Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2899 0 пікір 19 Желтоқсан, 2013 сағат 03:25

Интернет-конференция: Арман Байқадам (2-жауап)

Конференциямыздың кезекті қонағы – «Baikadam Holding» компаниясының бас директоры Арман Байқадам оқырмандардан келіп түскен сауалдарға жалғасты жауап беріп отыр.  Арман мырза латын әліпбиіне өту мәселесінде кездесуі ықтимал кедергілер жайлы сұраққа жауап бере келіп: «Орысша ойлап, орысша сөйлейтіндердің көпшілігі ағылшын тілін жақсы біледі. Оларға латын қарпі қиындық тудырмайды. Ойлау жүйесі артта қалып қойған адамдар болмаса, оларға пәлеңдей мәселе емес. Керісінше, орыс тілділер үшін латын қарпі қазақ тілін үйренуге көп мүмкіндік береді.» дейді.

 

- Сізді замандастарыңыз сыртыңыздан қазақтың Стив Джобсы деп атайды. Неге бұлай атайды. Әлде, Джобстың принциптерін жиі айтатындықтан ба, әлде, соған ұқсауға тырысасыз ба?

– Think different – өзгеше ойла. Стив Джобс осы принципін ұстана отырып, дамудың үлгісін, бүкіл әлемге көрсетіп кетті. Аталған принцип бізге де кәдеге жарап қалар. Замандастарымның мені Стив Джобсқа ұқсататынын білмеппін.

- Қайырылымдылық шаралар істеп тұрасыз ба? Қандай спонсорлық қызметтеріңіз бар?

– Қазақта «Оң қолыңның бергенің, сол қолың білмесің» деген аталы сөз бар. Қолдан келсе, риясыз көмек көрсеткенге не жетсін?!

Конференциямыздың кезекті қонағы – «Baikadam Holding» компаниясының бас директоры Арман Байқадам оқырмандардан келіп түскен сауалдарға жалғасты жауап беріп отыр.  Арман мырза латын әліпбиіне өту мәселесінде кездесуі ықтимал кедергілер жайлы сұраққа жауап бере келіп: «Орысша ойлап, орысша сөйлейтіндердің көпшілігі ағылшын тілін жақсы біледі. Оларға латын қарпі қиындық тудырмайды. Ойлау жүйесі артта қалып қойған адамдар болмаса, оларға пәлеңдей мәселе емес. Керісінше, орыс тілділер үшін латын қарпі қазақ тілін үйренуге көп мүмкіндік береді.» дейді.

 

- Сізді замандастарыңыз сыртыңыздан қазақтың Стив Джобсы деп атайды. Неге бұлай атайды. Әлде, Джобстың принциптерін жиі айтатындықтан ба, әлде, соған ұқсауға тырысасыз ба?

– Think different – өзгеше ойла. Стив Джобс осы принципін ұстана отырып, дамудың үлгісін, бүкіл әлемге көрсетіп кетті. Аталған принцип бізге де кәдеге жарап қалар. Замандастарымның мені Стив Джобсқа ұқсататынын білмеппін.

- Қайырылымдылық шаралар істеп тұрасыз ба? Қандай спонсорлық қызметтеріңіз бар?

– Қазақта «Оң қолыңның бергенің, сол қолың білмесің» деген аталы сөз бар. Қолдан келсе, риясыз көмек көрсеткенге не жетсін?!

–Елбасының қазіргі саясатына қалай қарайсыз. Оппозиционер емессіз бе?

– Әжем айтушы еді, ханда қырық кісінің ақылы және биліктің киесі бар деп. Оппозиционер емеспін.

- Намаз оқыңыз бауырым. Намаз оқысаң Алла альфавитіңді өткізуге жәрдем етеді.

– Мұныңыз үгіт пе? Дегенмен пейіліңізге көп рахмет!

- Бекболат Тілеухан ағаға альфавитіңді көрсетші. Қарасын. Ол кісі дұрыс десе, альфавитің дұрыс болғаны.

- Бекболат Тілеухан ағамыз Ақтамберді жыраудың толғауын жырлағанда арқамыз қозып кететін. Ол кісінің латын әліпбиіне қатысын білмеппін.

