Жексенбі, 28 Сәуір 2024
591 0 пікір 26 Наурыз, 2024 сағат 15:28

Декларацияны тапсыру 31 наурызда аяқталады

Сурет: Ulysmedia

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 240.00 нысанды жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталатынын хабарлады. Ал мүліктік табыстан алынатын жеке табыс салығын 10 сәуірге дейін төлеу қажет.

Декларация тұрғылықты мекен-жайы бойынша салық органына табысталады. Бұл туралы хабарлады.

Декларацияны тапсыруға міндетті:

  • жеке нотариустар;
  • адвокаттар;
  • өзге де кірістер алған жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарында ақшасы бар жеке тұлғалар.
  • Сондай-ақ, декларацияны мүлікті сату кезінде құн өсімінен табыс (мүліктік табыс) алған не пәтерді жалға беруден табыс алған жеке тұлғалар тапсыруға міндетті.

Abai.kz

0 пікір