Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2571 0 пікір 7 Ақпан, 2014 сағат 09:33

Сочиден Украинаға жасалатын саяси «сыйлық»

Президент Назарбаев мемлекет атауын өзгертуге байланысты ойын Сочи – қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бара жатып Атырауға аялдаған кезінде айтты. Одан Сочиге аттанып кетті. Сарапшылардың айтуынша, президенттің қоғам тарапынан қызу талқыға түсетін ұлттық мәселенің шетін шығарып кетуі Сочиде болатын қызу саяси әңгіменің алдын алу көрінеді. Естеріңізде болса, бұған дейін Н.Назарбаев Украинадағы жағдай экономикалық һәм халықтың тұрмыстық-әлеуметтік мәселесінен туындап отыр дегенге саятын пікір айтқан. Енді олимпиада ашылуына жиналған мемлекет басшыларының арасында ең негізгі мәселе Украина болатыны сөзсіз. Ол жерде Путин Кедендік одаққа кірген және еуразиялық одақ мәселесі бойынша өзара тілеулестік кейіптегі мемлекеттер басшысын өз ыңғайына жығып, Украинадағы оның алдындағы Қырғыз еліндегі шерулер мен төңкерістер АҚШ пен Еуропаның істеп отырғаны, сондықтан біз осындай сәтте бірігіп қарсы қимыл жасауымыз керек дегенге иландырғысы келетіні анық.  Ал, Қазақстан, Белоруссия сияқты елдің басшылары Путиннің жоғарыдағыдай әдісін іштей құптағандарымен, АҚШ пен Еуропадан біржолата қол үзіп кете алмайтындарын жақсы біледі.

Президент Назарбаев мемлекет атауын өзгертуге байланысты ойын Сочи – қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бара жатып Атырауға аялдаған кезінде айтты. Одан Сочиге аттанып кетті. Сарапшылардың айтуынша, президенттің қоғам тарапынан қызу талқыға түсетін ұлттық мәселенің шетін шығарып кетуі Сочиде болатын қызу саяси әңгіменің алдын алу көрінеді. Естеріңізде болса, бұған дейін Н.Назарбаев Украинадағы жағдай экономикалық һәм халықтың тұрмыстық-әлеуметтік мәселесінен туындап отыр дегенге саятын пікір айтқан. Енді олимпиада ашылуына жиналған мемлекет басшыларының арасында ең негізгі мәселе Украина болатыны сөзсіз. Ол жерде Путин Кедендік одаққа кірген және еуразиялық одақ мәселесі бойынша өзара тілеулестік кейіптегі мемлекеттер басшысын өз ыңғайына жығып, Украинадағы оның алдындағы Қырғыз еліндегі шерулер мен төңкерістер АҚШ пен Еуропаның істеп отырғаны, сондықтан біз осындай сәтте бірігіп қарсы қимыл жасауымыз керек дегенге иландырғысы келетіні анық.  Ал, Қазақстан, Белоруссия сияқты елдің басшылары Путиннің жоғарыдағыдай әдісін іштей құптағандарымен, АҚШ пен Еуропадан біржолата қол үзіп кете алмайтындарын жақсы біледі. Батыс пен АҚШ-тан қол үзу – инвестордан айырылу, экономикалық санкция, автортитарлық билікке қарсы толқулар, қуадалу, түрлі құпия ақпараттардың әлемдік басылымдарда шығуы, Қытай үстемдігі секілді толып жатқан кедергілерге алып келетінін олар жақсы біледі. Не істемек керек? Президент Н.Назарбаевтың ұстанымы – өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмау. Бірақ, «екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді». Демек, мемлекет басшысының алдында ең үлкен таңдау тұр. Таңдау жасаудың алғашқы баспалдығы – Сочи. Айтпақшы, Сочиде жиналған Ресей, Украина, Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан Президенттері бірлескен үндеу дайындап жатыр-мыс деп жазыпты antifashist.com дейтін сайт. Бұл сайт тіпті үндеудің болжамды мәтінін де жария етіпті:

«Украинада қалыптасқан жағдай мен Қырғызстан, Ресей, Белоруссиядағы оқиғаларға орай; АҚШ, Еуропа және НАТО-ның Совет одағынан Тәуелсіздік алған мемлекеттердің тұтастығы мен тәуелсіздігін кепілдендіру бойынша өз міндеттерін бұзуына; Украина және сол секілді өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласып, ашық қысым көрсетіп, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға оны қаржыландыру және тікелей қатысуға әрекеттенуіне байланысты қаулы етеміз:

- Ресей, Украина және Белоруссия Президенттерінің Беловеж пущасындағы келіссөздер нәтижесінде 1991 жылы жасаған ұсыныстары мен келісім-шарттары күшін жойған және заңсыз деп танып, өз қызметін тоқтатты деп жариялау.

 - Осы ұсыныстың мәтінін БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттерге таныстыру.

 - Бұл хабарламаның мәтінін қызығушылық танытатын халықаралық ұйымдарға жеткізу.

 - Жалпы мемлекеттік басқару органдары мен қызметтерді толық көлемде қалпына келтіру.

- Заңнамалық база негізінде Ресей Федерациясы заңнамасын басшылыққа алып және республикалардың заңнамаларын жалпы заңнамаға сәйкес келтіру үшін келістіру органын құру.

 - Жалпы конституция ретінде мемлекеттер одағы ыдырағанға дейін қолданыста болған КСРО конституциясын қабылдау.

 - Украинадағы оқиғаларды мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттену деп  бағалап, оған қатысқандарды мемлекеттік төңкеріске қатысқандар деп танып, олардың заңсыз құрылған топтарын басуға күш қолданып, тұтқындап немесе қарсылық көрсеткен жағдайда қатысушыларды  жазалап, конституциялық тәртіп орнату.

 -Мемлекеттік төңкеріске қатысқан басқа мемлекеттердің азаматтарын тәуелсіз мемлекетке қарсы агрессиялық акт жасаушы деп танып, тұтқындап, елден жер аудару, қарсылық білдірсе көзін құрту.

 - Бұл мәтінді Украинадағы заңсыз әрекеттерге қатысушыларға шұғыл жеткізу.

 - Ресей президенті Владимир Владимирович Путинді мемлекет басшысы міндетін уақытша атқарушы деп тағайындау.

- Одақтық мемлекет басшысының сайлауы 2014 жылдың сәуір айының екінші жексенбісінде өтеді деп белгілеу».

 P.S.

Мұндай үндеудің жасалу, жасалмауын уақыт көрсетеді. Егер жасалған Үндеуге аталған мемлекеттер қосылатын болса, бұл сол елдердің саяси Тәуелсіздіктерін айырылуының алғышарты болары сөзсіз! Құдай сақтасын!..

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2463
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2040
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590