Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2728 0 пікір 11 Ақпан, 2014 сағат 12:17

Ұлттық банк манипуляцияға жол берген айырбастау пункттерін лицензиясынан айырады

Еліміздің барлық айырбастау пункттеріндегі сатып алу және сату айырмашылығы 2 теңгеден аспайды. Егер бұл ереже бұзылса, Ұлттық банк қатаң шараларды қолданады. Бұл туралы бүгін Алматыда БАҚ өкілдерімен кездескен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов хабарлады.

«Мұндай жағдайды кейбір саудагерлер пайдаланып қалады. Валюта айырбастау жөніндегі ақпарат теріс пиғылда пайдаланылуы мүмкін, сондықтан ең алдымен, Ұлттық банктің сөзіне сену керек екенін ескертеміз. Осыған орай барлық айырбастау пункттерінде сатып алу және сату айырмашылығы 2 теңгеден асыруға жол бермеу шешімін қабылдадық», - деп атап өтті Ұлттық банктің басшысы.
Ол бұл шешімді бүгін және алдағы уақытта елемеген айырбастау пункттерін Ұлттық банк қатаң жазалайтынын, тіпті, лицензиясынан айырып, мұндай айырбастау пункттерінің қызметін тоқтатуға дейін баратынын жеткізді.
«Теңгенің тепе-теңдік бағасы Қазақстанның экономикасына пайдалы екенін қайта түсіндіргіміз келеді. Ұлттық банк төлем жүйесінің құрылуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Ұлттық және өзге де банктер айырбастау пункттерін шетелдік валютамен қамтамасыз етеді», - деді Қайрат Келімбетов.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2039
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2470
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2053
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595