– Обба, Мынау недеген сұрақтар, зор екен... Стебин Жобыс деген кім? Арман туманы да жете білмейді екем. Сұрақтардың арасында білім саласы бойынша да бар екен, содан мен де сұрақ қойсам - Дариға Назарбаева: "От реформ системы образования уже тошнит" - деді деп жазып жатыр. Бұл не деген, сенің жүрегің айнымайды ма, бауырым, біртүрлі болмайсың ба біздегі тірліктерге, тітіркеніп ? Тек білейін деп едім ғой, өзімді тексеру үшін.

– Бұл сауалды тиісті мемлекеттік органға қойғаныңыз жөн.

–Латын әліпбиіңіз жастардың арасында қолдау тапты. Байқағаным, қазақ тілінде шрифті жоқ жастар ағылшынның 26 таңбасын пайдаланып жазады. Сіздің 26 таңбаға бейімделген әліпбиіңіз олардың ойынан шыққан сияқты. Соған қарағанда Сіздің әліпбиіңіз өзіңізге қажеттіліктен туындады ма, әлде қоғамдық сұраныстан туындады ма?

–Заман талабы деп ұғыңыз.

- Арман аға мен келер жылы мектеп бітеретін едім. Қандай мамандыққа бейімделсем болады. Болашақта қазақ қандай мамандықты игеру керек деп ойлайсыз?

– Өзің нені сүйіп қалайсың? Өзің ұнатқан кәсіптің хас шебері болғанға не жетсін!

– Украинадағы Евромайданды қалай бағалайсыз?

- Бұл менің пайымымдағы мәселе емес. Қызықтырса, тиісті мамандардан сұрағаныңыз жөн.

– Газет, журнал шығару ойыңыз жоқ па? Егер газет шығарып жатсаң бас редактор етіп кімді алар едің? Сауытбекті алмайтын шығарсын әйтеуір.

– Газет ашсам да тек экономика саласына арналмақ. Себебі, қазақ тілінде экономика саласында практика жүзінде зерттелген, сапалы, сараптамалық газеттер жоқтың қасы.

– Елімізде белгілі бір деңгейде орыс аудиториясы бар. Оларды ескеру керек меніңше. Біз үнемі ұлттық, мемлекеттік мәселе көтергенде оларды "шала қазақ", "маргинал", "мәңгүрт" деп елеп-ескере бермейміз. Олар латын әліпбиіне ауысуды қолдайды деп ойлайсыз ба?

 – Орысша ойлап, орысша сөйлейтіндердің көпшілігі ағылшын тілін жақсы біледі. Оларға латын қарпі қиындық тудырмайды. Ойлау жүйесі артта қалып қойған адамдар болмаса, оларға пәлеңдей мәселе емес. Керісінше, орыс тілділер үшін латын қарпі қазақ тілін үйренуге көп мүмкіндік береді.

Қазір Кеден одағы, Еуразиялық одақ деген тақырыптар БАҚ беттерінде көптеп жазылуда. Әркімнің түсіндіруі әрқалай: біреулер Қазақстан үшін тиімсіз десе, кейбіреулер бұл ұйымдардың біз үшін үлкен жетістік екенін жазып жүр. Сіздің пікіріңіз қалай? Кеден одағындағы ҚР-ның басты табысы не нәрсе болмақ? Сіз кісіпкер ретінде Кеден одағының пайдасын көріп жүрсіз бе? Ерболат, Алматы.

– Ерболат, сіздің сауалыңызға мен «ДСҰ, Кеден Одағы және бәсеке» атты  мақаламда толық жауап берген едім. Осы сайттан сілтемемен кіріп, оқып қарарсыз http://old.abai.kz/node/40832.

Ң дыбысын қалай белгілейміз сонда мысалға? Мирас.

– Ң дыбысы ng болып таңбаланады.

Серікжан біраз ұсыныстар айтып еді, осы сайтта, ескерілді ме? Н.М.М.

– Қазақта Серікжан есімді адам көп. Сіз кімді меңзеп отырғаныңызды білмедім.

