Жексенбі, 29 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 130039. Жазылғандар — 116044. Қайтыс болғандар — 1990
Жаңалықтар 1961 0 пікір 8 Қаңтар, 2014 сағат 10:53

Уаххабтік жолдағы миссионерлер - бұл нағыз революциялық тенденция

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

С.Н.Ахметовке,

ҚР Бас прокуроры

А.Қ.Дауылбаевқа

 

Депутаттық сауал

Қадірлі Серік Нығметұлы!

Құрметті Асхат Қайзоллаұлы!

Жақында ғана қызмет бабымен аймақтарға барып, халықтың мұң-мұқтаждарымен танысып, айрандай ұйып отырған ауылдардың бірлігін бұзып отырған діни ағымдар туралы қанығып қайттым. Уақыт өткен сайын бұл мәселенің ушығып бара жатқанын енді ашық айтқан орынды деп білемін. Себебі «ауруын жасырған арам өледі» дейді атам қазақ. Мұндай үлкен проблеманы тоқтатпасақ, ертең еліміздің қауіпсіздігіне үлкен қатер төніп тұрғанын ескергеніміз жөн.

Қазіргі таңда қоғамымызда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дінімізді исламға жат дүниетанымдағы ағым ретінде көрсету белең алып барады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

С.Н.Ахметовке,

ҚР Бас прокуроры

А.Қ.Дауылбаевқа

 

Депутаттық сауал

Қадірлі Серік Нығметұлы!

Құрметті Асхат Қайзоллаұлы!

Жақында ғана қызмет бабымен аймақтарға барып, халықтың мұң-мұқтаждарымен танысып, айрандай ұйып отырған ауылдардың бірлігін бұзып отырған діни ағымдар туралы қанығып қайттым. Уақыт өткен сайын бұл мәселенің ушығып бара жатқанын енді ашық айтқан орынды деп білемін. Себебі «ауруын жасырған арам өледі» дейді атам қазақ. Мұндай үлкен проблеманы тоқтатпасақ, ертең еліміздің қауіпсіздігіне үлкен қатер төніп тұрғанын ескергеніміз жөн.

Қазіргі таңда қоғамымызда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дінімізді исламға жат дүниетанымдағы ағым ретінде көрсету белең алып барады.

Бүгін уаххабтік жолдағы миссионерлер қазақ мұсылмандық түсінігіне оның тарих бойы жинақталған, болмысқа айналған, түсінік танымын жоққа шығарып бағуда. Бұл дегеніңіз зардабы кешегі коммунистік идеология жүргізген ұлтсыздандыру саясатынан да асып түсетін қасірет. Бұлар қазақты бүгін ғана мұсылмандықты қабылдаған ел сияқты көрсетіп, өздерін таза ислам атынан, кей жерлерде Алланың атынан сөйлеп халықты қалыпты діни сенімі мен танымынан бездіруге жұмыс жүргізуде. Демек олар қазақтың сан ғасырлық тарихы мен діни тәжірибесін жоққа шығаруды мақсат еткен. Бұл нағыз революциялық тенденция. Ал исламның рухында революция емес, эволюция ғана бар екендігін неосалафилер сезінбейді де. Тек өздерінің танымын ғана тықпалай береді. Яғни, еркін сұхбатқа емес, психологиялық қысымға негізделген рухани экспанциясын жүргізіп отыр. Бұл зайырлылық ұстанымына қайшы әрекет. Сондықтан зайырлылық түсінігіне анықтама беру, нормативтік құқықтық актілердегі зайырлылық функцияларын қайта қарастырмаса, ағымдарды айтақтаған сырттан тікелей қол сұғушылар тәуелсіздігімізге қауіп әкелмек.

Салафилер музыка, театр, өнер, туылған күн тойлауды харам, күнә деп есептейді. Бұлар – уаххаби ағымындағылар үшін Аллаға серік қосу (ширк) және дінге жаңалық қосу (бидғат). Одан қалды беташар сияқты салт-дәстүрлерімізді жоққа шығарып, тыйым салуда. Шариғатқа емес, конституцияға бағынған адамды бір Құдайға сену формуласын бұзғаны үшін «көп Құдайға табынушы» (арабша – мүшрік, кәпірдің бір түрі) атанады. Уаххабилердің пікірінше, пенделер ойлап тапқан конституцияға бағыну арқылы ол адам конституцияны Құдай заңына теңгеріп, оны жазған адамдарды Құдайға санағанмен бірдей күнә жасайды. Бұл дегеніңіз құдай бетін аулақ қылсын ертең олар еліміз ішінде бүлік шығаруға негіз болатын идеологиялық кеңістік жасап, АҚШ әскерін Ауғанстаннан әкеткен жағдайда еліміздің тұрақтылығына кері әсерін тигізбек мақсатта. Қысқасы, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтымызды ревизиялап, шырқымызды бұзуда. Ұлттық қауіпсіздігімізге орасан зардаптарын тигізуде.

Жоғарыда атап өткендерді ескере отырып, қадірлі Премьер-министр, құрметті Бас Прокурор, Сіздердің алдарыңызға бірнеше мәселелерді ұсынамын:

  1. Мемлекет және дін арасындағы қатынас нақты емес. Яғни, мемлекет тарапынан дін конституциялық шеңберде құбылыс ретінде қабылданбаған. Конституцияда әр адамның дін таңдауынан өзге нақты категория қалыптаспаған. Егер нақты түсінік қалыптасса, ЖОО мен мектептерде қазақ мәдениетінің ислам өркениетіндегі орны, дәстүрлі ислам діні туралы оқытылуы тиіс еді. Оған да кадр, база, материал, ғылыми зерттеу институты қалыптасушы еді. Дегенмен Елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасында орын алған еңбектер білім беру процесінде жоқ. Енбеген. Ол діни білім беру болсын, тарихи, мәдени болсын, көрінбейді.
  2. Жауапты орган ретінде Мемлекеттік Дін істері агенттігі, құқық қорғау органдарының дін істеріне қатысты жауапкершілік жүктеу туралы заң жобасын жасау, оны қабылдау.

Аталмыш ұсыныстар мемлекеттілігіміздің қауіпсіздік, идеология, мәдениет және білім салаларын қатты қамтитындықтан, әрі ұсыныстардың өзекті екенен ескере отырып, өзіңізден заң шеңберінде әрекет етіп, жауап беруіңізді сұраймын.

 

ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаттары:

Б. Смағұл                                                                               

Б.Ертаев

0 пікір