Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2633 0 пікір 23 Қыркүйек, 2009 сағат 05:30

Алматы мен Степногордың өндіріс нысандарында екі жұмыскер қаза болды

Алматы/Степногор, Ақмола облысы. 23 қырқүйек. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Алматы мен Степногор қалаларындағы өндіріс нысандарында екі жұмыскер қаза болды, – деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.

Аймақтық жедел қызметтердің министрліктің республикалық дағдарыс орталығына хабарлаған мәліметтеріне сәйкес, Ақмола облысында орналасқан Ақсу елді мекенінде «Ақсу кеніші» филиалының аумағында   «Қазақалтын» ТКМК» АҚ-ның 53 жастағы жұмыскері қайғылы оқиғаға ұшырады.

«Таңғы сағат 6-да жару жұмыстарын жүргізу барысында тау жынысы құлап, жер асты жұмыскерін басып қалған, ол алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлайды ТЖМ.

Ал Алматыда «Жетісу-3» ықшам ауданындағы он қабатты үйдің құрылыс алаңында бір жұмыскерді ток соққан.

«Ол 14 сағат 15 минутта құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында электр тогының соққысынан алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. 21 жастағы жігіт «Профтеплохолод» ЖШС-нде жұмыс істеген, – делінген ақпаратта.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 541
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 279
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 307