Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2981 0 пікір 9 Желтоқсан, 2013 сағат 07:17

Ауыт Мұқибек. Қазақ мәселесінде қалғып жүрген «Егемен Қазақстан»

Өткен бейсенбі күні (05.12.2013) М.О.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институтының дирек­торы Уәлихан Қалижан Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Ғылыми қазына» бағдарламасы аясында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жарыққа шығарған «Классикалық зерттеулер» сериясының 12-23 томдарының және «Ұлы дала тұлғалары» сериясы бойынша «Абай» мен «Жамбыл» кітаптарының тұсаукесер рәсімін Алматыдан борандатып келіп, Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өткізді. Бұл Институт былтыр да «Классикалық зерттеулер» сериясының 11 томын қалың қауымға таныстырған екен.

Басқосуда белгілі ғалымдар мен жазушылар Серік Қирабаев, Сейіт Қасқабасов, Мырзатай Жол­дасбеков, Сұлтан Оразалин, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Сауытбек Абдрахманов, Тұрсын Жұрт­бай, Шәкір Ыбыраев, Әлі­бек Асқар мен композитор Бал­нұр Қыдырбекқызы болды.

Өткен бейсенбі күні (05.12.2013) М.О.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институтының дирек­торы Уәлихан Қалижан Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Ғылыми қазына» бағдарламасы аясында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жарыққа шығарған «Классикалық зерттеулер» сериясының 12-23 томдарының және «Ұлы дала тұлғалары» сериясы бойынша «Абай» мен «Жамбыл» кітаптарының тұсаукесер рәсімін Алматыдан борандатып келіп, Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өткізді. Бұл Институт былтыр да «Классикалық зерттеулер» сериясының 11 томын қалың қауымға таныстырған екен.

Басқосуда белгілі ғалымдар мен жазушылар Серік Қирабаев, Сейіт Қасқабасов, Мырзатай Жол­дасбеков, Сұлтан Оразалин, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Сауытбек Абдрахманов, Тұрсын Жұрт­бай, Шәкір Ыбыраев, Әлі­бек Асқар мен композитор Бал­нұр Қыдырбекқызы болды.

Аталған тұсаукесерде «Егемен Қазақстан» республикалық газе­ті» АҚ президенті, филоло­гия ғылымдарының докторы С.Абдрахманов: ... «Қадіріне жете білсек, «Бабалар сөзінің» 100 томдығының шығуы – әлемдік мәні бар оқиға, біздің ұлт ретінде мақтаныш етер жайымыз. Біз ол оқиғаға осы бастан тыңғылықты дайындалуымыз керек. Майндағы Франкфурт қаласында әлемдік кітап жәрмеңкесінде кеңінен жария ету, ағылшын, француз, неміс, испан, араб, орыс сияқты әлемдік тілдердегі басылымдарға ғылыми мақалалар дайындау қажет» (http://www.egemen.kz/kz/rukhaniyat/30139-zerdeli-zertteuler) - деді. Дұрыс қой! Сауытбектің осындай «тауып кететіні» бар. Бірақ, «100 томдықтың шығуы – әлемдік мәні бар оқиға» болуын қайтейін, ертең Көкеміз оны оқитын қазақ баласын таппай қиналып қалмас па екен!» деген бір суық ой менің жүрегімді қанжардай түйреп, өн бойымды аяздай қарыды. Өйткені, осының алдында ғана сөз алып, мінбеге шыққан Мырзатай Жолдасбеков өмір бойы жиған алтын қазынасы – кітаптарын буып - түйіп, «Назарбаев Орталығына» өткізгенін айтты. Неге? Оқитын баласы жоқ! Мырзекең ұрпақсыз емес, әрине. Құдайға шүкір, ұзатқан қыздары бар, олардан туған алтындай жиендері де, жиеншарлары да жетеді. Тағы Тәуелсіздіктің алды - артында, мұнда ғана туған балапандар. Бірақ, бәрі туған халқының Ана тілінен мақұрым қалған!!! Ертең сол шүлдірлектер атасының жазғандарына пысқырып та қарамайды. Одан гөрі, Мырзакеңнен қалатын қаладағы үйлер мен ауылдағы жерлер әлдеқайда ыстық көрінуі мүмкін көзіне! Анау - мынау емес, қазақ билігінің  бас идиолоктарының маңдай алдында тұратын, атақты Бейсенбай Кенжебаевтың төл шәкірті, қызыл үкіметтің қылышынан қан тамып тұрған қиын тұста (1969 жылы) «Көне түркі әдебиет нұсқалары және олардың қазақ әдебиетіне қатысы» деген тақырыпта баға жетпес еңбек қорғаған кемеңгер Мырзатайдың ұрпағы осылай болып тұр! Бұл бір Мырзатайдың ғана емес, біраз мырзатайлардың басында бар, қазақ қоғамын әбден жайлаған трагедия! Бұл - Мырзекеңді қыжыртқаным емес, шындық солай!

