 пікір 6 Қазан, 2009 сағат 10:57

73...82

Атауына тілің сынатын алуан ұйымдардың сараптау-сарабы бір төбе де, Біріккен ұлттар ұйымының ақпары бір төбе. Осы зердеден ойласақ, «сыры кетсе де, сыны кетпеген» БҰҰ даму Бағдарламасының биылғы ақпарында Қазақстан 82-ші орыннан бой көрсетіпті. Естеріңізге сала кетсек, бұл құжат әлемнің 182 еліндегі денсаулық, білім деңгейі, қылмыстық ахуал, қоршаған ортаны қорғау, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім, орташа өмір ұзақтығы секілді түрлі критерийлер бойынша мәліметтерді талдап, үздігі мен үмітсізін (әрине, «үмітсіз шайтан», олардың да басына бақ қонар) анықтайды. Осылайша, адами потенциалды дамыту индексінінің рейтингісі түзіледі. Сонымен, тұрмыс деңгейі мен әлеуметтік қамсыздануы жағынан 82-ні місе тұтқан еліміз үшін Сіздерге сауын айтып, сүйінші сұрасақ та болар еді.... Алайда, былтыр ғана осы ақпар бойынша 73-ші орынға аяқ тіредік емес пе? Алдыңғы жылдары ше, оны ескеріп, елеп, есептеп жүрген біреу бар ма? Мысалға, Құдай қосқан көршіміз Ресей былтырға қарағанда 2 орын алға жылжыды.

Ал, ең бақуатты ел деп танылған Норвегия осы тұғырынан алтыншы жыл таймай келеді. Айтпақшы, былтыр біріншілікті Исландия жұлып кеткенімен, биыл «тарихи шыңдық» қалпына келіпті. Норвегия тағы да топ жарды. БҰҰ ақпарында көңіл аударарлық деректерді оқырман назарына ұсынар болсақ, тізімге енген 24 елдің жалпы халқының тең жартысындайы қаріп танымайды, қалам ұстамайды. Жапондықтар өмір сүру ұзақтығы жөнінен (82,7 жыл) ешкімге орын бермесе, ауған азаматы орта есеппен 43,6 жыл ғана өмір кешеді. Картада бас бармақтың көлемінен де кіші жерді алып тұрған Лихтенштейн княздігі өз азаматтарына бұрын-соңды болмаған ІЖӨ деңгейін қамтамасыз етті. Бұл дегеніңіз - жан басына шаққанда 85 мың 383 доллар деген сөз. Мемлекетте бар-жоғы 35 мың адам тұрғанымен, 15 банк пн жүзден аса трансұлттық компаниялар жұмысын істейді.

Адами потенциалды дамыту индексінінің рейтингі (түгел емес)

1 - Норвегия

2 - Аустралия

3 - Исландия

4 - Канада

5 - Ирландия

6 - Нидерланды

7 - Швеция

8 - Франция

9 - Швейцария

10 - Жапония

13 - АҚШ

14 - Аустрия

15 - Испания

17 - Бельгия

18 - Италия

21 - Ұлыбритания

22 - Алмания

40 - Эстония

46 - Литва

48 - Латвия

51 - Куба

58 - Венесуэла

68 - Белоруссия

70 - Албания

71 - Ресей

75 - Бразилия

79 - Түркия

82 - Қазақстан

84 - Армения

85 - Украина

86 - Әзірбайжан

89 - Гүржістан

92 - Қытай

109 - Түркіменстан

117 - Молдова

119 - Өзбекстан

120 - Қырғызстан

127 - Тәжікстан

134 - Үндістан

180 - Сьерра-Леоне

181 - Ауғанстан

182 - Нигер

(Бір ескерері, БҰҰ-ның жаңа құжаты 2007 жылдың, яғни дағдарыс алдындағы экономикалық көрсеткіштердың негізінде жасалған)

Өркен КЕНЖЕБЕК, «Абай-ақпарат»

0 пікір