Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2634 0 пікір 16 Қыркүйек, 2009 сағат 09:26

Ғаділбек Әкім. Экономиканың тұрақтала бастауы, дағдарыстың II толқыны туралы болжамның негізсіз екенін көрсетеді.

Бүгінгі күні Қазақстан, Ресей және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында әлемдік экономиканың біртіндеп жандана бастағаны, өсім нышанының пайда болғаны туралы жиі айтылып, жазылып жүр. Дағдарыс бастау алған АҚШ экономикасы бір жарым жылдан бері рецессия қалпынан шыға алмай, бұл елдегі жұмыссыздар саны 2008-ші жылы 2,6 млн. адамнан асты. Барак Обама әкімшілігі қабылдаған және АҚШ конгресінің қолдауына ие болған дағдарыс салдарымен күресу бағдарламасы бойынша, экономиканы тұрақтандыру, өндірісті жандандыру үшін бюджеттен 787 млрд. АҚШ доллары бөлінді. Обама әкімшілігі қабылданған бағдарламаның арқасында 4 млн. адамға жаңа жұмыс орындарын ашуға, жұмыссыздарға өтемақы көлемін арттыруға, елдің жол-транспорт жүйесін қайтадан жөндеуге, жаңа технологиялармен баламалы қуат көздерін дамытуға, жалпы алғанда, АҚШ экономикасын жандандырудан үмітті. Аталған қаржының бөлінуіне және бағдарламаның дұрыс, орынды атқарылуына байланысты АҚШ экономикасы аздаған болса да қайта қалыпқа келудің нышандарын көрсетуде. АҚШ қаржы министрі Тимоти Гайтнердің пікірінше, ел экономикасының толық қалпына келуі туралы айтуға әлі ерте, алайда, АҚШ қаржы институттары, банктердің жағдайлары дұрыстала бастауына байланысты АҚШ үкіметі қаржы дағдарысы салдарына қарсы шаралардың кейбір бөлігінен енді бас тартуы мүмкін екенін айтып отыр.

Бүгінгі күні Қазақстан, Ресей және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында әлемдік экономиканың біртіндеп жандана бастағаны, өсім нышанының пайда болғаны туралы жиі айтылып, жазылып жүр. Дағдарыс бастау алған АҚШ экономикасы бір жарым жылдан бері рецессия қалпынан шыға алмай, бұл елдегі жұмыссыздар саны 2008-ші жылы 2,6 млн. адамнан асты. Барак Обама әкімшілігі қабылдаған және АҚШ конгресінің қолдауына ие болған дағдарыс салдарымен күресу бағдарламасы бойынша, экономиканы тұрақтандыру, өндірісті жандандыру үшін бюджеттен 787 млрд. АҚШ доллары бөлінді. Обама әкімшілігі қабылданған бағдарламаның арқасында 4 млн. адамға жаңа жұмыс орындарын ашуға, жұмыссыздарға өтемақы көлемін арттыруға, елдің жол-транспорт жүйесін қайтадан жөндеуге, жаңа технологиялармен баламалы қуат көздерін дамытуға, жалпы алғанда, АҚШ экономикасын жандандырудан үмітті. Аталған қаржының бөлінуіне және бағдарламаның дұрыс, орынды атқарылуына байланысты АҚШ экономикасы аздаған болса да қайта қалыпқа келудің нышандарын көрсетуде. АҚШ қаржы министрі Тимоти Гайтнердің пікірінше, ел экономикасының толық қалпына келуі туралы айтуға әлі ерте, алайда, АҚШ қаржы институттары, банктердің жағдайлары дұрыстала бастауына байланысты АҚШ үкіметі қаржы дағдарысы салдарына қарсы шаралардың кейбір бөлігінен енді бас тартуы мүмкін екенін айтып отыр. Әлемдік қаржы дағдарысының, жалпы дүниежүзі қауымдастығы үшін осы уақытқа дейін алып келген шығыны 10 трлн. АҚШ долларына бағалануда. Осы тұста дағдарыс салдарымен күресу үшін ең ауқымды бюджетті және масштабты бағдарлама қабылдаған елдердің алдыңғы қатарын АҚШ пен Ұлыбритания бастап келеді. АҚШ дағдарыс салдарымен күресу үшін 3,6 трлн. АҚШ долларын шығындаса, Ұлыбритания өзінің ІЖӨ-нің 94%-ы болатын 2,4 трлн. АҚШ долларын жұмсап үлгіріпті. Жақында Халықаралық валюта қорының атқарушы директоры Доминик Стросс-Кан, әлемдік экономиканың жандануы 2010-шы жылдың алғашқы жарты жылдығында қалыпқа келуі мүмкін дей келе, дағдарыс әлі де жалғасуда, сол себепті оның салдарымен күресуді бір мезгіл де тоқтатпаған дұрыс деуде. ХВҚ қыркүйек айының басында әлем экономикасының дамуы туралы жаңа болжамдарын жариялады, онда ресми емес мәліметтерге қарағанда әлемдік ІЖӨ-нің ағымдағы жылы 1,4%-дан 1,3%-ға қысқаратыны туралы және әлемдік экономиканың 2010-шы жылы 2,5%-дан 2,9%-ға дейін өсетіні туралы мәліметтер келтірілген. Ресей Федерациясының экономика секторындағы соңғы мәліметтерге назар салсақ, солтүстік көршімізде соңғы айлардан бері өндіріс саласында ай сайын 1%-дық өсім байқалуда, сол себепті Ресей үкіметіндегілер алдағы жылы федералды бюджет түсімі де молығырақ болады деп болжамдап отыр. Әлемдік экономиканың және Ресей экономикасының аз да болса да, өсім көрсетуіне байланысты ресейліктер бұрынғы әлеуметтік-экономикалық, бюджеттік кіріс болжамдарын қайта қарауда және Ресей президентінің көмекшісі Аркадий Дворковичтің пікірінше, егер экономикалық өсім өсу нышаны жалғасатын болса, шетелден қарыз, займ алуды белгілі бір деңгейге дейін төмендетеміз деуде. Қазақстан секілді Ресей де мемлекет бюджетін қалыптастыруда әлемдік мұнай, шикізат экспортының бағасына жіті назар аударатыны белгілі. Мұнай бағасының әлемдік нарықта аз да болса өсуіне байланысты, осы жылы Ресей мемлекеттік бюджеті қосымша 0,5 триллион рубльге толықпақ. Ресей билігіндегілер жағдайдың жалпы жақсару, позитивті белгілер көрсетуіне қарамастан, экономиканың толық тұрақтауы туралы айтуға әлі ерте, соған байланысты, дағдарыс салдарымен күресу бағдарламасымен шараларын толықтай жалғастыра береміз деп мәлімдеп отыр. Қазақстандағы жағдайға келетін  болсақ, үкіметтің осы жылдың басынан бастап қабылдаған жалпы және нүктелі шаралары экономиканың техникалық рецессияға өтуіне жол бермегенімен қатар, макроэкономикалық тұрақтылықтың белгілі бір деңгейден төмен түспеуіне әсерін бергені мәлім. Сонымен қатар, Қазақстан экономика және бюджетті жоспарлау министрінің айтуынша, өткен жылғы маусым айымен салыстырғанда, ағымдағы жылдың маусым айында экономиканың өсуі 1,4%-ға артқан екен. Қазақстан дағдарыс салдарына қарсы шаралараға Ұлттық қордан ел ІЖӨ-нің 14%-ы  болатын сомада, яғни 19 млрд. АҚШ долларын жұмсады. Экономикадаға өсім негізінен ауылшаруашылық саласында байқалып, саланың өсім көрсеткіші 2,7%-ға артыпты. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында елдегі негізгі капиталға инвестиция тарту 7,3%-ға артып, барлық салынған инвестиция көлемі 2 трлн. 599,1 млрд. теңгені құрап отыр. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жартыжылдықтың жасаған әлеуметтік-экономикалық  қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестиция тарту өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға артық болып тұр. Сонымен бірге, еліміздегі үлкен қалаларда тұрғын үй рыногі де өсім нышанын көрсетуде. