Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2969 0 пікір 9 Қаңтар, 2014 сағат 12:44

Интернет-конференция: Жүрсін Ерман (1-жауап)

Қазақтың еркіндігі мен азат ойының ықылым замандардан бергі айнасы болып келген бекзада өнер айтысты Совет заманында аяғынан тұрғызып, халқымен қауыштырып, сол өнердің ыстығы мен суығына шыдап, 30 жылдан астам уақыт айтысты өрге сүйреп келе жатқан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман мырза оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдардың алғашқы легіне жауап беріп отыр. Соңғы болған айтыс төңірегіндегі сауалдарға жинақтай жауап берген Жүрсін Ерман: «Басқа басқа, дәл Бекболаттың мені шеттететіндей реті жоқ қой дегенде не тұр? Мынандай мысал келтірейін.  Байтақ жерді игеріп, егін ектік дейік. Жерді алу, жырту, тұқым тауып, себу, оны баптау, күту, жанар-жағар май тауып, мол өнімге енді жеткен кезіңде біреу келіп сол егініңді мен де ора берейін десе, шамданасың ба, жоқ па? Мен өз басым ғана емес, үй-іші, бала-шаға, дос-жараныммен осы айтысты жолға салу үшін қанша ақірет шеккенімді Бекболат біледі ғой. Мені «күресінге итере салудың» (Мұқағали), не жөні бар деп ініме базына айтсам, оны соншама жалаулатудың не қажеті бар. Сол айтыстың алдында 2-ақ апта бұрын менімен бір күн бойы бірге жүрген Мұқаметжанның маған ол туралы жақ ашпай кетуі кісілікке жата ма? Мен кейідім, Бекболат кішірейді» дейді.

Abai.kz

- Жүрсін аға, интерент-конференцияға қош келдіңіз! Қазір қайдасыз? Нені кәсіп етіп жүрсіз?

- Мен былтыры бір жылдай Мәдениет министрлігінің қарамағында айтыс деген бөлім ашылып, сонда екі-үш ақынмен бірге қызмет жасадым.

Биылғы жылдың маусым айынан бері, жаңа тағайындалған министр Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің ұсынысымен Алматыға келіп, Республикалық кітап музейін басқарып отырмын. Істеймін деген адамға жұмысы көп бұл жердің. Мұражайдың іші толған тұнып тұрған қазына: мың жыл бұрын шыққан кітаптардың, ескі, сирек кездесетін, өте сирек кездесетін қолжазбалардың жинақталған жері. Мұражай қорында 62 мыңнан артық кітап бар.

Әрине, мұражайдың қазіргі жағдайы қолдауға ділгер болып тұр. Жөндеу жұмыстарына, мұражай экспонаттарын заманауи технологияға сәйкес жабдықтауға талап қылсақ, істейтін жұмыс көп. Мұражай қорына қатысты бір ғана фактіні айтып берейін, мына батыс Қазақстанда, баяғы Бөкей ордасында 1917-18 жылдары «Ұран» деген газет шығып тұрған екен. Энцклопедияға қарасаңыз, «Ұран» газеті шығып тұрған деп жазылған. Бірақ, газеттің өзі жоғалып кеткен. Мен осы қызметке келген соң, сирек кітаптар қорынан қарасам, сол «Ұран» газетінің 22 нөмірі 65 жылдан бері сақталып тұр екен. Газет – араб қарпінде. Бұл – үлкен жаңалық. Арабшадан кириллицаға түсіріп, көлемді мақала дайындап жатырмын. Басқасын айтпағанда, баяғы Кәкітай мен Ахмет шығаратын Абайдың алғашқы кітабының жалғыз нұсқасы осы мұражайды сақтаулы. Осындай аса құнды тарихи жәдігерлер сақталған, әдемі, ұлттық маңызы бар жерге қызметке келіп отырмын.

- Соңғы болған айтыста Сізге шапан жабылды. Шапан жауып шығарып салу деген түсінік бар. Өзіңіз қалай қабылдадыңыз? Мейіржан деген жүргізген сол айтыста күлмей қойдыңыз. Неге?

