Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2201 0 пікір 16 Қыркүйек, 2009 сағат 09:04

Қарағанды облысының прокуроры балалар еңбегін пайдаланған кәсіпкерлерді жауапкершілікке тартты

Қарағанды. 15 қыркүйек. ҚазТАГ-  Қарағанды облысының прокуратурасы балалардың еңбегін заңсыз пайдаланудың сорақы фактілерін анықтады.

ҚазТАГ-қа облыс прокурорының аға көмекшісі Нұрбек Құзбақов хабарлағандай, балалар еңбегін пайдалану әсіресе ауылды жерлерде кең тараған. «Абай ауданының «Барыс» шаруа қожалығында 7-8 сынып оқушылары таңертеңнен кешке дейін қырыққабаттың арам шөбін отаумен болған. Тура осындай кәмелетке толмаған балаларды «Тұрсын» шаруа қожалығында пайдаланған. Мұнда да балалар таңғы 9-дан кешкі алтыға дейін жұмыс істеген. Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында фермердің жеке ауласында олигофрения диагнозы қойылған балалар жұмыс істеген. Қожайын оларды ауық-ауық тамақ беру арқылы пайдаланған», - дейді прокурор.

Қадағалау органы сондай-ақ дәмхана, ЖЖҚС, автоорталықтар, балалардың еңбегін пайдалануы мүмкін басқа да нысандарды тексерді. Жезқазғандағы «Батыс» автоорталығында жасөспірімдер аптасына 24 сағат автожуушы болып жұмыс істеген. Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының көңіл көтеру мекемелері мен дәмханаларында ешқандай еңбек келісімінсіз кәмелетке толмаған даяшылардың жұмыс істеп жатқан фактілері анықталған. 

«Прокурорлардың ұсынысымен мемлекеттік еңбек инспекторларының қаулыларымен еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыс берушілер айыппұл төлеу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталған бұзушылықтардың талдамасы департамент инспекторларының қадағалау мен әлеуметтік қорғау міндеттерін тыңғылықты орындамайтындығын айғақтайды», - дейді прокурор.

Тексеру қортындысында Қарағанды облысының балалардың құқығын қорғау департаментіне анықталған фактілер туралы анықтама жіберілді, ал қадағалау мен әлеуметтік қорғау департаментіне заңдылықтардың бұзылуын жою туралы ұсыныс тапсырылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2016
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2434
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2007
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1585