Мұны аз десеңіз, ер Сәукең алдағы 100 томдық «Бабалар сөзі» туралы «...ағылшын, француз, неміс, испан, араб, орыс сияқты әлемдік тілдердегі басылымдарға ғылыми мақалалар дайындау қажет» - деп соқтыртып отырғанда, бақандай бес миллион қазақтың шетте қалып бара жатқанын; қазақ көші тоқыраудың ең төменгі шегіне жеткенін; ондағы қазақ балаларының ана тілі мен ділінен ажырап, сол өзінің аузының суы құрып армандап отырған манағы ағылшын, француз, неміс, испан, араб, орыс, қытай (қытайды мен қостым) болып азу үстінде екенін; жақында ғана Көші - қонға қатысты Заң жобасының Қазақстан азаматтығын қазақтарға төрт жылдан кейін берілетін болып өзгертіліп, Парламенттің қос палатасының мақұлдауынан өтіп, Елбасының алдына барғанын; алыстағы ағайынның ішкені – ірің, жегені – желім болып қан жұтып отырғанын; Ақордадан оған араша сұрап, бүкіл Алаш жұртының қарсылық танытып жатқанын..., шіркін - ай, есіне бір алды ма екен деші!? Жоқ, алған жоқ! Бар есіл-дерті «Бабалар сөзінің» 100 томын Майндағы Франкфурт қаласында әлем назарына ұсыну. Шансты қолдан бермей, халқаралық деңгейде пиар жасау... Ойдөйт деген! Әлемге таныламыз деп алашақпын болғалы жиырма жылдан асқан жоқ па өзі осы Сәукеңдерге!? Ол не деген танылып болмайтын түбі түскен «әлем» еді тегі?!

Дәл осы жерге келгенде мен Уәлихан Қалижан ағама қарадым. Оның құйттай денесі көзіме асқақтаған Алатау болып көрінді бірден...

Алдымда отырған Балнұр Қыдырбекқызына желкесінен үңілдім. Оның әкесі марқұм Балғабек Қыдырбекұлы жарықтықтың тәкаппар тұлғасы Тәңіртау болып, тіпті де биіктеп бара жатты...

Неге?!

Уәлихан Қалижан мырзаның Мәжілісте ұзақ жыл депутат болған кезінде шеттегі қандастарымыздың тағдырына қатысты дүркін - дүркін дүрілдетіп мәселе көтеріп, азаматтық борышын адал атқарғаныны өз алдына, сонау жылы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігін Каржова басқарып тұрғанда, Қазақ көшінің басынан бағы тайып, басқарма деңгейіне дейін құлдырағаны, дәл бүгінгі күндегідей күйге түскені бар. Соған орай, «Егемен Қазақстан» газетіне  «Көш керуені кері бұрылып кетпесе екен!» деген атақты мақала басылып, соның арқасында Қазақ көшінің тамырына қайта қан жүгіріп, манағы басқарма бірден Агенттік дәрежесіне көтеріліп, Елбасының өзіне тіке қараған еді - ау! Сондағы «Егемен Қазақстанның» бас редақторы кім дейсіз ғой? Осы Уалихан Қалижан ағамыз! Міне, тағы апырып - жапырып жұмыс істеп жүр.

Жерді сату мәселесі алғаш күн тәртібіне қойылып, қызу талқылауға түскен кезде осы Балнұрдың әкесі Балғабек Қыдырбекұлы ағамыз  «Жер сатылмайды» деп «Егемен Қазақстан» газетінде кесімді сөз айтып, көлемді мақала жазғанын, сол арқылы Қазақ жерінің ханталапайға түсуіне он жыл тосқауыл қойғанын Алаш жұрты аңыз ғып айтады бүгінде.

Біз шеттен келген қазақтар біреу жасаған жақсылықты өлгенше ұмытпайтын халықпыз.  Сондай-ақ әлдекімдердің ұлтқа істеген қиянатын одан он есе, жүз есе есімізде сақтаймыз!

Осы ерліктері үшін Қыдырбек ағаның аруағына дұға оқып, Уәкеңді қашанда қадыр тұтып, сыртынан тілеуін тілеп жүреміз.

