Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
418 0 пікір 11 Наурыз, 2024 сағат 15:17

Асып-тасқандардың салығы көбеймек

Сурет: atmjet.ru

Ұлттық экономика министрлігінің әзірленіп біткен консультативтік құжатына толықтырулар енгізілмек. Онда жеке тұлғаның барлық объектілерінің жиынтық құны 130 мың АЕК (2024 жылы 479 960 000 теңге) шегінен асып кеткен жағдайда "сән – салтанат" заттарына салық салуды арттыру туралы ұсыныс жазылған. Бұл туралы Abai.kz Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды.

– Шектеулі адамдардың меншігінде яхталар мен жеке ұшақтар бар. Мысалы, жеке тұлғаларда 490 яхта бар. Яхталарға салынатын салықтың ең жоғары сомасы – шамамен 190 мың теңге (55 АЕК). Ставкаларды көбейту ұсынылады. Яхталардың ұзындығын Еуропа елдеріндегідей салық мөлшерлемесін анықтау үшін қолдануға болады (5 метрден астам сән-салтанатқа жатады). Мысалы, Грекияда ашық яхталарға арналған сән-салтанат салығы жылына 780 еуродан (383 мың теңге) 2340 еуроға (1 149 мың теңге) дейін өзгереді. Ал егер яхта 12 метрден асса, салық сомасы артады, - делінген құжатта.

 

Құжатта тағы не ұсынылады

Құжатқа сәйкес қаралатыны:

- экономиканың түрлі секторларындағы сараланған салық ставкаларына көшу;

- прогрессивті салық салуды енгізуді жеделдету;

- арнайы салық режимдерін реформалау;

- салықтық әкімшілендіруді жаңарту;

- ҚҚС қайтару рәсімін жеңілдету.

Бұған дейін билік қазақстандықтардың жүздеген яхтасы мен жеке ұшағы туралы айтқан болатын.

Сонымен, 490 яхта жеке меншікте, тағы 176 яхта заңды меншікте. Сонымен қатар, 248 ұшақ жеке меншікте. Тағы 665-і заңды тұлғаларға тиесілі.

Айта кетейік, бұған дейін қаржы министрі болған Ерұлан Жамаубаев табысы жоғары қазақстандықтар көбірек салық төлей ме деген сұраққа жауап берген болатын. Елде жалпыға бірдей декларация енгізілгеннен кейін сән-салтанат салығы қарастырылатыны хабарланған еді.

Abai.kz

 

0 пікір