Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2908 0 пікір 5 Ақпан, 2014 сағат 14:16

Ахметжан Есімов: Алматы атауы ешқашан ауыстырылмайды!

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бір топ блогерлармен кездесті. Кездесу Villa de Fiori мейрамханасында өтті. Әкіммен әңгімелесуге шақырылған блогерлер #Есімовсәті хэштегімен твиттер әлеуметтік желісі арқылы Есімовтың сауалдарға берген жауаптарын қысқа қайырып жариялап отырды.

Қала әкімі қызметіне тағайындалғаннан бері жұрт арасында сынға ұшырап, күлкіге қалып, қала жұртшылығының түрлі мәселелерге қатысты наразылығынан құтыла алмай келе жатқан Есімов интернет пайдаланушылармен кездесуін бүгінгі күннің басты жаңалығына айналды.

Әкіммен кездесу өтіп жатқан мейрамхана сыртында өздерін «тәуелсіз блогерміз» дейтін бірнеше адам «Жағымпаз блогерлер» деген жазуы бар қағаз ұстап, кездесуге кіргізілмегендеріне наразылық танытқан. Оларды полиция «қоғамдық тәртіпті бұздыңдар» деп, ұстап алып кеткен. Ұсталғандардың ішінде «Азаттық» радиосының тілшісі де болған. Кейінірек полиция журналисті босатып, кешірім сұраған. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Қала әкімінің кездесуі фейсбук әлеуметтік желісінде да қызу талқыланды. Жиі сыналып, күлдіргі кейіпкеріне айналған  Ахметжан Есімовтың блогерлермен кездесуде айтқан сөздерін #Есімовсәті хэштегінен жинақтап ұсынып отырмыз.

#Есімовсәті:

А.Есімов: Қазіргі кезде Алатау ауданы ең тыныш аудан болып табылады

А.Есімов: Аз ұйықтаймын, 5-6 сағ. Тұра салып Euronews-ті көремін. Сосын интернетті қараймын. Газеттерден гөрі ғаламтордан аламын

А.Есімов: Маған пиар қажет емес, менің "Әкімге сұрақ сайтым" бар. Күніне 2000-3000 сұрақ келеді. Халықтың жағдайын жақсы білемін

А.Есімов: Мен tengrinews.kz пен zakon.kz ресурстарын оқимын.

А.Есімов: Табыстың 62% шағын және орта бизнес, 9% қаржы секторы береді

А.Есімов: «Барахолка» мен базарларға, сатушылар мен тұтынушыларға жақсы жағдай қалыптастыру маңызды шаруа.

А.Есімов: Биыл 1600 қоғамдық көліктің 900-і, яғни 50% көбісі муниципалды болатын болады.

А.Есімов: Бензин бағасы қанша ауытқыса да, газдың құны 40% төмен болып қала береді. Бұл экологияға да жақсы.

А.Есімов: Шаңғы тебуге барам, сол кездері алматылықтар келіп сұрақтар қояды. Кейде Көк базарға барамын, футболда боламын.

А.Есімов: Жауабым қысқа: Алматы атауы ешқашан ауыстырылмайды!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2047
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2478
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2062
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595