Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
590 2 пікір 8 Сәуір, 2024 сағат 15:21

Елімізде «Қазгидрогеология» ҰАҚ құрылады

Сурет: ulysmedia.kz

Қазақстанда су мәселелері бойынша жаңа мемлекеттік орган құрылады. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Қазақстанда «Қазгидрогеология»  ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылады. Бұл жайлы «Ашық НҚА» порталына орналастырылған Су ресурстары және ирригация министрлігінің қаулысында жазылған.

«Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын», –   делінген қаулыда.

Су ресурстары Министрлігінде түсіндірілгендей, "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыруға, Гидрогеология және геофильтрациялық модельдер, цифрлық және картографиялық деректер базасы саласында деректер базасын және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді құруға жауапты болады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1682
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1636
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1300