Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Алыстағы бауырым 1605 8 пікір 7 Наурыз, 2024 сағат 13:57

Ыстанбұлдағы жиын: «Түріктің – Түріктен басқа досы жоқ»

Ыстанбұл. Қазақ қандастарымыздың көп қоныстанған Зейтұнбұрын ауданы 22 миллионнан астам халық тұратын алып шаһар Ыстанбұлдағы жетекші аймақтардың бірі. Осыдан 70 жыл бұрын сонау Алтай өңірінен Үндістан, Пәкістан елдері арқылы Түркиядан қоныс тепкен Зейнеш ақсақал осы өңірдің құрметті азаматтарының бірі болды.

Көпшілік алдында абырой беделге ие болған Зейнеш қария көзі ашық, көкірегі ояу, парасатты жан еді. Ұлдары Ахмет, Мехмет, Мәжит және Рашидасына ЖОО-дан білім алуына ықпал етті. Рашида Зейнешқызы Ыстанбұлдағы медицина университетін бітірді. Денсаулық саласының белгілі де құрметті дәрігері атанды. Бүгінде қоғамдық істердің көш басында. Түркиядағы Әділет және даму партиясы Орталық Комитетінің алқа мүшесі. Зейтұнбұрын ауданы мәслихатының мүшесі. Түркі мемелекеттері мүше елдерімен бауырластық жақсы қарым-қатынаста.

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Мармара теңізі жағасындағы 35 қабаттағы биік үйінде түркі тілдес халықтары өкілдерінің үлкен тобының бас қосу шарасын өткізді. Ұлттық тағам, наурыз көже, бауырсақ т.б тағамдармен дастархан жайып қарсы алды. Шараға Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Ұйғыр, Татар, Ноғай, Ауған, Иран, Сирия түріктері мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, 70-тен астам адам қатысты.

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Шаңырақ иесі, құрметті дәрігер, Қазақ қызы Рашида Юксел жиналғандарды наурыз мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, Зейтұнбұрын ауданы мәслихатына және аудан әкіміне үміткерлерге сәттілік тіледі. Ыстанбұлдағы бірінші Қазақ консулы қызметін атақарған, Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығының Түркия өкілі, Қазақстан мәдениет және сауда орталығының басшысы Ержан Уәйіс құттықтау сөз сөйледі.

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Наурыз түркі халықтарының ұлттық мерекесі. Міне, ұлттық тағамымызды Рашида өз қолымен әзірледі. Біз онымен мақтанамыз. Шетелде туып, осында өмір сүріп жатқан Қазақ қызының белсенділігі үшін ризашылығымды білдіреміз.

Ел президенті Режеп Ердоғанның кеңесшісі ретінде Қазақстанға іс-сапары кезінде Рашида Юксел ханым сол топта жүреді. Әмина Ердоған бастаған аналар тобының құрметті мүшесі. Анадолы елінің барлық облыстарын аралап, халықпен жиі кездеседі. Әсіресе, ана мен бала мәселелерінің шешілуіне игі ықпал етеді.

Жолдасы Фетхи Ахмет Юксел Ыстанбұл университетінің профессоры, ғылым докторы. Міне бүгін Зейтұнбұрында тұратын бауырлас халықтардың кіші құрылтай есебіндегі басқосумыз Алланың үлкен сыйы. Біздің түбіміз бір түрікпіз. Тіліміз, діліміз, дініміз бір. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрміз ортақ. Түркия мемлекетін құрушы Мұстафа Кемал Ата Түріктің осыдан 100 жыл бұрын: «Түріктің – Түріктен басқа досы жоқ», - деген сөзі, «Кім бақытты - түркі дүниесі бақытты» - деген ұлағатты сөздері өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр.

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Түркі мемлекеттері ұйымы тұрақты жұмыс істеуде. Бас хатшы Қуанышбек Өмірәлиевтің салемін қабыл алыңыздар. Екіншіден, Түркияда қазір сайлау науқаны қарқын алды. Зейтұнбұрын аудан әкіміне аудандық мәслихатқа мүше болуға Қазақ, Түркімен, Ұйғыр, Өзбек ұлтының өкілдері ниет етуде. Арамызда әкім Өмір Арысой, Әбдікәрім Тұрды, Қадыр Ислам, Құршида Артыш, Қазақ қызы Суна Ұшар, Бағыжылар ауданына кеше ғана KATIAD басшысы болған қазақ жігіті Сүлеймен Топырақ бар. Үміткерлерге сәттілік тілеймін. Түркі халықтарының бірлігі жасасын.

Ержан Уәйіс аудан әкімі Өмір Арсойға, партия белсендісі Рашида Зейнеш қызына алқызыл гүл шоқтарын ұсынды. Жиында Ыстанбұлдағы Қазақ профессоры Абдулуаһап Қара, «Яссауий» қорының төрағасы Әріп Аужы, Маниса облысы «Салихлы» Қазақ қауымдастығының төрағасы Алтай Қарақол, Берлиндегі Қазақ қауымдастығының басшысы, кәсіпкер Бешретхан Малабақан, Еуразия федерециясы басшысы Исмайыл Шыңғыс, «Қырғыз түркілері» қоғам басшысы Абдулметин Кескін, Ауған қазақтары «Қоңырат» қоғамдық қорының басшысы Нематулла, Өзбек, Түркімен, Сирия, Ирақ түріктері қоғамдарының жеткешілері құттықтау сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынған

Зейтұнбұрын аудан әкімі Өмір Арсой және аудан мәслихаты мүшелігіне үміткерлер жылы қабылдау, жақсы тілектер үшін алғыс сезімдерін білдірді. Сайлауда бірге болуға шақырды. Кіші құрылтай кешінде Алманияда Көлін қаласында Қазақ қоғамын құрушы, құрметті төраға 90 жастағы Абдурахман Четин ақ батасын берді. Батагөй абыз қария қазір «Қазақ кент» қалашығында тұрады.

Түркі дүиесінің көк байрағы мәңгі желбірей берсін!

Ержан Уәйіс

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Abai.kz

8 пікір