Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2808 0 пікір 18 Ақпан, 2014 сағат 04:39

«Еуромайдан»: ереуілшілерге рақымшылық жасалды

Украинада «Еуромайданға» қатысушыларға рақымшылық жасау жөніндегі заң күшіне енді.  

Естеріңізге сала кетейік, украина халқы ел үкіметінің Қазақстан-Ресей-Беларус мемлекеттері біріккен Кедендік одаққа кіру жөніндегі талабына наразылық білдіріп, 2013 жылы 27 желтоқсаннан бастап ереуілге шыққан болатын. Ереуіл «Еуромайдан» деген атпен жер-жаһанға әйгілі болды. Билік пен ереуілшілер арасындағы текетірестің барысында Украина үкіметінің басшысы Азаров отставкға кетті. Ал президент Янукович Кедендік одаққа кіруді жақтағанымен ақырында бұрынғы экс-перзиденттермен кездесіп екі жақты мәмілеге келуді ойлады. Сөйтіп кешелі бері «Еуромайданға» қатысушыларға рақымшылық жасау жөніндегі заңға қол қойды.

Заңға сәйкес, 2013 жылғы 27 желтоқсаннан 2014 жылғы 2 ақпанға дейінгі шерулер кезінде тәртіп бұзған «Еуромайданға» қатысушылардың барлығына рақымшылық жасалуда.  

16 ақпан күні «Еуромайдан» белсенділері Тернополь, Ивано-Франков, Львов пен Полтав облыстарындағы мемлекеттік әкімшіліктерді босатып, Киев мемлекеттік әкімшілігін жергілікті билікке тапсырды. Сонымен қатар, ереуілшілер Киевтің бірнеше көшелеріндегі баррикадаларды да алып тастады.  

16 ақпанда Украина Бас прокуроры Виктор Пшонка рақымшылық жасау жөніндегі заңның күшіне енуіне ешқандай кедергі жоқтығын мәлімдеді. Осылайша,   «Еуромайдан» акциясы кезінде жаппай тәртіпсіздік жасады деген күдіктілердің айыптары алынды. Алдағы күндері ереуілшілерге қатысты қозғалған қылмыстық істерді жабу мәселесі де қарастырылмақ. Алайда Батыс баспасөзі әлі де оннан астам адамның қамауда екенін айтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2061
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2489
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2088
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1604