Жексенбі, 28 Сәуір 2024
1042 4 пікір 29 Ақпан, 2024 сағат 14:59

Көлік жүргізушілерге салынатын айыппұл көлемі артады

Мәжіліс депутаттары белгіленген мөлшерден жылдамдық асырғанға 147 мың теңге айыппұл салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Abai.kz.

Жаңа норма әлі мәжілістің қарауында.

Адам өлімімен аяқталатын апаттардың алдын алу үшін, бір жыл ішінде жүргізуші ережені екі рет бұзса, әкімшілік жазаның мөлшері де өсетіндігі көзделген.

Қазір қолданыстағы заң бойынша белгіленген шамадан жылдамдығын 40 шақырым асырғандарға 74 мың теңгелік айыппұл бар.  Енді жылдамдығын сағатына 60 шақырымға дейін арттырғандарға 147 680 теңге айыппұл салу қарастырылып отыр.

"Егер соны қайталаған жағдайда 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын деген ұсыныс енгізілді. Жол ережесін бұзушылықтың жалпы саны 9 миллион болса, соның жартысы: 4 жарым миллионы осы жылдамдық асырғаны үшін жауапкершілікке тартылғандар", – деді ішкі істер министрлігі ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Abai.kz

4 пікір