Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2607 0 пікір 5 Қараша, 2013 сағат 10:47

Ауылшаруашылығының дамуын қаржылай қолдау мәселелері сөз болды

Облыстық әкімдіктің конференц залында облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Күзембай Ерғалиев «Ауылшаруашылығының дамуын қаржылай қолдау мәселелері» деген тақырыпта брифинг өткізді.

Облыстық әкімдіктің конференц залында облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Күзембай Ерғалиев «Ауылшаруашылығының дамуын қаржылай қолдау мәселелері» деген тақырыпта брифинг өткізді.

 Орта есеппен жыл соңында 550-600 мың бас қой-ешкі, 60-65 мың бас жылқы, 45-55 мың бас түйе малдары болады. Облысымыздың жалпы ішкі өнімінде ауылшаруашылығы
өнімінің үлесі 0,03-0,035 пайыз  мөлшерінде. Бір адамның жылдық пайдаланатын ет мөлшері  29,5 кілə десек, мал басы өсімін дұрыс жолға қоя алсақ, тұрғындарымызды жергілікті өніммен 50-55 пайызға толық қамту мүмкіндігіміз бар.
Жыл сайын аз да болса су көздері бар жерлерден егіншілік мақсатқа 700-750 га жер көкөніс-бақша дақылдарын өсіруге пайдаланылады. 6,2 га жылыжай жұмыс жасайды. Оның ауданын алға қарай 7,2 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Балық аулау жəне тауарлық балық өсірудің жағдайы ешкімді де қанағаттандырмайтын дəрежеде.
11-қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген жиналысында Елбасы Н.Назарбаев Ауылшаруашылығы министрлігіне, оның ішінде «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ-на біраз сын айтты. Басты мəселе іске асырылатын көптеген жобалардың тиімсіздігі, мемлекеттік қаржылай қолдаудың қолжетімсіздігі, əкімшілік кедергілер. Міне, осылардың салдарынан кейбір облыстарда аталған қоғам қаржысының қатысуымен бірде-бір жоба іске асырылмаған. Біздің облысымыздан акционерлік қоғамға қаржыландыруға күні бүгінге дейін 5 жоба ұсынылса да, оның бірде-біреуі қаржыландырылмаған.
Екі жоба Астанадағы орталық комиссиядан өтіп, қаржыландыруға шешім алынғанша 1,5-2 жыл уақыт өтіп кеткен. Бұл аралықта нарықтағы баға өсіп, бөлінген қаржы жобаны іске асыруға жеткіліксіз болып қалған. Сол себепті сұраныс беруші бұл қаржыны алудан бас тартты.
Ал қалған үш жоба түрлі себептермен комиссиядан өтпей қалды. Жалпы бас сараптамаға жетіп, мəселені түбегейлі шешкенше сұраныс берушінің біраз уақыты жəне қыруар қаржысы шығын болады. Осының салдарынан ауылшаруашылығы кəсіпкерлері «ҚазАгро» АҚ-нан қаржы алуға құлықсыз.
Жұрт бұл жағдайдың бəрін БАҚ пен интернеттен жəне бір-бірімен хабарласу, сөйлесу арқылы толықтай біліп отыр. Біздің пікірімізше, деді К.Ерғалиев, - күні бүгінге ауылшаруашылығын дамытамыз десек, қаржылай қолдау жеке үй жəне шаруа қожалықтарын да-
мытуды қолдауға бағытталуы керек. Себебі, қазір елімізде де, біздің облысымызда да негізгі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жеке үй жəне шаруа қожалықтары. Сондықтан, несиелер де, жеңілдіктер де, қаржылай қолдаулар – субсидиялар да осы осы субъектілерге қолжетімді болғаны жөн. Ал қазіргі бағдарламалар шағын бизнесті ерікті мəжбүрлеу жолымен ортаға, орта бизнесті сондай жолмен ірілендіруге негізделген сияқты болып көрінеді.
Агроөнеркəсіп кешенін да мытуды қаржылай қолдауды жетілдіру мақсатында облыста 4 «ҚазАгро» АҚ-ның салалық қаржы институттары жəне бір облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Маңғыстауагросервис»
ЖШС-і жұмыс жасайды. Серіктестік облыс бойынша агроөнеркəсіптік кешенді дамытуда ауылшаруашылығы кəсіпкерлеріне лизингке ауылшаруашылығы техникасы мен технологияларын, жалға бірте-бірте сатып алуға мал жəне тауарлық несие беретін бірден-
бір субъект.

2013 жылдың 9 айы қорытындысында 2521,0 мың теңгеге 4 дəне ауылшаруашылық техникасы (пресс, косилка, тырма) лизингке; 9 784,4 мың теңгеге тауарлы несие берілді, одан: мал шаруашылығына – 3081,3 мың теңге (кебек жем), егін шаруашылығына – 6476,8 мың теңге (тыңайтқыш, тамшылата суару құралдары) жəне ауылшаруашылық техникасына қосалқы бөлшектер үшін – 227,3 мың теңге. Бірақ мемлекеттік қолдаудың бұл түріне сұраныс азайып кетті. Себебі серіктестіктің жұмыс жасау мерзімінің 01.01. 2017 жылға дейін шектелуіне байланысты төлемдерді өтеу кестесінің қысқаруы, төлем сомасының жоғары болуы кəсіпкерлердің төлеу мүмкіндігін азайтып отыр.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне лизинг түрінде мемлекеттік қолдау көрсететін облыстағы қаржы институты. Бұл бойынша 2013 жылдың 9 айы ішінде 10 600,0 мың теңге тұратын 5 бірлік ауылшаруашылығы техникасы лизингке берілді.

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Маңғыстау облыстық өкілдігі 2013 жылдың 9 айы ішінде 82 бірлікке 198 000,0 мың теңге несие берді, одан: 106 870,0 мың теңге мал шаруашылығына, 1 000,0 мың теңге егін шаруашылығына, қалғаны басқа салаларға берілді.

«Қазагромаркетинг» АҚ Маңғыстау облыстық өкілдігі ауылшаруашылығымен айналысқысы келетіндерге жан-жақты ақпараттық кеңес береді, ауылшаруашылығымен айналысатын жеке тұлғаларға бизнес жоспар жасауға көмектеседі.

Облысымыздағы «Маңғыстау облысының микрокредиттеу орталығы микрокредиттік ұйымы» ЖШС арқылы 2012 жылы мал шаруашылығымен айналысатын 58 кəсіпкерге (фермерлерге) 117 950,0 мың теңге көлемінде несие берілді, егін шаруашылығында 11 кəсіпкерге 36 240,0 мың теңге, ал 2013 жылы мал шаруашылығы үшін 24 бірлікке 67 500,0 мың теңге, егін шаруашылығында 6 тұлғаға 15760,0 мың теңге несие берілді.

Облысымызда ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсетудің жəйі осындай. Кəсіпкерлерге қолдау көрсетудің жəйі мінсіз деп айтуға келмейді, үкіметте көмек көрсетуге деген қаржы
көзі жеткілікті болғанмен оны нақты қажет ететін адамдарға беру, яғни қаржы көзінің қолжетімділігі əлі де болса жақсарта түсуді қалайды. 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1198
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1090
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 828
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 962