Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2938 0 пікір 18 Қараша, 2013 сағат 17:22

Ұлттық валютамыз – теңгеге 20 жыл

 Биыл Ұлттық валютамыз – теңгеге 20 жыл толып отыр. Ол Маңғыстау облысының 40, Ақтау қаласының 50 жылдық мерейтойларымен тұс келіп отыр. Кеше, қаржыгерлердің төл мерекесі күні облыс әкімінің орынбасары Сүйіндік Алдашев өңіріміздің қаржы саласы қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. Ол еліміздің даму тарихында ұлттық валютаны айналымға енгізудің маңызды рөл атқарғандығын, валютаның бүкіл ел экономикасының қан тамыры екендігін атап өтті. «Бүгінде облысымыздың қаржы жүйесін салық және кедендік бақылау, қазынашылық, қаржы бақылау, түрлі деңгейдегі банк-тер және жергілікті қаржы органдары құрап отыр, деді Сүйіндік Тасеменұлы. Осынау қаржы институттарының біріккен жұмыстарының арқасында халықаралық стандарттарға сай, тұрақты қызмет жасап тұрған, барынша дамыған жүйеге қол жеткіздік. Әсіресе, қаржыгерлердің «Шапағат нұры» қайырымдылық акциясын өткізгені, осы шара аясында аз қамтылған жиырма отбасы мен жиырма мұқтаж балаға қаржылай көмек бергені көңілге қуаныш ұялатты».

Құттықтау сөзінен кейін С.Алдашев қаржы саласының бір топ қызметкерін облыстың дамуына қосқан үлесі үшін «Маңғыстау облысына 40 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Сондай-ақ өңіріміздің қаржы жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін бір топ қаржыгерге облыс әкімінің Алғысын, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі Б.Сұлтановтың бұйрығымен «Қаржы қызметі-нің үздігі» төсбелгісін, Қаржы министрінің Алғысын, облыстың қаржы жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін және облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.

«Қазпошта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Ілияс Сатыбалдиев қаржы саласы қызметкерлерін құттықтап, алғыс айтты.

0 пікір

Үздік материалдар