Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3677 0 пікір 9 Желтоқсан, 2013 сағат 05:59

Азамат Ақылбеков. Хан Кене Жетісуға қалай келген?..

...Арқада Бурабайдай жер болмайды

Алашта Кенекемдей ер болмайды.

Мезгілсіз мерт болды ғой Кене арыстан

Алашқа бұдан да зор шер болмайды.

Ел азды, Арқа тозды, қайғы басты,

Күңіреніп біздей бейбақ шер толғайды.

Құдай-ау, мәңгілікке қарғамасаң,

Кенедей енді неге ер тумайды.

Кене жоқ, ізін басар інің де жоқ,

Дариға жүрегімді дерт улайды.

Мағжан.

        

 

Кене ханның елімен бірге, алдын-ала Рүстем төремен келісімнен соң Жетісуға, нақтырақ айтсақ Балқаш көлінің маңына («Қамау түбегі») қан жылаған  көшпен келіп қоныстанғанын бәріміз де білеміз. Ол туралы ардақты арысымыздың бірі – Е. Бекмахановтың туындылары негізіндегі деректі фильмді де көзден жас шығара отырып көріп жүрміз.  

...Арқада Бурабайдай жер болмайды

Алашта Кенекемдей ер болмайды.

Мезгілсіз мерт болды ғой Кене арыстан

Алашқа бұдан да зор шер болмайды.

Ел азды, Арқа тозды, қайғы басты,

Күңіреніп біздей бейбақ шер толғайды.

Құдай-ау, мәңгілікке қарғамасаң,

Кенедей енді неге ер тумайды.

Кене жоқ, ізін басар інің де жоқ,

Дариға жүрегімді дерт улайды.

Мағжан.

        

 

Кене ханның елімен бірге, алдын-ала Рүстем төремен келісімнен соң Жетісуға, нақтырақ айтсақ Балқаш көлінің маңына («Қамау түбегі») қан жылаған  көшпен келіп қоныстанғанын бәріміз де білеміз. Ол туралы ардақты арысымыздың бірі – Е. Бекмахановтың туындылары негізіндегі деректі фильмді де көзден жас шығара отырып көріп жүрміз.  

         Ал енді мына сұрақтарды ойланып көрелік. Сол ауыр көш қай жолмен жүріп келді? Кенесарыны соңғы шайқаста тастап кеткен Рүстем төре кім? Егер ол Абылайдың ұлы болса, неге фамилиясы Әбілфеизов болып жазылады, Абылайханов болуы керек еді ғой. Неліктен бауырларын өзі шақырып алып, шешуші сәтте сатып кетті?

         Деректерге көз жүгіртелік.

            Кенесары ханға Ұлы Жүздің түгелдей қосылып кетуінен қорыққан Орыс отарлаушы Өкіметі бар айла-әрекетін қолданғаны анық. Мына құжатқа зер салыңыздар (аудармасын сәл қысқартып келтірдік):     № 206 (1846 г. июня 29. — Рапорт пограничного начальника сибирских казахов генерал-губернатору Западной Сибири о принятии казахов Старшего жуза в русское подданство.)

Сібір қазақтарының шекаралық бастығының Батыс-Сібір генерал-губернаторына

Ұлы Жүз қазақтарын Россияға қосу туралы мәліметі.

            Осы айдың 8-де өзіңізге жіберген № 3 құпия есебімде қазақтардың қандай жағдайда екендігін түгелдей айтқан болатынмын. Менің шақыртуыммен қасында Дулат руының билері бар, Ғали сұлтанның баласы Әблез келді. Ұлы Жүз елі өздерінің сұлтандары басқаратын 5 рудан тұрады: Албан, сұлтаны – Хаким; Суан – сұлтаны Адамсат; Шапрашты – сұлтаны Төлек; Жалайыр – сұлтаны Сөк Абылайханов. Бұл елдер жалпы Үйсін аталады, барлығының үлкен сұлтаны – Әли (Гали). Жалайырдың сұлтаны Сөк сонау 1818 жылдан бері бізге бағынуды сұрап келеді.

            Бұл елдердің арасында бүлікшіл Кенесары сұлтанның болып, бар елге өзінің ықпалын жүргізіп тұрғанын білгендіктен Әли сұлтанға Россияның ұлы ел екендігін білдіріп және алдында бізге бағынам дегенін ескертіп, біздің қырғыздармен келісімге келуін түсіндіріп, Бек-Қожа атты қырғыздан хат жіберіп, осында келуін сұрадым. 20-шілдеде сұлтан Әли басқа сұлтандармен бірге маған келді, Сөк сұлтан өз елін Кенесарыға қосылып кетпеуін қадағалап қалғанын айтып, өз атынан Мәңке биді жіберді. Өзіне Кенесарының бауыры Көшекті жіберіп, өзіне қосылмаса түгел Жалайырды шабатынын айтқанын, бірақ өзінің Россияға адал екенін тағы да қайталады.

