Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2683 0 пікір 11 Ақпан, 2014 сағат 12:27

Бақыт Сұлтанов: Инфляция 6-8 пайыздан аспайды

Теңге бағамының төмендеуі әсерінен баға өсімі бюджетте бекітілген инфляцияның 6-8 пайыздық дәлізі шегінен аспайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Импорттық тауарлардың қымбаттайтындығын ескергенде бұл импортқа біршама тежеуіштік әсер ететін болады. Біз толықтай алғанда теңге бағамының өзгеруі баға өсіміне әсері бүгінгі бюджетте бекітілген инфляцияның 6-8 пайыздық дәлізі шегінде болады деп күтудеміз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Ұлттық банкі 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін азайтудан, теңгенің айырбас курсын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдағанын жария еткен еді. Сондай-ақ теңге курсының жаңа бағамы 185 АҚШ доллары төңірегінде болатындығын хабарлаған-ды.

kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2030
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2466
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590