Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Билік 615 0 пікір 12 Наурыз, 2024 сағат 17:28

Алматыда биыл 400 ден астам адам инновациялық оңалту құралдарымен қамтылады

Сурет Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Ағымдағы жылы Алматыда өтініш берушілердің 95% -ын оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жоспарлануда. 

Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қала басшысы Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен Алматының инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңесінің I-ші отырысында хабарлады.

«Биылғы жылы біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бойынша келіп түскен барлық өтініштердің 95% -ын қамтуды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатқа биыл 1,3 млрд теңге бөлінді, нәтижесінде оңалтудың инновациялық техникалық құралдарымен кемінде 400 адам қамтамасыз етіледі», – деді Әсем Нүсіпова.

2023 жылы Алматы әкімдігі ерекше қажеттіліктері бар 433 адамды 1 390 млн. теңге сомасына инновациялық техникалық құралдармен қамтамасыз етті. Олардың ішінде: 150 протез, 200 отыратын арба, 76 сөйлеу процессоры және 7 сүйек өткізгіштігі бар есту аппараты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1700
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1656
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1386
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1319