Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3148 0 пікір 6 Ақпан, 2014 сағат 08:23

Нұрлан Албан: Қазіргі жастар қиындыққа төзгісі келмейді

- Нұрлан мырза, Албан деген лақап тегіңіз болса да оның  жауапкершілігін арқалап жүру оңай емес болар, сірә...

- «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген ғой. Бүтін бір ру мен асыл әруақ Албан атамның атына кір  келтіргім келмейді.  Сондықтан  бұл атау намысты қолдан бермеу мақсатында  өзімді қамшылап, әркез алға  ұмтылуға құлшыныс береді. Егер өзім жүрген сахна тұрғысынан айтар болсам, қолымнан келгенше еліме  адал қызмет етуге  тырысып бағудамын.

- Жұрт әдемі қыздардан тұратын  топ құрып жатқанда  сіздің әжелер ансамблін құрып, тыңдарманды қарттардың өнеріне тәнті етіп жүргеніңіз таңданыс тудыратын құбылыс сияқты?

- Менің  әжелерімнің өнер мен қатар өмірімде де алатын орны ерекше. Себебі- өзіме тілеулес он екі анам бар. Қиналғанымда  Аллаға мінәжат етіп, әр ісіме  сәттілік тілейтін солардың ақ батасымен көгеріп келемін. Сондықтан көп анасы бар бақытты қазақ- жалғыз мен болармын.

- Сіз халық әндерін «фолк-рок» жанрымен жеткізіп жүрген әншісіз ғой. Әйтсе де біздің тыңдарманның басым көпшілігінің қарапайым поп музыкаға жақындығын ескерсек, Нұрлан Албанның тыңдаушысы кімдер дей аласыз?

- Нұрлан мырза, Албан деген лақап тегіңіз болса да оның  жауапкершілігін арқалап жүру оңай емес болар, сірә...

- «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген ғой. Бүтін бір ру мен асыл әруақ Албан атамның атына кір  келтіргім келмейді.  Сондықтан  бұл атау намысты қолдан бермеу мақсатында  өзімді қамшылап, әркез алға  ұмтылуға құлшыныс береді. Егер өзім жүрген сахна тұрғысынан айтар болсам, қолымнан келгенше еліме  адал қызмет етуге  тырысып бағудамын.

- Жұрт әдемі қыздардан тұратын  топ құрып жатқанда  сіздің әжелер ансамблін құрып, тыңдарманды қарттардың өнеріне тәнті етіп жүргеніңіз таңданыс тудыратын құбылыс сияқты?

- Менің  әжелерімнің өнер мен қатар өмірімде де алатын орны ерекше. Себебі- өзіме тілеулес он екі анам бар. Қиналғанымда  Аллаға мінәжат етіп, әр ісіме  сәттілік тілейтін солардың ақ батасымен көгеріп келемін. Сондықтан көп анасы бар бақытты қазақ- жалғыз мен болармын.

- Сіз халық әндерін «фолк-рок» жанрымен жеткізіп жүрген әншісіз ғой. Әйтсе де біздің тыңдарманның басым көпшілігінің қарапайым поп музыкаға жақындығын ескерсек, Нұрлан Албанның тыңдаушысы кімдер дей аласыз?

- Әрине «поп» стилі құлаққа жеңіл тиеді. Ал мен алып жүрген «этно-поптың» этникалық үндестігі мен әуезділігінің өзіндік  ерекшелігі бар. Сол себепті мен салған әндерді жұрттың бәрі қабылдайды деп ойламаймын.  Өйткені менің тыңдармандарым бозбала мен бойжеткендер  не болмаса отыздағы жігіттер мен келіншектер емес, елуді еңсерген аналарымыз бен әкелеріміз, әжелеріміз бен аталарымыз.

- Баяғыда ұзақ жыл мемлекет тізгінін ұстаған  бір басшы: «Өнер адамдары біздің емес, біз өнер адамдарының қолынан сүюіміз керек» деген екен. Ал біздің елде бұл жағдай керісінше көрініс тауып отырған жоқ па?

- Мен бұл мәселеге бола жоғары билікте отырған аға- әпкелерімізге реніш айтудан аулақпын.  Заманың тазы болса тазы болып шал дегендей, уақыттың талабы солай мәжбүрлеп отырған шығар. Бірақ  солай болды екен деп, өнерде жүрген жандардың бағасын төмендетудің қажеті жоқ. Бүгінгі күні қалай киініп, қандай ән айтамыз десек те ерік өзімізде. Өткенмен салыстырғанда бүгінгі күнімізге  шүкіршілік етемін.

- Алайда еңбегі еленбей өмірден өтіп жатқан өнер өкілдерінің өмірін  қайда қоймақсыз?

