Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2744 0 пікір 23 Қыркүйек, 2009 сағат 05:32

БТА кредиторлар комитеті банктің қарызын қайта құрылымдаудың балама жоспарын ұсынып отыр

Алматы. 23 қырқүйек. ҚазТАГ – «БТА банк» АҚ кредиторлар комитеті банктің үлкен және субсидияланған қарызын қайта құрылымдаудың балама жоспарын ұсынды, ол банктің реттеушілік капиталын  $9,2 млрд-қа арттырады. Банк пен кредиторлар арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумның қосымшасында осындай мәлімет келтірілген. Оның мәтінін сейсенбі күні банк таратты.

Кредиторлар комитеті қарыздың әр түріне оны құрылымдаудың жеке жоспарын ұсынады.

Мысалы, үлкен қарыз үшін екі опция ұсынылып отыр, біреуі қарапайым кредиторлар үшін, басқасы сауда қаржыландыру өкілдері үшін.

Бірінші опцияға кредиторлардың 86,6% қатысады. Мұнда $1 млрд сома көлеміндегі қарызды 87,1% дисконтпен жедел түрде жабу, қарызды  48,4% дисконтпен екі жыл жеңілдетілген кезеңмен жеті жылға ұзарту қарастырылған, қайта құрылымдау міндеттемелері бойынша бес жыл бойы пайыздық мөлшерлеме жылына 10% құрайды.

Екінші опцияда экспорттық-несиелік агенттіктердің өкілдері үшін қарызды сегіз жылға ұзартумен үш жыл жеңілдетілген кезеңмен және 3,6 жылдық пайызбен жаңа құралдарды шығару қарастырылған. Осы опцияның шеңберінде қайта құрылымданатын міндеттемелердің көлемі $1,2 млрд аспайды, сонымен қатар, кредиторлардың 13,4% қатысуы қарастырылған. Экспорттық-несиелік агенттіктердің өкілдері болып табылмайтын саудалық қаржыландыру өкілдері үшін $800 млн көлемінде бірден сатып алу, саудалық қаржыландыру жөніндегі комитетті құру және ол үшін бұрын уағдаласқан келісімшарттар бойынша  төлемдерге арнап $1 млрд бөлу қарастырылған. Кредиторлар Қазақстан үкіметін және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-нан осы опциялар бойынша кепілдеме беруді сұрап отыр.

Қарыздың жиынтық көлемі және жинақталған қызығушылықтың мөлшері $1,3 млрд болатын кіші қарыздың өкілдеріне қарызды 70% дисконтпен акцияларға алмастыру ұсынылған.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның алдындағы 645 млрд  теңге көлеміндегі облигациялар мен жинақталған сыйақы түріндегі  қарыз қарапайым және/немесе артықшылықты акцияларға алмастырылуы мүмкін.

Құнды қағаздардың активтерді қайтаруға айырбас ретінде ұсынылып отырған эмиссиясы үлкен кредиторлар, ҰӘҚ және субсидияланған кредиторлардың арасында тиісінше, 46,07%, 49,27% және 4,66% үлестірілген.

БТА банк активтерінің көлемі бойынша қазақстандық банк жүйесінде екінші орында. ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың қаңтар-маусымында банктің активтері 2,45 трлн теңгені, жеке капиталы «минус» 1,02 трлн теңгені құрады. 2009 жылдың 2 ақпанында банктің қарапайым акцияларының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының пайдасына мәжбүрлі эмиссиясы туралы жария етілді. 2009  жылдың 18  наурызында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының иелігінде 75,1% болды. 2009 жылдың 20 сәуірінде банк кредиторларына негізгі қарыз бойынша төлемдерді уақытша тоқтататынын және банктің сыртқы қарызын қайта құрылымдауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. ҰӘҚ «БТА банктің» акциялар пакетін ресейлік «Сбербанкке» сату туралы келіссөз жүргізіп жатыр. 2009 жылы банк  $4 млрд соманың міндеттемелерін орындауға тиіс болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 429
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 230
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 258
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 250