Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Билік 833 2 пікір 5 Наурыз, 2024 сағат 15:13

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық жүк жеткізді

Сурет ҚР ТЖМ телеграм арнасынан алынды

Қазақстан Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек жіберді. Аталған гуманитарлық жүк бүгін Қырғыз тарабына тапсырылды. 

"5 наурызда Мемлекеттік материалдық резервтен тиелген 1000 тонна дизель отыны ресми түрде Қырғыз Республикасына берілді. Гуманитарлық көмек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді. 1 000 тонна дизель отынының екінші партиясы Ыстықкөл облысындағы Балықшы станциясына жөнелтілді", - делінген ресми хабарламада.

Бүгінгі гуманиталдық жүкті тапсыру рәсіміне Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев қатысқан.

Abai.kz

2 пікір