Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3740 0 пікір 13 Қаңтар, 2014 сағат 06:45

Бейсен Ахметұлы. Аралдар үшін таластың ақыры

Трансшекаралық өзендерге қатысты Конвенцияға қол қойып кірген ҚХР Ертіс пен Іле өзенін кенеусіз пайдаланып жатыр. Соның салдарынан Балқаштың «балығын тайдай тулатып, бақасын қойдай шулататын» Іленің суы азайып, ұлы мұхитқа барып құятын Ертістің де екпіні тежеліп барады. Эколог-мамандар Қытай осы беті екі өзеннің суын өзбетінше пайдалана берсе, Жетісу жері мен Шығыс Қазақстан, одан кейін тұтас Алтай өлкесін алапат шөл басуы мүмкін деген болжамдар айтады. Алайда, қол қусырып қарап отыра беру қате, қарекет керек. Төмендегі мақалада Жұңго жұртының да айылын жиғызатын жайттардың бар екендігі баяндалады. Сондай-ақ мақала авторы әлікүнге мәртебесі анықталмаған (теңіз бе, көл ме?) Каспийге қатысты мәселені де салыстыра ойлауға жетелейді. 

 

Қытай – оңтүстік теңіздегі аралдардың 75 пайызынан айрылған ел

Қытайдың оңтүстік теңіздегі иелік аумағы барған сайын тарылып барады. 1947 жылығы Қытайдың Гоминдаң үкіметі тұсында оңтүстік теңіздегі иелік құқы 3 миллион 600 мың шаршы шақырым деп тұрақтандырылған болатын.

Трансшекаралық өзендерге қатысты Конвенцияға қол қойып кірген ҚХР Ертіс пен Іле өзенін кенеусіз пайдаланып жатыр. Соның салдарынан Балқаштың «балығын тайдай тулатып, бақасын қойдай шулататын» Іленің суы азайып, ұлы мұхитқа барып құятын Ертістің де екпіні тежеліп барады. Эколог-мамандар Қытай осы беті екі өзеннің суын өзбетінше пайдалана берсе, Жетісу жері мен Шығыс Қазақстан, одан кейін тұтас Алтай өлкесін алапат шөл басуы мүмкін деген болжамдар айтады. Алайда, қол қусырып қарап отыра беру қате, қарекет керек. Төмендегі мақалада Жұңго жұртының да айылын жиғызатын жайттардың бар екендігі баяндалады. Сондай-ақ мақала авторы әлікүнге мәртебесі анықталмаған (теңіз бе, көл ме?) Каспийге қатысты мәселені де салыстыра ойлауға жетелейді. 

 

Қытай – оңтүстік теңіздегі аралдардың 75 пайызынан айрылған ел

Қытайдың оңтүстік теңіздегі иелік аумағы барған сайын тарылып барады. 1947 жылығы Қытайдың Гоминдаң үкіметі тұсында оңтүстік теңіздегі иелік құқы 3 миллион 600 мың шаршы шақырым деп тұрақтандырылған болатын.

Теңіз аумағындағы иелік құқына қатысты 1982 жылы қабылданған халықаралық Конвенцияға сәйкес,  құрлық жерден 370.4 шақырымға дейінгі (200 милл) аумақ –  арнаулы экономикалық аймаққа жатады.Міне, бұл, теңізбен көршілес елдердің иелік құқық мәселесі бойынша негізге алатын нормалары. Қытаймен теңіз арқылы шектесетін Филиппин, Индонезия, Бруней, Малайзия, Ветнам, қатарлы елдер де бұл теңізге   иелік құқықтары бар екенін алға тартып қана қоймай, өз мүдделеріне сай аралдарды игеріп те  отыр. Тіпті, мұнай-газ өндірісін барынша дамытуда.1930-1936 жылдардағы Батыс елдерінің   отарлап кіруі Қытайдың көрші мемлекеттермен қарым-қатынас барысында әлсіздік тантуына себеп болды.  Тек 1956 жылдан бастап теңіз айдындарына иелік ету мәселесі көтерілді.  

Қытайдың оңтүстік теңіз аумағында 130-дан астам арал бар. Ол аралдар негізінен Шиша топ аралдары(Paracel Islands) мен Нанша топ аралдары(Spratly Islands), Жоңша топ аралдары, Доңша топ аралдары болып төртке  бөлінген.    Жалпы Қытай Шиша топ аралдарына  иелік құқын  1974 жылғы Ветнам-Қытай соғысы арқылы қайтарып алды. Бұл 22 аралдан тұрады. Дегенмен алыс теңіз айдынындағы аралдарға иелік құқын бәрі бір  жолға қоя алмады.  Жоңша топ аралдары үшін Филиппин және Ветнам, Таюуан арасында дау туындап отыр. Ал Филиппин болса, Қуаңяндау(huangyan island) аралына 2010 жылдан бастап әскери нысандар тұрғыза бастады.

Нанша топ аралдарынан қазір Ветнам 29 аралға, Филиппин 7 аралға, Малаизяи 3 аралға, Бруней 1 аралға, ал Қытай бар болғаны 9 аралға иелік етеді. Оның үстіне Жоңша топ аралына жататын Қуаңяндау аралы(Huangyan island) мен Шығыс Қытай теңізіндегі Дяуюдау(Senkaku island) аралына қатысты Филиппинмен және Жапониямен арадағы шиеленісте Қытайдың беті қайтты. Бұның басты себебі ретінде Қытай халқы қазіргі биліктің жемқорлық жайлаған қорқақтығы мен АҚШ бастаған Батыс елдерінің қолдауына қол жеткізіп отырған көршілерін айыптайды.

