Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3604 0 пікір 25 Қыркүйек, 2009 сағат 07:01

Ісік күйеу «күшік күйеуге» айналған ба?

Кеше ғана дүниені тіреп, бүгін оймақтай Австрияны паналап жүрген экс-күйеу Рахат Әлиев туралы шым-шытырық әңгімелердің легі тоқтар емес. Тәуелсіз «Свобода слова» газетінің ақпаратына сенер болсақ, Рахат Әлиев өзінің құжаттарын ауыстырып, су жаңа әйелінің фамилиясын алған екен...

Австрия - өте ашық мемлекет. Кез келген азамат тиісті интернет-сайттарға кіріп, өзіне қажетті ақпаратты таба алады. Аталып отырған газеттің ақпараты бойынша Австрияда уақытша тұрып жатқан Рахат Әлиевке жергілікті заң бойынша нөмірі 000842172974 арнайы идентификациялық код берілген екен. Осы елде тұрып жатқан азаматтар құжаттарын қанша рет айырбастаса да, бұл код ешқашан өзгермейді екен. Газеттің хабарлауынша, осыған дейін нөмірі 000842172974 кодтың қарсысында «Rakhat Aliev» деген дерек тұрса, жуырда оның қасына «Rakhat Shoraz» деген екінші есім қосылыпты-мыс.

Рахаттың жүріс-тұрысын айрықша аңдып жүргендердің айтуынша, экс-күйеу бұндай қадамға қонақжай Австриядан сытылып кету үшін барған көрінеді. Сол себептен білетін жұрт ол өзінің екінші әйелі Елнара Шоразованың атын алған деседі. Білгіштердің айтуына қарағанда, Елнара ханым ұзақ жылдар бойы Рахат Әлиевтің қарамағында жұмыс істеген екен. 2007 жылы Әлиев еліміздің Австриядағы елшісі болып тағайындалған кезде, Шоразова ханым да соңынан еріп, біздің дипломатиялық миссиямызда алдымен атташе, артынан екінші хатшы болып қызмет атқарады. Рахат Дариға Назарбаевамен ажырасқаннан кейін бұл екеуі тіпті неке құрып, ұлды болыпты деген де қауесет тарап кеткен.

Моцарт елінен келген жаңалық әзірге осы. Басқаны қайдам, Рахаттың бұл тіршілігіне қуанған бір адам болса, ол өзіміздің жерлесіміз, танымал өнер қайраткері Арыстан Мұхамедиұлы болуы керек. Кезінде «мені барлығы Рахат Әлиевпен шатастыра береді» деген желеумен есімін ауыстырған Арекең алдағы уақытта атасының атына қайта көшуге толық мүмкіндік алды. Енді елдегі Шоразов есімділердің басы ауырсын...

«Абай-ақпарат»

0 пікір