Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 14741 0 пікір 12 Желтоқсан, 2013 сағат 08:50

Отан тарихын зерттеудегі жаңа бағыт

Бисембаева Ләззат Амандыққызы,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

университетінің аға оқытушы:

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейін жаңа тарихи таным қалыптастыру үшінтарих ғылымының теориялық-методологиялық мәселелерін қайта қарау қажеттілігі туындады. Сондықтан 1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы» дайындалып, онда өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылды.  Тарихшы ғалымдардың алдында тарихты жазуда, зерттеуде өзекті мәселелерге жаңа көзқарастар тұрғысынан қарап, дербес, тың ой-пікірлер мен тұжырымдар жасау міндеті тұрды. Бірақ тәуелсіз, жаңа тұжырымдар жасау оңайға түскен жоқ.

Ғасырға жуық билік құрған Кеңес Одағының құрамында болған халықтардың барлығының тарихы бірыңғай саяси бағытта жазылғаны белгілі. Бұл, әрине, алып империяға қол астындағы халықты уысында ұстап отыру үшін, орыстандыру саясатын жүргізу үшін керек болды. Ал, осы саясатты жүргізу тарихшылар арқылы жүзеге асырылды. Сондықтан да, ХХ ғасырда тарих ғылымына жоғарыдан қысым жасалып, тарих тапсырыспен жазылды, қатаң бақылауда ұсталды.

Бисембаева Ләззат Амандыққызы,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

университетінің аға оқытушы:

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейін жаңа тарихи таным қалыптастыру үшінтарих ғылымының теориялық-методологиялық мәселелерін қайта қарау қажеттілігі туындады. Сондықтан 1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы» дайындалып, онда өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылды.  Тарихшы ғалымдардың алдында тарихты жазуда, зерттеуде өзекті мәселелерге жаңа көзқарастар тұрғысынан қарап, дербес, тың ой-пікірлер мен тұжырымдар жасау міндеті тұрды. Бірақ тәуелсіз, жаңа тұжырымдар жасау оңайға түскен жоқ.

Ғасырға жуық билік құрған Кеңес Одағының құрамында болған халықтардың барлығының тарихы бірыңғай саяси бағытта жазылғаны белгілі. Бұл, әрине, алып империяға қол астындағы халықты уысында ұстап отыру үшін, орыстандыру саясатын жүргізу үшін керек болды. Ал, осы саясатты жүргізу тарихшылар арқылы жүзеге асырылды. Сондықтан да, ХХ ғасырда тарих ғылымына жоғарыдан қысым жасалып, тарих тапсырыспен жазылды, қатаң бақылауда ұсталды.

Тарихты бұрынғы бағытпен (маркстік-лениндік методология бойынша)  жазу –тарих ғылымының шеңберін тарылтып, тарихшы ғалымдарға тарихи шындыққа жетуде қиындықтар туғызуда. Сондықтан да тарих ғылымын зерттеуде оның методологиясын өзгертуді заманның өзі талап етіп отыр.

Тарихтың зерттеу нысанын өзгерту мақсатында кейінгі кезде қолға алынып жатқан тарихты саясаттан тыс, халықтың күнделікті өмірі тұрғысынан алып зерттеу, яғни XX ғасырдың орта тұсына дейін кең өріс алған макродеңгейдегі тарихтан соңғы мезгілде біршама екпін ала бастаған микродеңгейдегі тарихқа бет бұру – тарихты зерттеудегі қордаланып қалған мәселелердің түйінін шешіп, шынайы ақиқатқа жеткізетін бірден-бір жол болмақ деп ойлаймын.

XX ғасырдың алғашқы жартысына дейін қоғамдық жағдай макро деңгейдегі тарихтың (мемлекет, ұлт, таптар тарихы) басымдылық алуына негіз болды. Тарихи ой осы бағыттағы және осы мазмұндағы тақырыптарды игеруге басымдылық берді. Бұл зерттеу әдісі мен бағытының әлсіз жақтары да болғандығын тарихшылар бүгінгі уақытта мойындап отыр.

