Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Өзгелер 1196 14 пікір 15 Наурыз, 2024 сағат 14:41

Ресейдегі сайлау: Путин, Путин және Путин...

Сурет: aa.com.tr

Ресейде президент сайлауы басталды. Бірінші болып сайлау учаскелері ашылған Камчатка аймағының тұрғындары дауыс береді. Ресейдегі сайлау 15-17 наурыз аралығында өтеді.

Ресей ОСК-сі дауыс берудің алдын ала қорытындыларын 18 наурыз күні жариялайды. 25 ақпан мен 14 наурыз аралығында президент сайлауында мерзімінен бұрын дауыс беру шалғай аймақтарда және жетуге қиын жерлерде, соның ішінде полярлық станциялар мен жүзу кемелерінде өтті.

Сонымен, нәтижесі ойталқы тудырмайтын Ресейдегі бұл сайлауда президенттіктен кімдер үміткер?

Басты фаворит - Владимир Путин (қазіргі президент).

Ол сайлауға бесінші рет қатысуда. Путин екі жыл бұрын Украинаға басып кіріп, оның аумағының бір бөлігін аннексиялай бастады. Халықаралық қылмыстық сот 2023 жылы украиналық балаларды депортациялауға байланысты Путинді қамауға алуға ордер шығарды. Өзінің бұрынғы мерзімінде Конституцияны қайта жазып, өзінің президенттік мерзімін жойып, Ресейдің ішіндегі саяси қуғын-сүргіндерді күшейтіп, ең көрнекті оппозиционерлерді түрмеге отырғызып, өзгесін елден қуды.

Осы сайлауда ол кемі 80% дауыс алуы мүмкін. Қазіргі заңдар Путинге 2036 жылға дейін билікте қалуға мүмкіндік береді.

Сурет: bbc.com

Онан өзгелері: 

Николай Харитонов - Ресей компартиясының үміткері. Ол үгіт-насихат кезінде «Болашақ үшін солға бұрылуды» ұсынады және Путинді сынамайтынын баса айтады. 2022 жылы Батыстың санкцияларына тап болды. Украинаны «денацификациялауды» қолдады.

Леонид Слуцкий - ЛДПР-дан кандидат. Жириновский жолын жалғаушы және оның партиясын басқарушы. Үгіт компаниясын да сол Жириновскийдің атынан жүргізді.

Владислав Даванков - «Жаңа адамдардан» кандидат.  Мемлекеттік Думада соғыс үшін дауыс берген «бейбітшілікті» жақтаушы кандидат. Ресейдегі танымал саясаткер дей алмаймыз. 2023 жылы Мәскеу мэрін сайлауға қатысып, 5%-дан сәл аса дауыс жинаған.

Ол да Украина аумағын аннексиялауды қолдап дауыс берген. Сол үшін халықаралық санкцияларға ұшыраған.

Путиннің жолы

Путин Ресей билігінде 2000 жылдан бері келе жатқан адам. Бұл жолғы сайлаудың да нәтижелері ешкімді таң қалдыра қоймайтыны айдан анық.

2020 жыл. Ресей Конституциясы реформаланды. Өзі билікке келген алғашқы жылдары Конституцияны еш өзгертпеуге уәде берегн Путин сол уәдесін бұзды. Өзінің осыған дейінгі президенттік мерзімдерін нөлге теңестіріп, тағы сайлауға қатысуға жол ашты. Онан кейін соғыс бастады. Путиннің ширек ғасырлық билігін ықшамдап айтқанда осы.

Abai.kz

14 пікір