Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2492 0 пікір 5 Қараша, 2013 сағат 10:44

Аймақтағы құрылыс қарқыны жоғары

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Орақ Аяпов өткізген брифингте өңіріміздегі құрылыс жұмыстарының барысы баяндалды. Үстіміздегі жылы тұрғын үй, əлеуметтік нысандар, инженерлік инфрақұрылымдар құрылыстары үшін облыстық бюджеттен барлығы 2154314 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде 7257714 млн. теңге он мектеп, бір балабақша жəне кəсіптік-техникалық лицей құрылыстарына бөлінген болса, білім нысандарының бірқатары пайдалануға берілген. Мысалы, биыл Бейнеу, Қарақия аудандарында бір-бірден жəне Мұнайлы ауданында үш орта мектеп, Қарақияда кəсіптік-техникалық лицей жатақханасымен бірге оқушыларын қабылдады. Ал жыл соңына дейін Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы жəне Түпқараған аудандарында тағы үш мектеп құрылысы аяқталмақ. Алайда, түрлі себептерге байланысты Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылы мен Жаңаөзен қаласының Мерей шағынауданындағы орта мектептер жəне Мұнайлы ауданындағы балабақша құрылысының аяқталу мерзімі келесі жылға қалдырылып отыр.

Сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарын салуға да аз қаржы бөлініп жатқан жоқ. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде дəрігерлік амбулатория салу үшін ғана республикалық бюджеттен 112336 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржыға салынған нысандардың бірі – Мұнайлы ауданындағы емхана кеше ғана пайдалануға берілді. Жаңаөзендегі 250 орындық емхана мен перзентхана, Мұнайлы, Бейнеу, Маңғыстау аудандарында жүріп жатқан тоғыз дəрігерлік амбулатория жəне Ақтаудағы облыстық аурухананың «Г» блогының құрылысы жыл аяғында бітеді деп күтілуде.

Маңғыстаулықтар көптен күткен облыстық ана мен бала денсаулығын қорғау орталығы мен Жаңаөзен қаласындағы терапевт корпусының жобалау-сметалық құжаттамалары дайын болып, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Бұлар 2014-15 жылдары пайдалануға берілмек. Облыстық онкологиялық диспансер құрылысының да аяқталу мерзімі алдағы жылдарға қалдырылды.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысын салуға республикалық бюджеттен 10500 млн. теңге жəне жас отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысын аяқтауға 500 млн. теңге бөлінді. Ақтауда өткен жылдан бері бітпей келе жатқан 140 пəтерлі тұрғын үйлер құрылысы желтоқсан айында аяқталмақ. Бұлардың 100 пəтері жас отбасыларға тиісті.

Инженерлік жүйелерді дамыту үшін 2 миллиард 420 миллион теңге қарастырылған. Қазірге дейін
жиырма алты нысанда жүріп жатқан инженерлік жүйелер мен тұрғын үй құрылыстарының коммуникациясы нысандарының жиырма бірі аяқталды. Қалғандары жыл аяғына таман бітеді.

Ішкі істер органдары нысандарын жəне қоғамдық тəртіпті дамыту мақсатына республикалық бюджеттен 1002,995 млн. теңге бөлініп, Жаңаөзенде 6 учаскелік полиция пункті мен 2 стационарлық бекет құрылыстары аяқталды. Ал жыл соңына дейін мұнда тағы 4 учаскелік полиция пункті мен «Рубеж» бақылау пункті пайдалануға берілмек. Сонымен қатар Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөлімшесінің қызметкерлері үшін 60 жəне 100 пəтерлік екі тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Бұл үйлерден баспана алатын жаңаөзендік полицейлер қоныс тойын келесі жылы тойламақ.

2012-2020 жылдарға арналған «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша Жаңаөзен қаласында көптеген сыртқы инженерлік жүйелер құрылыстары жəне əкімшілік ғимаратының, автомобиль жолдарының құрылыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар да жоғарыда айтылған бірнеше құрылыстармен бірге келесі жылы аяқталмақ. 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1068
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 801
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 928