Тарихи зерттеулердің бұл әлсіз тұстары жеке адамның, әсіресе қоғамдағы «кішкентай» адамдардың (яғни, қарапайым адамдардың) күнделікті өміріне, оның өміріндегі өзгерістерге жете көңіл аударылмай қалуына байланысты еді. Әлемдік тарихнамада «антропологиялық төңкеріс» (Антропология, тарихи антропология (грек сөзі - (anthropos-адам) - адамның табиғаты туралы ілім, тарихнамада зерттеу объектінің өзегі ретінде адамның күнделікті өмірін, ондағы материалдық және мінез-құлықтық, әдет-ғұрыптық ерекшеліктер мен өзгерістерді зерттеу нысанына айналдырған бағыт) атанған бұл бағыттың ерекшелігі тарихи зерттеулердегі акцентті глобальды құрылымдардан күнделікті өмір тіршілігіне аударуында еді. Яғни, бұл адам феноменіне, оның тарихи процестегі орнына жаңа баға беру әрекетінің көрінісі болатын. Басқаша айтқанда, ендігі уақытта тарихнама қарапайым адамдардың күнделікті өмір тіршілігіне бет бұруға тиіс еді. Ал осы қарапайым адамның өткен өмірін танып білуде сол адамның өз аузымен баяндаған куәлігінің орны ерекше бағыт екендігі айқын. Яғни, Күнделікті өмір тарихын зерттеу – ауызша тарих айту арқылы жүзеге асырылады. Күнделікті тарих пен ауызша тарих - бұл әлеуметтік тарихтың өзара байланысты таным құралдары, өмірді, соның ішінде қарапайым қоғам мүшесінің, шағын әлеуметтік топтар мен құрылымдардың күнделікті тіршілігін танып білуге бастайтын жол.

Ауызша тарих дегеніміз – ол адамдардың өз өмірлері туралы, өздері куә болған өткен оқиғалар туралы жазылып алынған естеліктер.

Ауызша тарих»  ("Oral History") ұғымы ең алғаш Америка және батыс зерттеушілері еңбектерінде орын алды. Оның түпкі тамыры тереңде болғанымен ғылым ретінде бой көтеруі екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі уақытқа жатады.  Ауызша тарихта жеке адам биографиясы арқылы тұлға ролін анықтаудың маңызы зор. «Ауызша тарих» терминін Барбэ дОривелли (1852 ж.)  алғаш рет ғылыми лексиконға енгізгенімен, 1948 жылы Колумбия университетінің профессоры Алан Невинс жұмыстарынан кейін кең тарады.

 Қазақстанда соңғы жылдарда ғана қолға алынуда.

Қазақ қоғамының тарихын жаңа сапа және мазмұнда зерттеп білуде күнделікті тарих пен ауызша тарихтың жаңа методологиялық таным құралы ретінде маңызы ерекше. Өйткені ұлттың өткен жолы осы уақытқа дейін макротарих тұрғысынан зерттеліп және баяндалып келді, сондай-ақ ол кеңестік кезеңде дербес ғылым және білім саласы ретінде қалыптасып, белгілі себептерге байланысты идеологиялық тапсырыстарды орындауға тиісті болды. Ұлт тарихын, оның түрлі кезеңдер мен саяси жүйе жағдайында жүріп өткен жолын түрлі идеологияланған және саясаттанған талдаулар мен тұжырымдардан аршып алудың бірден-бір тиімді жолы тарихнаманың осы жаңа бағыттарына сүйену болса керек.

Күнделіктілік тарихы соңғы жылдары қазіргі заманғы тарих ғылымында болашағы зор бағыттардың бірі ретінде танылуда. Бұрын тарихшылар тек әлеуметтік, экономикалық, саяси, демографиялық тарихпен, мәдениет тарихымен айналысса, қазіргі кезде зерттеудің негізгі нысаны ретінде АДАМ және оның тарихи үдерістердің әлеуметтік-экономикалық, саяси, конфессиялық, мәдени, т.б. факторларының әсерін қалай қабылдағаны алынып отыр. Адамдардың күнделікті өмірінен қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени үдерістердің бейнесі көрініс берсе, өз кезегінде, күнделікті өмір де қоғамға өзінің ықпалын тигізіп отырады. Адамның күнделікті өмірі мен қоғам арасындағы осы ықпалдастықты зерттеп, сараптау тарихи үдерістердің әртүрлілігін көрсетуге, өткен оқиғаларды қайта қарап, жаңа көзқарастар тұрғысынан қайта бағалауға мүмкіндік береді.

Отан тарихнамасында да күнделікті тарих пен ауызша тарих бағыттары ұлт пен мемлекет тарихына қоғамдағы қарапайым адам өмірі тұрғысынан келу әрекеті ретінде қабылданғаны жөн. Басқаша айтқанда, қазіргі таңда әлеуметтік тарих жаңа мазмұнға ие болып, ендігі уақытта таптар, ірі әлеуметтік құрылым және институттармен қатар отбасы, әулет, шағын қауым сияқты әлеуметтік микро-құрылымдар тарихы да зерттеу объектісіне айналмақ.

Бұл бағытта елімізде жұмыстар басталып та кетті. Мысалы, Қазақстан тарихы порталында ауызба-ауыз айтылған әңгімелерді жинап, тіркеуге арналған «Ауызша тарих» атты арнайы жоба ұйымдастырылған. Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Айтылған тарих» атты орталық ашылып, жұмыс жүргізуде.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2390
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1952
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1574