Бізде арнайы Тіл институты бар емес пе тілмен айналысатын. Неге әркім бір айналыса береді. Қазір "тілжанашыры", "қазақ тілінің қамқоршысы" дегендер пайда болды. Тіл институты айналысуы керек мұның бәрімен. Сендер айқайлап айқайлап қоясыңдар. Бәрібір нәтиже бермейді. Қазақ тілінің қамқоршысы тек Тіл институты осыны ұғыңдар!

- Тіл білімі институты айналысса, ешкім қолын қағып отырған жоқ, жасай берсін. Сол секілді, қолынан келген кез-келген азамат өз нұсқасын жасап ұсынсын. Оны ешкім шектей алмайды. Нәтижесін уақыт көрсетер.

Қазаққа х-тiң не қажеті бар. Бас ал десе шаш аласыңдар-ау.

– Бұл сұраққа да жауап бергем. Қайталайын. Х, V, F таңбалары бізге біріншіден, математикалық, геометриялық және физикалық сынды нақты ғылымдардың формулаларын, өлшем бірліктерін таңбалағанда қажет. Екіншіден, Lexus, Texaco, Volvo, Ferrari секілді халықаралық брендтерді жазғанда қолданамыз.

Әлеуметтік желілерді кейбір кісілер 26 таңбалы әліпбиді тек техника саласында пайдаланайық, Ал, 34 таңбалы әліпбиді гумантитарлық салада пайдалансақ деп ұсыныс көтерді. Оған қалай қарайсыз. Жалпы екі әліпби жасаған тиімді ме?

– Осыған орай, «Екі сиыр – айран, екі қатын - ойран» деген бір қызық мақал ойға оралады. Мұны «Екі сиыр – айран, екі әліпби – ойран» деп өзгерткім келіп тұр. Себебі, бір әліпбиді қалай үйретеміз деп, соған бас қатырып отырғанда, екінші әліпбиді үйрету – нағыз халықтың басын қатыру деп білем. Техникалық әліпби бойынша – былай, гуманитарлық әліпби бойынша – былай деп шатасудың көкесі сонда болады.

"ң" таңбасын "h" түрінде берсек болмай ма?

– Мен бұған ешқандай қажеттілік көріп тұрған жоқпын. Әрі логикалық тұрғыдан – қисынсыз.

Кирилл әліпбиін кейбір ғалымдар сауатсыз шыққан альфавит дейді. Осы пікірмен келісесіз бе? Мүмкіндік болса тарқатып айтсаңыз.

– Мен бір ғана нәрсе айтайын. Кирилл әліпбиі – заманауи бағдармалау тіліне қауқарсыз. Ал, ХХІ ғасыр – бағдарламау тілінің ғасыры.

Арман ағай, фейсбуктан сіз ұсынған әліпбимен таныстым. Латынға көшуді қолдаушылар 26 әріпке сыйдыруға тырысу қажеттігін көп айтады. меніңше, дұрыс. бірақ 26 ға сыйдырам деп, қазақтың төл тоғыз дыбысына қиянат (ренжімеңізші, басқа синонимін таппадым. амалсыз ауырлау сөз қолданып отырмын) жасап алмадыңыз ба? Маған ң дыбысын белгілегеніңіз ұнады. Дұрыс шешім. Ал қ -ны "к " мен белгілеу көңілге қонбады. Біреулер білместікпен, енді бірі әдейі ертең бізді қазақ атымыздан айырып, казак атап кетпей ме? Q әрпінқ деп алған дұрыс сияқты. Ал, ұ мен ү, ы мен і дыбыстарын бірдей етіп таңбалау ұнамады. Басқа басқа, бірақ төл тоғыз дыбысқа бөлек тоғыз таңба берейікші. Тым болмаса, ә -ні ae,ia; ү -ні iu (т.б) екі - үш таңбамен белгілесек те, жеке жеке әріп берейікші. Мен маман емеспін, ұтымды пікір айта алмайм, бірақ қ, ү, ұ, і, ғ дегенді айта алмайтындарды күнде көрем. басқа емес, қазақтың арасынан. ертең жеке әріп болудан қалса, бұл дыбыстардан айырылып қалмаймыз ба. Үндестік заңын жақсы білем, бірақ мен айтқандар білмейді. Бар мәселе үндестікті білетіндерле емес, білмейтіндерде болып тұр ғой. Көп жазды деп сөкпеңіз.

