Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2594 0 пікір 5 Наурыз, 2014 сағат 05:03

Асылжан Мамытбеков Президент тапсырмасын неге ескермейді?

Асылжан Мамытбеков Астанадағы 12  мыңнан астам адамы бар университет жұмысына кедергі келтіруде!

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Астанадағы ҚазАТУ-ті негізінде халықаралық ғылыми-зерттеу университетін  құру туралы тапсырма беріп, оның «Назарбаев Университет»  үлгісінде болуын да тапсырған болатын. Сенбесіңіз ашып қараңыз, Ақорда сайтында да, «Егемен Қазақстан» газетінң 15 ақпандағы санында да Елбасының бұл тапсырмасы жарияланды. Мұндай жаңалықтан кейін университет ұжымына қандай тілек тілеуге болады. Н.Ә.Назарбаев  университеті үлгісіндегі халықаралық деңгейдегі Қазақстандағы тұңғыш ғылыми-зерттеу университеті болу үшін екі білегін тырысып жұмысқа кірісті. Расына келсек Елбасы тапсырмасына орай жұмыс басталып кеткен, дегенмен осыдан бірнеше күн бұрын 12 мыңнан астам адамы бар ҚазАТУ ұжымы тығырыққа тірелді. Назарбаев университеті деңгейіндегі халықаралық дәрежедегі университетті  жасақтаудың орынына білім министрлігі енді бұл университетті  ауылшаруашылығы министрлігіне бермек!  Расына келсек оқиғаның бұлай өрбуін ешкімде күткен жоқ.

Елбасының  халықаралық ғылыми зерттеу университетін құру туралы тапсырмасына пысқырыпта қарамаған   ауыл шаруашылығының министрі А.С.Мамытбековтың бұл керемет идеясына 12 ың адамнан тұратын унвиерситет  ұжымы қарсылық білдіріп, толқу басталды. Бұл бастаманың ішіне  Қазақстандағы басқа да аграрлық саладағы университеттерді ді ауыл шаруашылық министррілігіне беру енген. Олай болса көп ұзамай жер-жерлердегі аграрлық саланың мамандарын дайындайтын  басқа да  ЖООында ірі қарсылықтарға Асылжан мырзаның  кезігері анық. 

Десек те, университет неге Ауылшаруашылық министрілігіне өтуден қашып  отыр деген сұраққа келсек: бұған дейін Білім министрлігімен ауыл шаруашылық министрлігі өзара ҚазАТУды үш рет бір-біріне беріп қайта алған. Нәтижесінде университет Ауылшаруашылық министрлігіне бармай Білім министрлігінде қалған тиімді деп Мамытбековтен бас тартып отыр.    Атап өтсек, біріншіден, 2005- 2011 жылдар аралығында университет ауыл шаруашылығы Министрлігі жүйесінде болған. Бірақ министр Мамытбеков мырзаның ауыл шаруашылығы Министрлігіне келуінен ҚазАТУ-ін білім және ғылым Министрлігіне қайтару жөнінде сауал туындады. Бірақ 12  мыңнан астам адамы бар   ұжым бұл тапсырмасын қолдамады. 

 Университет қызметіне Білім және ғылым Министрлік жүйесін қайтадан енгізуде түбегейлі өзгерістер туындады. Соңғы екі жылда университет әлемдік деңгейдегі QS рейтінгі бойынша 800 жетекші университтер қатарына кірді. Қазақстан бойынша мұндай 9 жоғарғы оқу орындары бар. Сондықтан, Ауыл шаруашылық  министрлігіне өту ЖООын құрдымға жібереріне  ғалымдар толық сенімді.

Тағы бір аспект – ғылыми зерттеулер. Ғылыми қаржы көлемі 2011 жылдан бастап 3 есеге артты. Ғылыми басылымдар саны 1,5 есеге өсті. Мұндай көрсеткіш отандық аграрлық ғылымда мақтануға тұрарлық деп айту қиын. Ал, онсызда тоқырап отырған ауыл шаруашылық саласында не оқуға не ғылымға деп берілетін қаржы бюджеттен қарастырылмаған. Сонда аграрлық университеттердің дамуына деген қаржыны Мамытбеков өз қалтасынан төлемек пе?

Даму үрдісінде ғылыми кадрларды дайындау қолға алынды: докторонтурадан 11 мамандық және магистратурадан 9 мамандық ашылды. 2013 жылы магистранттар саны 2011 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артты. Бірақ бар мәселе мұнда емес.

Бұл әрине, университет ұжымы еңбегінің айқын көрінісі. Бірақ, оқытушылардың айтуы бойынша, егер білім және ғылым Министрлігі тарапынан қолдау болмаса, кейбір сұрақтар өздігінен шешілмес еді. Сондықтан да ешкімнің өзіндік кадралары, жүйелері, университет дамуы бойынша тәжірибесі жоқ ауыл шаруашлығы Министрлігіне қайтуға қауқары болмас.

Екіншіден, бүгінде ауыл шаруашлығы Министрлігінің өзіндік ғылыми саласы – «ҚазАгроИнновация» АҚ барын ескерген жөн. Сондықтан оқытушылар тарапы осы ҚазАТУ-ін ауыл шаруашылық Министрлігі құрамына қосудан басқа, мәселелер қалмаған ба деген ойға келеді. Мүмкін,  ауыл шаруашылық Министрлігі аграрлық ғылыми реформалау бойынша Елбасы берген тапсырмасын жетік іске асырған болар. Төтеп айту қиын. Мысалы, Ақмола облысының Бараев атындағы астық шаруашылығы Институты негізіндегі ірі ғылыми-білім орталығы тек қағаз күйінде ғана.

Сондықтан, профессорлардың қоятын басты сұрағы: Мамытбеков мырза алдымен өз жүйесін ұғынса. Бір сөзбен айтқанда Елбасының алға қойған тапсырмасын орындауға жігер тұтқан болатын.  Бүгінде олар, Мамытбеков мырзаның жеке көзқарасынан негізсіз және мұқият ойланбаған менмендігінен туындаған нәтижесі артқа алып келеді деген үрей тудырады.

ҚазАТУдың  басшылығы мен декандарының барлық күшіне қарамастан ұжымдағы сабырлықты сақтау қиынға соғуда.  Бұл оқиға енді Қазақстандағы  барлық аграрлық сала мамандарын  дайындайтын ЖООында толқу туындатып отыр. Сонда Елбасының тапсырмасына қарама-қайшы жұмыс жүргізген Мамытбеков мырза шетелден сатып алған сиырлар  өліп қала берген соң енді  маман дайындауға кіріспек пе деген ой туындайды. Сонда Елбасының тапсырмасына деген сенім қайда? Әлде Мамытбековтің жеке  амбициясы Ол кісіден жоғары тұра ма?

P.S.  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессорлары қол қойған бірнеше хат өткен аптада Елбасшылығына жолданды. Ендігі жауап «Елбасы тапсырмасы жоғары ма» әлде Мамытбековтің «менмендігі» жеңе ме деген  сұраққа келіп тоқтады. Ал   12 мың  адамы бар ұжым толқу үстінде...

Ерлан Қуанышұлы

Abai.kz

0 пікір