Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3074 0 пікір 10 Желтоқсан, 2013 сағат 09:06

Желтоқсан көтерілісін жаңаша зерделеу қажет

      Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» бағдарламасы негізінде биылғы жылы мемлекеттік деңгейде «Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеу» жобасы аясында бірқатар жұмыстар жүргізілді.

      Алайда, осы жаңаша зерделенер тақырыптың бірі - қазақтың асқақ та азалы тарихы - 1986 жылғы Алматы қаласындағы желтоқсан көтерілісі өкінішке орай, бұл тақырып назардан тыс қалып барады. Сондықтан да, бұл айтулы оқиғаны зерделеу, жастарға берер тәрбиесін таразылау мен жеткілікті насихаттау қажет-ақ.

     Алматы қаласындағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы жақындап келеді. Осыған орай аталған тақырыпты зерттеп жүрген қаламгер ретінде бізге желтоқсан оқиғасының белсенді қатысушыларын насихаттау мен олардың лайықты бағасын беру мәселесі бойынша жер-жерден ұсыныстар мен тілектер көптеп келіп жатыр.

      Бұл Алматы қаласындағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан күндеріндегі оқиғаға түпкілікті баға беру мәселесі бойынша 1989 жылы Қазақ ССР-ы Жоғарғы кеңесі Президумының Комиссиясы құрылған болатын. Алайда, КСРО  мен КПСС басшылығындағы аталған комиссияның бағасы мен қорытындыларының толыққанды болмауы мен мүлдем көңілден шықпауы түсінікті де еді.

     «Бүгінде Мемлекет басшысы – Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары екшелген жаңа талаптар бойынша ұлттық тарихымызды қайта кең тыныспен таразылауды ұсынып отыр... Өткен тарихын лайықты бағалай алмаған ұлт нақты нәтижеге қол жеткізе алмайды». Осы тұғыда желтоқсан оқиғасының қазақ тарихындағы алар өз орнын белгілеп, саяси бағасы мен қорытындыларын шығару үшін тарихшылардан, саясаттанушылардан және оқиғаға қатысушы тұлғалардан арнайы топ құрып, желтоқсан көтерілісінің саяси бағасын беретін уақыт жетті деп есептейміз.

       Нақты құжаттарға сүйенсек, 1986 жылғы 16 желтоқсанда, пленум болған түнде-ақ, Алматы қаласындағы жатақханаларды аралап, үндеу таратқан, ұрандар  жазған, қозғалыстың жоспарын жасаған —  сол кездегі Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері еді. Олар желтоқсан көтерілісін ұйымдастырды әрі жастарды алаңға бастап барды. Осылайша еліміздің тәуелсіздігін алуына өлшеусіз үлес қосып, сол жолда өрімдей кезінің өзіне қарамастан қан көріп, түрменің адам төзгісіз азабын арқалаған  азаматтарды халқымыз білуге тиіс, құрмет көрсетуі қажет.

       Олар қатаң тергеліп-сотталып, жазасын көбісі Ресейде өткерді. Сонау Ресейдің ну орманды түрмесінде жатқан желтоқсандық жігіттерді арттарынан бейбіт күнде қосыла алмаған қосақтары іздеп барып, некелерін түрмеде қидырды. Күйеулерімен бірге түрмеде тұрды, тұңғыш ұл-қыздарын түрмеде босанды.

      Міне, біздің тарих. Желтоқсан оқиғасын ұйымдастырып, осындай қатал тағдырға төтеп берген желтоқсандық күрескер ұл-қыздарымызды бүгінгі ұрпақ, жас буынға қалай үлгі етсек те жараспай ма?

      Алайда осынша уақыт өткенімен олардың еңбегі еленбеді, жұртшылыққа жете таныстырылмады. Ал олар «мен осындай азаматпын» деп ешкімге тіс жармайды, кеуде соқпайды. Осы салмақты, сабырлы, ең бастысы - ұлтжанды азаматтарымыздың бағасын беруге тиіспіз. Өйткені, мұндай  ұлт-азаттық тарихымыздың тірі куәгерлері көп емес.

       Ендеше, желтоқсандық күрескер ұл-қыздарымыз туралы деректі фильмдер түсіріп, оны жастардың арасында насихаттау - мемлекеттік деңгейдегі «Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеу» жобасы аясында жүзеге асатын мың-сан келелі жұмыстардың бірі болар еді. Отандық тарихымыздың жанашыры ретінде осы сынды бастамаларға қолдау білдіру - желтоқсан көтерілісінің саяси бағасын алуына деген талпыныс деп білеміз.

Болатбек Төлепберген,

философия ғылымдарының кандидаты

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1036
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 769
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 890