Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2626 0 пікір 5 Қазан, 2009 сағат 03:47

Шымкентте бензин бағасы дағдарыстың алдындағыдан да төмендеді

Шымкент. 3 қазан. ҚазТАГ- Шымкенттің автомайқұйғыш бекеттерінде (АЗС) бензин арзандады, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

АИ-92 бензинінің бағасы литріне 65 теңге, А-80 – 48 теңге болды. Бұл бензин тапшылығы басталған екі апта бұрынғыдан арзан. Ол кезде екі тәулікте бензин бағасы 20% көтеріліп, АЗС-терде бірінші кезекте талонмен ғана безин сату басталған.

«Тапшылық себебі Оңтүстік Қазақстан үшін энергетика министрлігі айқындаған 4 жеткізушінің: «Гелиос», «ПетроҚазақстан», «Торғай Петролеум» мен «Қазгермұнайгаздың» соңғы екуі тамыз бен қыркүйекте бізге бір грам да жеткізбегенімен байланысты болды», - дейді бәсекелестікті қорғау агенттігінің оңтүстік аймақаралық монополияға қарсы инспекциясының бастығы Мелдебек Мырзахметов. 

«Қазір «ТорғайПетролеум» бекеттерді бензинмен толық қамтамасыз етуде. Мұнай базаларына 60 вагон үлестіріліп берілді. Бүкіл облыс бойынша бөлшек саудада бензин бар, баға төмендеді», - деп түсіндірді ол.

ОҚО нарығына бензиннің түсе бастауы осы аптада әкімдік пен монополияға қарсы ведомствоның жүргізген жұмысының нәтижесі. «ТорғайПетролеуммен» кезінде аймаққа жеткізілмей қалған 13 мың тонна жанар май көлемін шұғыл жеткізіп беру туралы келісімге қол жеткізілді.

0 пікір