Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2409 0 пікір 19 Қыркүйек, 2009 сағат 08:07

«Мәңгілік президент» марафоны жалғасын тапты

Расында, «бұл риясыз көңіл ме, жымын білдірмей жасалған саяси ойынның жалғасы ма?», бұл жағына бас ауыртып қайтелік. Басты жаңалығымыз, Павлодар облысындағы «Солтүстік-Оңтүстік» электр желісінің екінші тармағының ашылуына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір «комплимент» естіді. Бұл жолы Андрей Рассоха деген екібастұздық энергетик «Осы жерде жиналған барлығымыз елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауы тек Сіздің арқаңызда мүмкін болғанын біледі. Айтарымыз, бізге басқа президенттің қажеті жоқ» деп салғаны. Елбасы жәй ғана жымиса керек. Осылайша, Ақтөбеден алауын тұтатқан «мәңгілік президент» марафоны Кереку жерінде жалғасын тапты.

Бұл уақытта күзгі салқынға қарамай, саяси бомондтың ішіндегі «Ұлт көшбасшысы» турасындағы пікір қайшылығы қызып келеді. Әрине, оппозиция ауылындағылар мұны «ескілік, архаика, монархия құрудың бастамасына» балап, батпан ойларын баспасөз беттеріне бастырып жатыр. Кәлетаев аузынан шыққан ұсынысты ара-тұра парламент қабырғасынан депутаттар, сенаторлар қолдап қояды. Тіпті, Нұрлан Ерімбетов «Ресейдің Қазақстандағы көзі» деп атайтын саясаттанушы Алексей Власов бұл идеяның орындылығын өз сараптамасында сызып өтті. Бұл жағдайда біздің саясаттанушылар да сыңаржақ пікір беріп, шорт кесуді қаламайтыны анық. Сонда да біз пікір сұраған қос саясаттанушы осы сұраққа қатысты позициясын нақ белгілепті.

Досым Сатпаев ұлт көшбасшысына лайықты бағасын қашанда халық беретіні және бұған бірталай жылдар керектігін баса айтты. Мұндайда, бұл үрдісті заңнамалық түрде жылдам бекітіп, атақты адамға тели салудың асығыс тірлік екені де белгілі жәйт. Оның үстіне.... бұл мәселені қозғау қанша жерден орынды болса да, уақыт жағынан сәл ыңғайсыздау болып тұр екен. Еліміз 3-4 айдан соң Еуропадағы ең беделді ұйымға төрағалық еткелі тұрғанда, мұнымызды «былайғы жұрт» дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.

Андрей Чеботарев болса, «Ұлт көшбасшысы туралы» заңның қабылдануы Нұрсұлтан Әбішұлының ғұмыр бойы президент болуының рәсімдеуін білдіретін болады деген ойда. Яғни, қазір де-факто жағдайды заңдастыру арқылы де-юре дәрежесіне шығару. Әйтсе де, «Ұлт көшбасшысы туралы» идеяның өзегінде терең идеологиялық-насихаттық контекст барын да жасырмады. Бірақ, ол жағына Андрей ағамыз тереңдемеді.

Рас-ау, Чеботарев бір нәрсені біліп айтады. Жалпы идеяның жақсы екендігі, егемендігін алған елдің тұрақтанып, оң-солын ажырата бастағаннан белгілі бір саяси-рухани идеалдарды қажетсінетіні - табиғи құбылыс. Оның үстіне, біз кеңестік идеологияның үйіндісінен енді-енді тазарып, келешек тұғырнамамызға тіректер іздеудеміз. Абылай хан - тарих, Қонаев та - тарих, тәуелсіздік алғаннан бері халық етен танитын тұлға керек. Кім бар? Көзге түскені кім екені белгілі. Әйтеуір, бұл жолғы ұсыныстың әке-шешесін тергегеннен гөрі, оның пендешілік пейілден бе, болашақ елдің дамуына бет-бағдар болатын игі мақсаттан ба?, жалпы қандай негізде туғанына алаңдасақ та жетер.

Әзірше Елбасы үнсіз...

Ө.ДАРХАН, «Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2486
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2075
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600