Міне, тұлға, азамат деген! Сол оң нәтиже берген күрестердің бәрі басқа бір әлемде емес, Сауытбек Абдрахманов басқарып отырған осы «Егемен Қазақстан» гәзетінің бетінде жүрген. Алдымен сол қос аға құсап қолыңда бар мүмкіндікті пайдаланып, ұлтыңның ұпайын түгенде. Сосын үзеңгі бауың үзілгенше шірен. Қалай жарасар екен...

Ал, сіз бас басылымның қазіргі сыйқын көріңізші!

Дәл «Түйе пішілген жеріне жолмайдының» кейпінде. «Өз еліне өзі қонақ болғысы келетін оралман ағайындардың ойлағаны не?» атты қанқұйлы мақала басып, қара орман халықтың қарғыс - сілесіне қалғаннан кейін, осында оралған ағайындар туралы там-тұмдап бірдеме айтқансығанымен, қазір талқыға түсіп жатқан Көші - қон заңы тақырыбын талқылап, ол заң қабылданып кетсе, қандастарымыздың тағдыры не болатыны туралы «Егемен Қазақстан» шөп басын сындырған емес. Одан гөрі, сонау бір жылдары Қазақстаннан тарихи отандарына көшіп кеткен,  барған жеріне сыймай, өз ұлттық мемлекетін жамандап қайта оралған қайдағы бір сатқын, қуаяқтарды қуана қарсы алып, дәріптеумен келеді. Шеттегі қазақтардың табан ет, маңдай терімен өткізген көлемді мәдени шараларын Қауымдастық деген қара басқан ұйымның қанжығасына байлап беруде (http://old.abai.kz/node/40115)...

Жақыннан бері Нұрсұлтан Әбішұлы жариялылықты баса дәріптеп жатыр. Үкіметтегі келеңсіздікті    сынады. Арыз - шағымды маған толық жеткізбедіңдер деп, өз  әкімшілігін де жерден алып, жерге салды. «Аюға намаз үйреткен – таяқ!» Содан бері әр дәрежедегі билік тізгінін ұстағандар ұйқысынан оянып, қызметте жаңа серпін, бетбұрыс болды. Серпілмей қалғып жүрген «Егемен Қазақстан» мен Қауымдастық қана. Жоғарыда айттық, Қазақ көшіне қатысты заң жобасы Елбасының алдында жатыр деп. Осы беті қол қойылып кетсе, оның бетін ары қылсын, шеттегі бес миллион қандасымыздан айырылдық дей бер! Оның үстіне, 1990 жылы 16,2 млн болған қазақстандықтар 2013 жылы 16,9 млн-ға  әрең жетті. 20 жылдағы өсім 3,8 пайыз ғана (http://old.abai.kz/node/40861). Сырттан келіп құйылып тұрған үлкен арна тоқтаса, «әлем» былай қалып, әкемізді танып жүрмелік... Кезінде осындай өзекті мәселелерді Ұлт Көшбасшысына жауапты адамдар уағында жеткізбегені, дұрыстап түсіндірмегені себепті, Жаңаөзенде оқ атылып, опық жегенбіз. Елбасының алдына іркілмей баратын еліміздің бас басылымы бүгінгі таңда шеттегі қазақтың осынау қиын тағдырына бейжай қарауға тіпті де тиісті емес. Құдай-ау, ата газет деген ұлт тағдыры тығырыққа тірелген мынадай алмағайып тұста айбар шегіп, ақырып тұруы керек қой. Нұрекең қазір мақтауға зәру боп жүрген жоқ. Тойған әбден. Өзекжарды мақалаларды қорықпай басу керек «Егемен Қазақстан». Ешкімнің баласы түсіп қалмайды. Басуға батпаса, Сауытбек сол ұсыныс - талаптарды жинап - теріп, дер кезінде  Ақордаға өз қолымен тапсыруға міндетті. Қайталап айтуға тағы тура келеді, бұл жерде 100 томдық дегенің не тәйірі (Сауытбек мырзаға айтам), қыл үстінде қылпылдап бес миллион қазақтың тағдыры тұр! Біле - білсеңіз, нағыз «әлемдік мәні бар оқиға, біздің ұлт ретінде мақтаныш етер жайымыз» осы, Көке! Жазылым деп қиналып жатқан жоқ егемендіктер. Қаражаттан тапшылық бұл жерде мүлдем болмайды. Әлемге көз салғанда бір уақ сол әлемге шашылып кеткен қазақ деген халықты, өте - мөте олардың дәл бүгінгі ұшарға қанаты жоқ, екі көзі жәудіреп отырған күйін ойлау керек қой. Болмаса, бас басылымның бағасын кетіріп, бағын байламай орынын босатқаны жөн!!!

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

0 пікір