            Біздің Қарқаралы, Аягөз, Көкбекті округтерінің сұлтандарының көзінше мұсылман заңы бойынша Құран оқытып олардың бәрінің бізге қосылғандығын растатып, тамғаларын бастырттым. Кенесарыны қолдамау керектігін ұғындырдым. 

            Сонымен Орта және Ұлы Жүздің қырғыздарының осындай үлкен жиынында Әли сұлтанға подполковник шені беріліп, Андреев лентасындағы алтын медаль берілді. Хаким сұлтанға және басқа 5 Ұлы Жүздің сұлтанына осындай медаль, Сіздің Мәртебелі атыңыздан грамоталар берілді. Біздің қырғыздармен Үйсін қырғыздарын татуластырып, өздерінің далалық салттарымен келісуге шақырдым. Олар осындай келісімге келді.

            Сонымен Жетісуда біздің билік орнады және Орта Жүзбен Ұлы Жүз қырғыздары бір мәмілеге келіп, тәртіп бұзушыларды бірлесіп жазалайтын болып келісті. Бұл іске маған Қарқаралы округінің сұлтаны майор Құсбек Таукиннің және шекаралық басқарманың қырғыздар атынан кеңесшісі Туртубек Көшеновтың үлкен көмек көрсеткендіктерін ерекше атаймын.

            Бұл кезде Кенесары өз жақтастарымен Албан және Дулат арасында болатын, естуімше бірталай азық-түлік жинап, қырғыздарға жақсы баға төлеп көптеген мініс аттарын сатып алыпты. Осындай жағдайды естіген Кенесары Ілеге жетіп, Алтын Төбе атты жерге орналасыпты. Қаратал өзенінің бойына өз қырғыздарынан қарауылдар тастап кетсе керек. Арғы ойы Хиуаға кету сияқты.

Дұрыстығын тексерген штаб бастығы генерал-майор... (Верно: начальник штаба генерал-майор [Подпись неразборчива]. АВПР, ф. Гл. архив, 1-7, д. 2, лл. 2319-2329. Копия.)

Сонымен, 1846-жылы Россияның отарлаушы билігі күш көрсету және сайқал саясат арқылы Жетісудың Үйсін елін Қазақтың соңғы ханы - көтерілісшіл Кенесарыға қосылмауға мәжбүрледі.

Ханның Жетісуға қалай келгені жөнінде Алаштың тағы бір ардақтысы Кенен (Әзербаев) атамыз мынандай естелік айтады: «...көне көз қариялардан естуші едік. Біреулері Кене хан елімен Жетісуға Шу бойын жағалап (көлдің батыс жағы) келіпті десе, екіншілері Балқашты айналып, Итішпестің Алакөлі (көлдің шығыс жағы)  жақтан келіпті. Қалай болғанда да ханның осында болғаны анық қой. Атағы жер жарған Кенесарыны бұндағы ел қоғадай жапырылып қарсы алған.»

Бала күнімізде біздің Алтынемел өңірінің шалдарынан мынандай әңгімені естуші едік: «...бұндағы ел ханды басы жерге жеткенше иіліп қарсы алған. Хан осындағы елден сарбаз алады дегенді естіп кемпір-шал, қатын-қалаш ұлардай шулай бастапты. Сонда хан: қа-қаку, сәкәку деп той қуған ел екен, ерлері болса өздері-ақ қосылар. Ал былайша тимей-ақ қойыңдар, әскеріме керекті дүниелерді беріп тұрсын депті...» 

Осы өңірдің тумасы болғандықтан Іленің және Қараталдың Балқашқа құятын жерлерін біршама білеміз. Бергі жағы қалың қамыс, тоғай болып келсе, арғы, Арқа жағы тақыр құм.

Сондықтан жоғарыда айтылғандарға қосарымыз, Кенен атамыз айтқан екі жолдан басқа үшінші, яғни Балқаш қатқан кезде мұз үстімен де өтуге болатынын айта кетейік. Қараталдың көлге құятын тұсынан арғы жағаға өз басым жеңіл машинамен (бар болғаны 12-13 шақырым) өткенім бар...

Ойлап көрсек, қайран бабаларымыз осы үш жолдың біреуімен келген болады. Қайсысы екен десеңші?...

Ал енді Рүстем төренің кім екендігі, әсіресе оның Абылай ханның ұлы екендігіне үлкен шүбәміз бар. Кенесарыны қарсы алған Рүстем Абылайханұлы атты кісінің болғандығын атақты жазушымыз С. Мұқановта (кей мәліметтерде ол кісінің де қателіктері бар) растайды. Алайда, соңғы шайқаста Кене ханды сатып кеткен нақты сол ма, әлде сол емес пе?...

Міне құрметті оқырман, осы ойларыммен өздеріңізбен бөлісіп отырмын.

Талдықорған қаласы

Abai.kz

0 пікір