 

Қытай Оңтүстік теңізден ығысып барады. Неге?

Ондағы себеп, біріншіден, көрші елдердің халықаралық заң нормаларына сай иелік құқын алға тартуы; Екіншіден, әр ел өзінің ішкі теңіздеріне жақын аралдарды иеленіп алды; Үшіншіден, АҚШ бастаған Батыс елдерінің қолдауы мен әскери көмегі олардың ҚХР өкіметінің пәрменіне қарсы тұруына қуат болды; Төртіншіден, Қытай билігінің АҚШ бастаған Батыс елдеріне  байланысты ымырашылдық саясаты Қытайдың әлсіздігін онан арман күшейтті.

Алып қытайды атағанда көздеріне алып айдахар елестейтін көрші елдер қазір қытайға қарсы бірлесе отырып саясат жүргізіуде. Тіптен 2012 жылы қытай азаматтарының ұлттық төлқұжат  картасына таластағы аумақтардың кіріп кетуі олардың ашуын туғызды. Филиппин, Индия, Ветнам сияқты елдер нота тапсырып, қытай азаматтарының төлқұжатын қабылдамай тастаған болатын. Оған Батыс елдері де араласқан.

Қытай экономикасының дамуынан сескенген АҚШ бастаған Батыс елдері түрілі жолдармен Қытайға  саяси-экономикалық қысым жасауды күшейтіп жіберді.  Оның үстіне ашықтан-ашық Филлиппин, Жапония, Ветнам қатарлы елдерге әскери қолдау саясатын жүргізуде.  Тіптен өткен жылғы Балықшы аралы(Дяу Юдау) үшін Жапонямен болған таласта АҚШ Қытайға ескерту жасады. Әрине бұл ескерту  Жұңго мемлекетінің ең жанды жеріне тигені белгілі. Ол ескерту – Қытай мәнсаптыларының АҚШ пен Батыс елдеріндегі банктерге қойған аманат ақшаларын әшкерлеу және олардың атын атау, тіпті қажет болса, қаржы айналымында тоқтатып, «мұздату» (заморозить) еді. Міне бұл қолына байлық біткен немесе мәнсәп ұстаған қытайлардың шетелге аударып, ұрлап жатқан ақшаларына жария ете жаздаған АҚШ-тың  қатаң ескертуі болатын.

 

Оңтүстік теңіз аумағы – мол байлық көзі

Оңтүстік қытай теңізі – әскери және стратегиялық мәселеде маңызды  ғана емес,  мол байлық базасы. Ондағы мұнайдың   қоры 140 миллиард тоннадан астам болса, газдың запастағы қоры  250 миллиард текше метрден асады. Оның үстіне балық шаруашылығының қайнаған ортасы. Қытай осы байлықты армандағанымен әзірше мүмкіндігі болмай отыр.

Қазір Қытай өзіне тиеселі санайтын Оңтүстік Теңіз аумағының  80 пайызы –  таластағы аумаққа айналып, Қытайдың ашық теңіздегі мүддесіне шектеу қойды. Тіптен теңіз жолдарын бөгеп тастады. Ол аз болғандай әр ел өзінің иелік ұққық көлемін белгілеп, мол мұнай және газ байлығын ашты.  

Қазір Ветнам, Малайзия, Филиппин   елдері өздерінің иелік етіп отырған теңіз айдындарын қорғау үшін әскери дайындықтарын күшейтіп жіберді. Сонымен қатар теңіз аумақтарында мұнай-газ саласы бойынша өнеркәсіпті барынша қолға алып отыр. Әсіресе, экономикалық қуаты күшті Малайзияның тебіні қатты. Малаизия күніне 645 мың барелл мұнай өндірсе (1991), Малайзияға тәуелді саналатын осы теңіз аумағындағы мұнайдың запас қоры 16 миллиард тоннадан асады деп межеленуде, ал 260 мың адамы бар Брунейдің негізігі табыс көзі – мұнай экспорты. Бруней мұнайы экспортының жартысын Жапония алатынын да ескеру керек.

Ветнам 4 мұнай алабын ашса, Филиппин шетел компанияларымен бірлесе отырып мұнай бұрғылай бастады.

1982 жылы қабылданған халықаралық Конвенцияға сәйкес кез келеген елдің  Теңіздің айырықша экономикалық аумағына жататын, теңіздің ішіне 200  милл кіретін аумақтан шығатын байлыққа ие болуға құқы бар. Демек, Конвенцияға мүше болып кірген Қытайдың  енді таласуға заңды құқы жоқ екенін ескерсек, Қытай өзінің ұтылғанын ақыры мойындауы керек. Әзірше олай болмай тұр. Міне  дәл осы жайт қазіргі ҚХР өкіметінің қызғанышын тудырып, төзімін тауысып барады.

Қысқартып айтқанда, Қытай енді оңтүстік қытай теңізіне қожа болудан кетті. Көршілерімен таласып, күш көрсетудің де тиімсіз тәсіл екенін түсінді.

(1982 жылғы қабылданған халықаралық конвенция сәйкес теңізге иелік ету құқығының сипаттамасы)

Abai.kz

 

0 пікір