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елде жол картасы бойынша 256 мың адамды жұмыспен қамту керек болса, ағымдағы жылдың тамыз айында соның 254 мыңы жұмыспен қамтылған, дегенмен де бұл сан шындыққа қаншалықты сәйкес екенін айту қиын. Жақын уақытта Астанада 2010-2012-жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралуы тиіс, осы тұрғыда бюджеттің сапасы, негізделуі, жоспарлануы сонымен қатар, орындалуы қалай, қандай деңгейде болатынын уақыт анықтар. Алдағы 2010-шы жылы ел ІЖӨ-нің өсуі 2,4%-дан 2014-ші жылға таяу 3,9%-ға артады деп болжануда. Қазақстан экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінң болжауынша, келер жылы республика бюджетінің түсімі 3 трлн. 189,6 млрд. теңге шамасында болуы мүмкін деп күтілуде, бұл өткен жылдың бюджеттік кірісінен шамамен 300 млрд. теңгеге артық екен. Жалпы алғанда, Қазақстанның дағдарыс салдарына қарсы бағдарламасымен қабылданып жатырған шараларын шетелдік мамандар жақсы бағалауда. Мәскеулік ФБК аудиторлы-консалтингтік компаниясының сарапшылары, Қазақстанның қаңтар айында қабылдаған бағдарламасы уақытылы қабылданған және Ресейдің, ТМД-ның басқа елдерінің бағдарламаларына қарағанда, анағұрлым жүйеленген, барлық сала бойынша нақты ойластырылған деген шешімге келіп отыр. Ресей, Украина елдерінің дағдарыс салдарымен күресуге қарсы бағдарламалары Қазақстанның бағдарламасымен антидағдарыстық шараларымен салыстырғанда, эффектілігі жағынан біршама артта қалуда. Қазақстанның дағдарыс салдарына қарсы шаралары Ресейдің экономика саласында қабылданған шараларына қарағанда, Қытайдың ел экономикасын ішкі сұраныстар арқылы арттыру, дамыту жолын таңдағанға ұқсастау, дейді ресейлік мамандар. 
Қазіргі кезде бүкіл әлем дағдарыстан шығу жолдарын іздеп, қаржы және барлық ресурстарын дағдарыспен күресуге жұмсап, соның нәтижесінде соңғы жартыжылдықта экономикада қозғалыс, өсім белгілері пайда болып келе жатырған кезде, «дағдарыстың екінші толқыны болады», «дағдарыс енді күшіне енді», «дағдарыстан шыға алмаймыз», «дағдарыс әлі ұзақ болады» - деген пессимисттік кейіптегі пікірлермен болжамдар орын алуда. АҚШ Федералдық резервінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің пікірінше, дағдарыс қайталанады, бірақ та, ол басқа кейіпте келуі мүмкін дейді. Оның пайымдауынша, көп жылдық экономикалық өсімнен кейін бәрібір түбінде дағдарыс немесе тоқырау орын алуы тиіс, сонымен қатар қаржы-экономикалық дағдарыстар бірі-біріне көп ұқсай бермейді деп отыр, маман. Осындай тұрғыдағы болжамды Нобель сыйлығының лауреаты Джон Стиглицпен миллиардер Джордж Сорос та айтып келеді. Гринспен, Стиглиц, Сорос секілді әлемдік деңгейдегі беделді қаржыгерлердің болжамдары растала ма, әлде бұл тек пікір ме, оны уақыттың өзі айқындар. Әрине, әртүрлі пікірлермен болжамдардың болуы орынды, дегенмен де, әлемдік экономиканың аз да болса өсім көрсетуі, әлемнің және Еуроодақтың кейбір мемлекеттерінің рецессия процесінен баяу болса да, шыға бастауы, дағдарысқа қарсы бағдарламалармен біріккен, ортақ үйлестіру жұмыстарының жүйелене түсуі, оның ішінде Қазақстан экономикасының аздаған өсіммен позитивті белгілер көрсетуі, жалпы алғанда жағдайдың оңалып келе жатырғанын аңғартады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2009
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2429
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1993
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1581