- Әрине,  аға буын көзі тірісінде құрметке бөленіп жатса, жастардың оларды үлгі тұтатыны жасырын емес. Мәселен, мен ұстаздық ететін  Жүсіпбек Елебеков атындағы өнер студиясында сахна мен ұстаздықтың жүгін арқалап келе жатқан аға- апаларымыз бар.  Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория мен Темірбек  Жүргенов атындағы өнер академиясының табанын тоздырып жүрген өнер иелері қаншама. Солардың  киелі сахнаны қойып, ұстаздық ететін білім ордаларының өзінде алған  атақтары да жоқ.  Алайда, битке өкпеледім деп тонымызды отқа тастайтын емес қой. Бар білгендерін кейінгі толқынға үйретіп, қоғамға қолғабыс болып жүр.

- Осыдан болса керек,  ел арасында « халық әртістері де тойда қаңғып жүр» деген мәтел қалыптасты ғой...

- Бұған келіспеймін. Себебі қазақтың той думаны әнші, жыршысыз өтпеген. Өйткені халыққа жақын жүру адамшылықтың белгісі. Мемлекеттен қаржылай қолдау көрмесе де, біздің әншілер жалға алу бағасы қасқалдақтың қанындай орталық сарайда концерт беріп халықты ән жырына бөлеп келеді.

- Өнер адамдары осылайша күйкі тірлікпен концертін әрең өткізіп жүргенде,   Астанадан ашылған опера мен балет театрын неге сонша жарылқай береді деп ойламайсыз ба?

- Опера мен балет Еуропадан келген өнердің түрі болса да, біздің қазақ оларды жетік меңгергенін дәлелдеп берді. Сондықтан әлем сахнасына қол соқтырып жүрген  Майра Мұхаметова, Нұржамал Үсенбаева, Жәмила Баспақова, Айман Мұсаходжаевадай тума таланттарымыз тұрғанда ол театрдың болашағынан үлкен үміт күтуге болады.

- Алайда сол болашақты қалыптастыратын өнерлі жастардың дені өз ішімізден  қолдау таппаған соң  мұхит асып кетіп жатқан  жоқ па? Қарыны аш баланы қамап ұстап сырнай тартқыза алмайсыз ғой?

- Біздің мемлекеттің жарытып жалақы төлеуге шама шарқы жетпейді. Өйткені тәуелсіздігімізді күні кеше ғана алған жас елміз. Шетелде өнер көрсетіп жүрген қазақтар үлде мен бүлдеге оранып жүр дегенге сенбеймін. Сондықтан шыдамдылық таныту қажет. Бір байқағаным Бүгін диплом алса, ертең күн баспана да, атақ та болса екен деп тұрады. Қандай дүнинің болсын басы ащы болса, соңы тәтті болады демей ме?  Қиындықсыз өмірдің қызығы да жоқ. Басқасы қайдам, өз басым солай пайымдаймын.

- Десе де кені мен жері байтақ  барша қазақтың сыбағасын санаулы алпауыттардың сарқып ішіп жатқанын қайда қоямыз? Адам баласына қарынның қамы үшін қызмет істеу қалыпты жағдай десек те, тілімдей жер мен баспана үшін жанкешті тірлікпен күн кешу әділетті ме?

- Мұнай-газ саласына көңіл бөлуге шашам жетпейді. Мен тек өнердің қайнаған ортасында жүрген адаммын.  Сондықтан бұл қазақтың қамына болысамын деп жүргендердің ар ұятына қатысты мәселе. Олардың да  менің әнім жайлы бас ауыртпасы анық…

- Әйтсе де барлығы бірімен бірі ұштасатын дүние ғой. Мына тұрған түріктер бір ғана туристік индустриясының арқасында мұқым елге телесериалдарын тамашалатып, әндерін тыңдатып қойған жоқ па?

- Мен бұл арада тағыда шүкіршілік етуді алға тартамын. Күні кеше өзімізде дайын кадрлар болмағандықтан, шетелдік мамандар мен инвесторларды кіргізіп алғанымыз рас.  Алайда,  білікті азаматтар қалыптасса өз дүниемізге өзіміздің қожалық ететін күн де туар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» деген. Оған бола қызбалықпен бір- бірімізге оқ боратудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

- Бүгінде бас жарылып, көз шығып жатқан уақытта кешегі  Бүркіт пен Ұзақ батырдай, Жәмеңке шешендей ұл тудырған албанның арасынан алға шығар азаматтар неге бой көрсетпей отыр?

- Сіз айтып отырғандай қай қазақтың басы жарылып жатыр екен...

- Мәселен,  халыққа оқ атылған Жаңаөзен мәселесі мен қазасы құпия қалған Алтынбек пен Заманбектей арыстардың әруағын айтам?

- Ол ішкі саясатымыздың еншісіндегі мәселе ғой. Егер мықты саясаткер болсам, ойымды ашық ортаға салар едім. Менің бар айтарым да, көксейтінім де- қазақтың өнері.  Әйтсе де ол кісілердің жұмбақ қазасының сырын ертең күн уақыт өзі дәлелдеп берер. Қапылыста қаза болған сол ағаларымызға хақ тағала жұмақтан орын нәсіп етсін деймін.

Әңгімелескен Динар КАМИЛОВА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2022
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2023
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587