Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
769 2 пікір 14 Наурыз, 2024 сағат 20:28

Неліктен ақ халаттылардың құқығы тапталып жатыр?

Сурет: adyrna.kz

Соңғы уақыттары абзал жанға теңеген ақ халаттыларымыз көмек көрсетуге асығамыз деп жұдырықтың астында қалып жатыр. Екі мәрте қайталанған бұл жағдай, дәрігерлердің құқықтарына сын келтіргені анық.

Осы тұста Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев құқық қорғау органдары медицина қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілікті арттыруға неліктен қарсылық танытқанына жауап берді.
Сенат отырысында ол бұл депутаттар мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бастамасы екенін еске салды.

"Денсаулық сақтау министрлігі қылмыстық заңнама аясында құқық қорғау органдарының мәртебесімен жұмыс істеу кезінде дәрігерлердің мәртебесін теңестіру нормасын қолдады. Бірақ Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Әділет министрлігі және Жоғарғы Сот бұл нормаға қарсы. Олар барлығына ортақ нормалардың бар екендігін, барлық мемлекеттік қызметшілер өздерінің азаматтық және кәсіби қызметін атқару кезінде жалпы стандарттар бойынша қорғалатынын айтады", – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ұстаныммен келіспейтінін жеткізді. Себебі, соңғы уақыттары медицина қызметкерлеріне, жедел жәрдем жүргізушілеріне, қабылдау бөлмесіне шабуыл жасау жиілеп кеткен. Департамент бұл норма мәселесін депутаттармен бірге қайта көтермек.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2438
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2026
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587