Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3260 0 пікір 14 Ақпан, 2014 сағат 11:00

Classic» радиосы Астана қаласынан 102.7 әуетолқынында хабар таратады

2014 жылдан бастап «Classic» радиосы Астана қаласынан 102.7 әуетолқынында хабар таратады.

«Classic» радиосынан әр түрлі бағыттағы классикалық музыканы тыңдауға болады.  

2012 жылдан бастап радиостанция өз тыңдармандарына  музыкалық-білім беру бағытында жаңа бағдарламалар ұсына бастады. Бүгінде 102.7 әуе толқынында 9 жоба жарыққа шықты: «Киноблюз», «ДжазТайм», «Диалог», «Опера әлемінің інжу-маржандары», «Музыкалық күнделік», «Музыкалық Одиссея», «Грани», «Рецензия», «Классикомания».   

Былтыр қараша айында «Classic» радиосының «Классикомания» бағдарламасы «AIBs Inspiring Creativity Awards» Халықаралық Телерадио хабарларын тарату Ассоциациясы ұйымдастырған байқауда «Үздік шығармашылық радиобағдарлама» номинациясы бойынша арнайы сыйлыққа ие болды.   

«Classic» радиостанциясы - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірлескен жобасы. Жобаның идеялық авторы – Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жәния Әубәкірова.

«Classic» радиосы — алғаш рет 2011 жылдың 6 маусымынан бастап хабар тарата бастаған тұңғыш классикалық музыка радиостанциясы. Радиостанцияның негізгі бағыты – түрлі жанрлар мен ұлттық мектептердің академиялық музыкасын тарату. Алматы қ. FM-жиілігі – 102,8.  

«Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «KAZsport», «Балапан» балаларға арналған теларналары, «Қазақ» радиосы, «Астана», «Шалқар» және «Classic» радиолары кіреді.   

http://kaztrk.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2016
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2433
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2006
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1585