- Мен бұл сұраққа жауап бермес бұрын, мына бір сауалға жауап берейінші. Маған қойылған сұрақтардың бәрін көріп отырмын: сұрақ берушілер нақты аты-жөнін қоймапты. Сосын бәле-жала іздеген сауалдар көп екен: Бекболатпен араңдағы шатақ, «Нұр Отанмен» арадағы шатақ, соңғы айтыстағы шатақ деп қайталанып келе береді екен. Сондықтан, мәселенің басын ашып алу үшін Бекболат туралы сұрақтарға жауап берейін:

Бекболат менің інім іспетті жігіт. Бастауыш сыныпта оқып жүріп сахнаға шыққаннан бері көз алдымда. Есейіп, есін жиғаннан кейін көзіміздің қуанышына айналды. Студент кезінен бастап менің көп қамқорлығымды көргенін өзі де әр жерде айтып жүр. Осыдан 4-5 жыл бұрын болса керек, мен оны қазақкөшін жетелеуге лайық жігіт деп бірнеше сұхбатта жарияладым. Күзде, неге өкпелесіп қалдық? Бұл әншейін ағайын арасында бола беретін қазақы өкпе-наз. Өзі өткізіп жатқан айтыстың ақылдасуына мені неге қоспады, неге бірлесіп атқармадық деуге менің қақым бар шығар деп білемін. Осы қыңыратқы кезінде артық-ауыс айтылған сөзде бар шығар. Оны неге ұшындыра бересіңдер? Қазаққа бәле-жала, дау-дамай керек. Өгіз өліп, арба сынатындай ештеңе жоқ қой. Басқа басқа, дәл Бекболаттың мені шеттететіндей реті жоқ қой дегенде не тұр? Мынандай мысал келтірейін.Байтақ жерді игеріп, егін ектік дейік. Жерді алу, жырту, тұқым тауып, себу, оны баптау, күту, жанар-жағар май тауып, мол өнімге енді жеткен кезіңде біреу келіп сол егініңді мен де ора берейін десе, шамданасың ба, жоқ па? Мен өз басым ғана емес, үй-іші, бала-шаға, дос-жараныммен осы айтысты жолға салу үшін қанша ақірет шеккенімді Бекболат біледі ғой. Мені «күресінге итере салудың» (Мұқағали), не жөні бар деп ініме базына айтсам, оны соншама жалаулатудың не қажеті бар. Сол айтыстың алдында 2-ақ апта бұрын менімен бір күн бойы бірге жүрген Мұқаметжанның маған ол туралы жақ ашпай кетуі кісілікке жата ма? Мен кейідім, Бекболат кішірейді. Осымен тамам емес пе? Ал Бекболат пен Дәурен Қуаттың арасындағы кикілжің сияқты бірдеңеге мені араластырудың еш қисыны жоқ. Білмейтін шаруам. Ырғасар да қояр. Бекболаттың діни ұстанымы маған ұнамауы мүмкін. Ол өз шаруасы. Мен ата-бабамның дәстүрлі дінін құрметтеген адаммын. Діни сауатым аз. Шамам келгенше иманымды толықтырсам деймін. Балаларым түгілі үш-төрт немерем де намазға жығылған. Оларға да Әбу–Ханифе масхабынан ауытқымаңдар деп ескертіп, тыйып отырамын. Кімгекім жөн айтқандай? Талай данышпанның басын қатырған дін жұмбағы бізді де мазалайтыны рас. Әйтеуір өз ұстанымымызды қоғамға таңбасақ, осы мақсаттарымыз үшін халық өнерін арбаға жегіп жібермесек екен деген қауіпімді есі бар қазақ ұғар деймін. Ең қорқыныштысы, екі інімнің арасындағы түсініспеушілік кезінде небір ауыр сөздер айтылып жатыр екен. Мен өзім интернетпен әуестігім жоқ адаммын. Осы конференцияға байланысты екі сайтты ашып қарап едім, аза бойым қаза болды. Не деген ғайбат сөздер? Дәуреннің жеке басын, немесе Бекболаттың жеке басын осынша қорлауға бола ма? Соншама ауыр сөздер айтуға бола ма? Атымды жазбайды екенмін деп не болса соны шата беруге бола ма? Мен Дәуренмен онша араласпаған адаммын, бірақ оны соншама күстаналаушылардың қылығынан шошындым. Обал қайда, ар-ұят қайда? Бүгінгі қазақ қоғамының сиқы осы болса, қайда барып оңамыз? Осымен, Бекболат туралы қайталанып келетін сауалдардың бәріне жауап бердім ғой деп ойлаймын. Сонымен, бұл тақырыпқа қайта айналып соқпай-ақ қоялық.

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір