Жексенбі, 28 Сәуір 2024
449 0 пікір 26 Наурыз, 2024 сағат 15:19

Қазақтар несиені несиемен жабады

Сурет: kazislam.kz

Несиесіз қазақ - қазақ емес. Сөзіміздің дәлелі, 2024 жылдың қаңтарында екінші деңгейлі банктерге азаматтарымыз 18,2 трлн теңген қарыз екен. Несиелердің барлығы дерлік теңгемен берілген.

Несиесін несиемен жабатын қазақтардың соңғы екі жылда күрт өскен. Мысалы, 2022 жылдың 1 қаңтарында қазақстандықтардың банктерге берешегі 10,7 трлн теңгені құраса, 2023 жылдың 1 қаңтарында 14,1 трлн теңге болған.

Ең көп несиесі бар қалалар:

Көштің басын Алматы қаласы - 5 трлн. Теңгемен бастап тұрса,  екінші орында 2,9 трлн берешегі бар астаналықтар келеді. Еліміздің үшінші мегаполисі атанған шымкенттіктер бұл сайыста да үшінші орында.

Бір қызығы несие төлеу – қазақтардың өмір сүруіне нағыз мотивация сияқты. Тіптен қанында кешігу бар болса да, бұл жолы несие төлеуден қазекеңдер кешікпейтін әдет ойлап шығарған. Себебі олар кешігіп қалса, тарихының бұзылатынын, келесіде несие шықпай қалатынын жақсы білген.

Abai.kz

0 пікір