Жексенбі, 28 Сәуір 2024
740 0 пікір 1 Наурыз, 2024 сағат 13:55

Тарауық оқу Рамазан айынан бір күн бұрын басталады.

Сурет: ummet.kz

Биыл тарауық намазын оқу Рамазан айынан бір күн бұрын басталады. Ал оразаны 11 наурыздан бастап ұстау шарт. ҚМДБ түсіндірмесі бойынша, Рамазан айынан бір күн бұрын, кешкі құптан намазынан соң тарауық намазы оқыла бастайды.

"Тарауық намазы 20 ракағаттан тұрады. Әр екі ракағаттан кейін сәлем береді. Төрт ракағат етіп оқыса да болады. Жалғыз оқыса да дұрыс, бірақ жамағатпен оқығанның сауабы зор. Тарауық намазымен бірге үтір намазы да жамағатпен оқылады. Имам тарауық намазы мен үтір намазының қирағатын дауыстап оқиды", – делінген ҚМДБ хабарламасында.

"Тарауық намазын құптан намазынан кейін оқу – сүннет. Сондықтан құптан намазына үлгермеген адам алдымен құптан намазының парызы мен сүннетін оқып, одан соң тарауық намазына қосылады. Тарауық намазының қалған ракағаттарын және үтір намазын кейін өзі жалғыз оқып бітіреді. Тарауық намазының қазасы оқылмайды", – деді Хасан Аманқұл.

Abai.kz

0 пікір