– Бұл сұраққа да жоғарыда толық жауап берген болатынмын.

Қазақ дыбыстарын 26 таңбаға сыйдыруға бола ма? Көп жерлерде тек 28 таңбаға ғана сияды деп жатыр. Сіз қалай сыйдырдыңыз?

– Бұл сұрақтың жауабын жоғарыдан оқи аласыз.

Бізде үндестік заңын қателеспесем 5-6 кластан бастап оқытады. Ал, 1 кластың баласы үндестік заңын қалай түсінеді. Әдістеме құрал бар ма? Мәселен, қазір ағылшын тілін мектепте 1 кластан бастап оқытып жатыр. Ал, ағылшын тілінің оқылуын үйрену үшін алдымен оқушы буынға бөлуді үйрену керек. Ал, ол өз кезегінде 1 сынып оқушысына ауырлық етіп жатыр.

– Бұл сұраққа да жауап берілген. Қосатыным – графика мәселесі шешілсе, болашақта оқыту әдістемесі жасалады.

Латын тіліне зиялы қауым ағаларымыз қарсы шығып жатыр. Неге? Олар неден қауіптенеді?

– Аға буынның латын қарпіне көшуге қарсылығы – бұған дейін жиып-терген дүниеден айырылып қаламыз ба деген қауіптен туған. Бірақ, олар заманауи техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, кириллде жазылған дүниелерді латын қарпіне еш қиындықсыз аударуға болатынын ескермей отырған сияқты.

Латын әліпбиін даярлау бойынша қанша адам жұмыс істеп жатсыздар. Мемлекет тарапынан қаржылай жобалар бар ма?

– Латын әліпбиін даярлау ісі бойынша мемлекет тарапының қаржылай көмегінсіз 4 жігіт жұмыс жасап жатырмыз.

Мемлекеттік іс-қағаздар толық қазақ тіліне көшпей жатқанда Сіздердің латын графикасына өтеміз деген қадамдарың асығыстық емес пе? Латынға өткен күннің өзінде елімізде латынша жазатын, орысша жазатын, кирилл (қазақша) жазатын, төте (оралмандар) жазатын, ағылшынша жазатын адамдар пайда болып жікке жарылып кетеміз. Мен латынға өтуді қолдамаймын.

– Бұл сұраққа да жауап бергем. Қолдау – қолдамау өз еркіңізде.

Бізде тілмен айналысатын арнайы мекеме бар. Ол тіл институты. Сендер олармен бірлесіп жұмыс істемейсіздер ме? Мүмкін нұсқаларыңды түсіндірсеңдер қолдап кетер. Бізде бәрібір түптің түбінде бәрін тіл институты шешеді. Қазір ұрандап-жалаңдап түрлі әліпби ұсынып жүргендің жұмысы бекершілік.

– Тіл білімі институты айналысса, ешкім қолын қағып отырған жоқ, жасай берсін. Сол секілді, қолынан келген кез-келген азамат өз нұсқасын жасап ұсынсын. Оны ешкім шектей алмайды. Нәтижесін уақыт көрсетер.

ң - таңбасын неге ng деп бергенсіз. h немесе х пен белгілесек болмады ма? Ертең ң дыбысын жоғалтып алып "ертең" деген сөзді "ертен" деп оқып жүрмейік.

– Бұл сұрақтың да жауабын жоғарыдан табасыз.

я мен ю дыюыстарын қалай белгіледіңіз? Ою, Қою, Қоян, Аяла деген сөздерді қалай жазамыз?

– «Я» - ia, «Ю» - iu деп таңбаланады. Oiu, Koiu, Koian, Aiala деп жазылады.

Латын альфавиті не үшін қайта жасалып жатыр. Бұрын, алаштықтар қолданған нұскасы бар емес пе? Соны неге қайтып бейімдемейміз?

– ХХ ғасыр басында айналымда болған Нәзір Төреқұлов жасаған латын әліпбиінің нұсқасында диакритикалық белгілер мен қазіргі кирилл әліпбиінің әріптері аралас. Сондықтан,  бұл қазіргі стандарттарға сай келмейді.

Соңы

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 569
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 294
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 316
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 328