Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
657 3 пікір 18 Сәуір, 2024 сағат 14:30

Тимур Құлыбаев су тасқыны салдарын жоюға 30 млрд теңге бөледі

Сурет: kommersant.ru

Тимур Құлыбаев Қазақстанға залал әкелген жойқын су тасқынына байланысты Атырау облысын қалпына келтіруге 30 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Abai.kz.

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың қайғысына ортақпын. Біз алғашқы күндерден бастап тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетудеміз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен барлық қиындықты бірге еңсеретінімізге сенімдімін, - деді Тимур Құлыбаев.

Естеріңізде болса кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын су тасқының салдарымен күресте күш-жігерді біріктіру туралы үндеу жасаған болатын. Кездесу барысында әр су басқан өңірдегі проблемаларды шешу жолында Қазақстандық ең бай адамдардың ат салысуы жөнінде сөз қозғалған.

Соңғы жылдары Тимур Құлыбаевтың компаниялар тобы Президенттің бастамаларын қолдауға әрі қайырымдылыққа 85 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады. Оның ішінде топан сумен күреске 1,5 млрд теңге бөлді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар