Сенбі, 27 Сәуір 2024
Әріптестің әңгімесі 1116 10 пікір 20 Наурыз, 2024 сағат 13:08

Назарбаевсыз 5 жыл: Ескі мен Жаңа Қазақстанның ерегесі

Сурет azattyq-ruhy.kz сайтынан алынды

2019 жылдың 19 наурызы Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айрықша маңызды күн болды. Қазақстанды Тәуелсіздік жылдары үздіксіз басқарып келген Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы күні өзінің доғасықа кететінін жариялап, Қазақстан президенті қызметін сол кездегі Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктеді. Бұл туралы Mezgil.kz порталы жазады

1710852688352475.jpg

Осы бір тарихи сәтке де 5 жыл уақыт өткен екен. Қазақстанның Назарбаевсыз 5 жылдығы қалай өтті? Осы уақыт аралығында болған маңызды оқиғаларға шолу жасағанды жөн көрдік.

НАЗАРБАЕВ КЕТІСІ ҺӘМ «ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР»

Әлемнің саяси тарихындағы 2019 жылдың 19 наурызы Назарбаев Қазақстан президенті қызметінен кетуімен есте қалды.

1710851994648578.png

(Сурет КазТАГ сайтынан алынды)

Назарбаевтың ол жолғы кетісін әлемнің саясит сарапшылары «Путин-Медведев» тандеміне ұқсатты. Қазақстанда «қос билік» жүйесі қалыптасады деп болжады. Себебі, экс-президент Назарабев Қазақстан президенттігінен кеткенімен, Қауіпсіздік қызметін өзі тізгіндеген еді. Расында, әуелі КСРО билігінің қитұрқылықтарын меңгеріп, Тәуелсіз Қазқастанды ұзақ уақыт үздіксіз басқарған Назарбаев биліктен кеткесігенімен тізгінді өз қолында ұзақ ұстауға тырысқаны жасырын емес. Биліктен кетті деген сөз – Қазақ саясатын аңдып қарап отырған Батыс пен АҚШ үшін де, бір басшы, бір команда басқаруынан шаршай бастаған қазақ қоғамы үшін де керек болды. Бірақ, Қауіпсіздік кеңесін басқару – Назарбаевқа президентке президент болуға мүмкіндік ашатын ауысу еді. Бұл қитұрқылықтарға «Қасіретті Қаңтар» нүкте қойды.

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» ҺӘМ «ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ»

Және әлемдік саясат бұған дейін «Назарбаевтың көлеңкесінде қалып қойды» деген Тоқаев 30 жыл Назарбаев орнатқан жүйемен қоштасу қажеттігін ұлттық көпшілік – қазаққа да, ұлттық азшылық – орыс тілділерге ұғындыра білді. Нәтижесінде – «Жаңа Қазақстан» бағдары мен «Құрылтай жиыны» өмірге келді.

Әрі ескі билік тұсында жіліктің майлы басын ұстағандар жаңа биліктің қырына ілініп, елден жегендерін қайыра құса бастады. Бұл әлемдік саясатта жаңа мемлекет басшысының беделін арттырды.

1710852174993530.jpg

ЕСКІ БИЛІК МҰРАЛАРЫ: БИЛІК ТРАНЗИТІ

Сонымен Назарбаев билігі Орталық Азиядағы ең жауынгер ұлтты – қазақты бас көтертпеу үшін айла-шарғылардың әртүрін қолданды. Ескі билік тұсында ұлттық сипаттағы саяси партиялар құрылуына көп кедергі жасалды. Автохон болып табылмайтын дисапорлар үшін бюджет ақшасынан қаржыландыратын, әлемнің ешбір елінде жоқ дүбәра - ҚХА құрылды. Оның мүшелері Сенатқа депутат болып сайланды. Және бизнестің майлы жілігін үлкен отбасының туыстары мен оларды төңіректегендер жеке меншігіне айналдырып, қазақ елін 162 млрд. доллардан артық сыртқы қарызға батырды.

Біреу билікте тым ұзақ отырса, оны орнынан ауыстыру туралы мәселе ерте ме, кеш пе туындайды. Бұл жаһандық саясаттың жазылмаған һәм жазылған заңдылығы! Тіпті саяси емес, таза физиологиялық заң!  Сарапшылар, Қазақстанда билік транзиті 2016 жылдан бастап жоспарланғанын жазады. Қазір абақтыға қамалған Кәрім Мәсімов сол жылы Үкімет басшысы қызметінен алынып, ҚР ҰҚҚ басшысы болып тағайындалған еді. Ал Үкіметті Бақытжан Сағынтаев тізгіндеген.

Сөзсіз, Назарбаев қызметтер кетерінде, өзі отырған қайықты өзі шайқамаудың жолын іздеді. Билікті Тоқаевқа беру арқылы Назарбаев өзін тыныш әрі қауіпсіз сезінді. Астана және шекара сыртында түрлі келісімдер де болғаны анық. Ол қандай келісім десеңіздер: Бірінші президент туралы заң. Бұл заң Назарбаев пен оның отбасы қауіпсіздігіне кепілдік беретін заң еді.

2019 жыл мен «Қанды қаңтар» аралығында осы жасалған келісімдер бірте-бірте бұзыла бастады. Нәтижесін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Шын мәнінде «Қаралы қаңтар» Қазақстанның жаңа тарихындағы ең драммалық оқиға ғана емес, сонымен қатар Назарбаев дәуірінің аяқталуын нақты айқындаған оқиға болды.

1710852222966753.jpg

(Сурет Ақорда сайтынан алынды)

ҚАҢТАРДАН КЕЙІН: РЕФЕРЕНДУМ, ПРЕЗИДЕНТТІК-ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУЛАР...

«Қаңтардан» кейін Қазақстанда референдум, президенттік, парламенттік сайлау өткізілді. Назарбаев кезіндегі әкім-қаралар еліміздің саяси аренасынан бірте-бірте бірте орын босатып кете бастады.

Тарихи хроникаға көз жіберер болсақ:

2019 жылдың 18 наурызы. Дүйсенбі күні президент Нұрсұлтан Назарбаев өз қызметінде болды. Ал сейсенбі күні Назарбаев күтпеген жерден президент қызметінен кетті. Сәрсенбі күні Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың президенттік мерзімі аяқталғанға дейін уақытша президент ретінде ант қабылдады.

Ол 2020 жылдың сәуіріне дейін созылуы тиіс еді. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға спикерлікке көтеріліп, ол (техникалық жағынан) елдегі екінші орынға көтерілді.

1710852339797147.jpg

(Сурет ratel.kz сайтынан алынды)

АСТАНА АТАУЫН АУЫСТЫРУ

Тоқаевтың алғашқы ұсынысы Астананы атауын ауыстыру болды. Бұндай ұсыныстар соңғы жылдары бірнеше жолы айтылған. Парламент президент Тоқаевтың ұсынысын едел-жедел қарап, Қазақстан елордасы – «Нұрсұлтан» деп аталды. Сондай-ақ, Назарбаевтың құрметіне ірі қалалардың орталық көшелерін атауды ұсынды.

Үш жылдан кейін «Қаңтар оқиғасы» кезінде Назарбаев даңғылдары мен оған іргелес көшелер жаппай наразылық алаңына айналды. Сол бір қаралы даталарда Назарбаев ескерткіштері құлатылды. Көшелердегі Назарбаев есімі жазылған тақтайшалар қиратылды. Ресми мәліметтер бойынша, «Қанды қаңтар» күндері елімізде 238 адам қаза тапты.

«Қос билік» арасындағы күрес «Қаңтар оқиғасына» ұласқанын біз жоғарыда аз-кем сөз еттік. Назарбаев қаңтарда Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы лауазымынан айрылды. Қауіпсіздік кеңесін Тоқаев өзі тізгіндеді.

1710852464243638.jpg

ДЕНАЗАРБАЕВИЗАЦИЯ

Онан соң Қазақстан Парламенті Назарбаевты кеңеске төрағалық ету құқығынан айырып, заңға өзгерістер енгізді және «Сыртқы және ішкі негізгі бағыттар бойынша бастамалар бірінші президентпен келісілуі тиіс» деген норманы алып тастады.

Дариға Назарбаева бастаған экс-президенттің туыстары мен отбасы мүшелері жоғары лауазымдарынан айрылды, кейбіреулері тергеуде болды. Қайрат Сатыбалды, Кәрім Мәсімовтер сотталып, абақтыға қамалды. Самат Әбіштің үстінен іс қозғалды. Бауыржан Байбек, Нұрлан Нығматулин, Асқар Мамин деген бет қаратпас дәулер саяси сахнадан жоғала бастады. Кейбіреулері бас сауғалап, шекара шетіне кетті.

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҺӘМ ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА

«Қаңтар оқиғасынан» кейін Тоқаев «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын жариялап, «Екінші республика» құрылысының бағытын жариялады. Астана өзінің бұрынғы атауын иеленді.

1710852503428173.png

(Сурет azattyq-ruhy.kz сайтынан алынды)

ЕЛБАСЫ КІТАБЫ

Билікте болған шағында Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі», «Еуразия жүрегінде», «Стальной профиль», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Қазақстан жолы», «Әлемнің эпицентрі» және «Сындарлы он жыл» т.б. кітаптарды жазды. Назарбаевтың ең ақырғы кітабы – «Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа» деп аталды.

Abai.kz

10 пікір