Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2853 0 пікір 20 Қыркүйек, 2009 сағат 11:10

ОРАЗА АЙТ МҮБАРАК БОЛСЫН!

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!

Мінеки, ораза ұстап, тарауық намазын оқып, пітір, садақамызды беретін қасиетті Ра­ма­зан айы да аяқталды. Алла тағаланың рахы­мы мен мейіріміне, кешірімі мен шарапатына толы бұл аймен қоштасарда көңілде қимас­тық сезімі ұялады. Мұны әлі талай еске ала­ты­нымыз хақ. Алайда қасиетті айдың артын­ша Айт мерекесі де келіп, дүние мен ақырет­тің ғажап құндылықтарын сездіріп, жүре­гі­мізді ерекше рақатқа кенелтті. Бұл мереке бір айлық оразадан кейінгі жалпы халықтық ауыз ашар іспеттес. Кей ғалымдардың бұл айтты "Ифтар" (ауыз ашар) айты" деп атауы да тектен тек емес.

Алла елшісінің (с.ғ.с.) хадистерінде айт мейрамына тағам жеп, сусын ішу, Алланы еске алу, қонақ күту тән екендігі білдірілген. Енде­ше айт күндерін құлшылығымызды ке­міт­пестен, көтеріңкі көңіл-күймен және басқа да сауабы мол істермен өткізгеніміз абзал.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәди­наға көшіп келгенде жергілікті халықтың мейрамдап көңіл көтеріп жатқанын көріп: "Бұл қандай мереке?" деп сұрағанда, олардан: "Бұл біздің Исламға дейін тойлап келе жат­қан мерекелеріміз" деген жауап естіді. Сонда Расулулла (с.ғ.с..): "Алла сіздерге бұдан да ұлық екі мейрам берді. Олар Рамазан және Құрбан айттары" деп осы ислами мейрам­дардың мәртебелі екендігін білдірген.

Айт күнінің өзіне тән жарасымды да сауап­ты амалдары мол. Ерте оя­нып, ғұсыл құйынып, дәрет алып, таза, жаңа киім киіп, жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу сүннет.

Ораза айтында ата-ана мен қарияларға сәлем беріп батасын алу, сырқат кісілерді зиярат етіп көңілін сұрау да ізгілікті амалдарға жатады.

Ренжісіп қалған кісілермен татуласып, қатынас үзілген туыстардың үйлерін аралау да ерекше маңызды. Өйткені Алла тағала: "Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр" ("Ағраф" сүресі, 199-аят) деп мұсылмандарды барынша кешірімді бола түсуге шақырған. Көңілі қаяу мұқтаж адамдар мен жарлы-жақыбай, міскіндер айт күндерінде көбірек көмек-қолдау, садақа күтіп, дәметеді. Сондықтан да мұндай мұқтаж жандарға қайыр-садақа үлестіріп, көңілдерін аулаған мақұл.

Ел мұсылмандары Қазақстанның жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатына қолдау білдірумен қатар ұлтаралық келісім мен дін­дераралық төзімділікті одан әрі де нығайтуға, сүйікті Отанымызды өркендету мен оның мәдени, рухани құндылықтарын сақтап, дамыта түсуге бұдан былай да күш-жігерін аямай жұмсай бермек. Біздегі бүгінгі өзара сыйластық пен жарасымдылық, ынтымақтастық пен діндерге деген құрмет басты мақсатымыз болып қала бермек. Біз бұл жетістіктеріміз үшін Алла тағалаға дәйім шүкіршілік етуге тиіспіз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елімізді әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына қосу жөніндегі бастамасына нақты іспен барынша қолдау білдіріп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарайық.

Елім, жерім, дінім, Отаным, халқым деп жар құлағы жастыққа тимей жүрген Елбасы мен ел қамындағы асыл азаматтарымызға Алла тағала жар болсын! Ойға алған іс-жоспарларын жүзеге асыруға күш-қуат бергей!

Асыл дініміз шақырғандай, бейбіт­, әрі өзара сыйластық пен ынтымақта өмір сүрер болсақ, онда бұдан да қарқынды дами түсеріміз сөзсіз.

Алла тағала Рамазан айында ұстаған ора­заларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, екі дүниенің бақытына бөлегей! Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Діні­мізге қуат, өзімізге иман байлығын бергей! Әумин!


Ізгі тілекпен, Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас Муфти
"Егемен Қазақстан" Республикалық газет, 2009-09-18

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2048
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2478
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2063
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1598